Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



бет27/35
Дата01.10.2024
өлшемі0,49 Mb.
#205487
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
Педагогиканың жалпы негіздері Лекциялар

3.2 Педагогикалық технология



Педагогикалық технология


ұғымы

Технолоияның әдістемеден артықшылығы

Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары

Педагогикалық технологиялардың мақсаты

Мақсат – негізгі нәтижені дәл анықтау

Мақсатты диагностикаға сүйеніп анықтау

Табиғи шикізаттарды өңдеу

Өндірістік

Технология

Оқушыда қалыптасу керек қасиет, сапаларды анық суреттеу

Диагностика көмегімен оқушының деңгейін анықтап сырласу

Нәтижені обьективтік әдістермен тексеру

Таным іс-әрекетін ұйымдастыру

Оқушылардың оқу іс-әрекеті жобасының жасалуы

Өнім береді

Нақты, жүйелі операциялары бар

Білім сапасын тексеру

Білім сапасын бақылау

Жүйесі қатаң

Әлеуметтік

Жүйесі өте қатаң

Оқыту технологиясы

Кері байланыстың аса зор рөлі

Оқыту процесіндегі техология


Тақырыптың жоспары:

  1. технология туралы ұғым, артықшылықтары;

  2. Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары;

  3. Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары;

  4. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс.

1. Технология - өнім алу үшін керекті материалдарды өңдеу әдістері мен өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.
Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі – түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер “технология” деген атауға ие болады.
Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі обьективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемедеде сабақ жоспарлары – мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
2. Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары. Технологиялар өндірістік және әлеуметтік деп екіге бөлінеді. Өндірістікке табиғи шикізаттарды (мұнай, ағаш, т.б.) өңдеу технологиясы немесе одан алынған өнімдер жатады.
Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс істеліп, оның басты бір немесе бірнеше қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік технологияға оқушыларды оқыту технологиясын жатқызуға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы бар. Басты айырмашылығы - өндірістік технологияның нақты жүйелі операциялардан тұруында. Бір жерде өзгеріс болса, іс-қимылдардың орындары алмастырылып, нәтиже төмендейді.
Әлеуметтік технологияда түрлі шараларды іріктеу жақсы нәтиженің кепілі емес, себебі адамға одан басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік технологияға нақты іріктелген процестердің жүйесі деп анықтама беуге болмайды. Әлеуметтік технологияда кері байланыс орасан зор рөл атқарады. Мұғалім оқушылардың дайындық деңгейлерін қайта – қайта тексеріп, оқу материалын меңгермейтіндермен қосымша жұмыс істеп, стандартты меңгертеді. Сонымен біз жаңа материалды түсіндіру мен бекітудің қайталанатындығын байқаймыз. Бірақ оқушылардың бәрі емес, тек оқу материалын шала түсінгендер ғана қайталайды.
Оқушылар дұрыс түсінбеген тақырыптар да қайталанады.
Сонымен әлеуметтік технология әдістеменің кемшіліктерін түзете алады. Әлеуметтік технологияны ұйымдастыру және жүзеге асыру өндірістік технологияға қарағанда қиындау. Бірақ екі технология негізінен бір – біріне жақын. Екеуі де технологияны ұйымдастырушыға белгілі өнім береді. Сондықтан “әлеуметтк технология” ұғымын “өндірістік технология” ұғымымен қатар қолдануға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оның жүйесінің онша қатаң еместігі, кері байланыстың (нашар жерді анықтау және сол жерде қосымша жұмыстар істеу) болуында.
Қазргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат – адамды жан – жақты және үйлесімді дамыту. Бірақ мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процесті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.
3. Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп “Мақсатқа жеттік пе?”- деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада “диагностика арқылы анықталған мақсат” дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.
Технологияның кезеңдері:

  • Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;

  • Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;

  • Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою.

Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгеймен салыстырылады, жаңа мақсат қойылады.
Сонымен, мақсат анық болмаса оқу процесіеің жетілдірілуіне кедергі жасалады.
Педагогикада “технология” ұғымын қолданатын салалар.
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.

  • Қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.

  • Нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)

  • Қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс – тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.

Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Екінші анықтамада “технология” ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымына жақын. Технология дегеніміз - өндірістік процестіжәне оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? “білім – оқыту мен тәрбие” – деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін емес. Оқыту мақсаты – оқушының болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдерін үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады? Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның технологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.
Оқыту технологиясының ерекшеліктері:

  • Түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.

  • Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.

  • Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.

  • Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.


  1. Оқыту процесіндегі технологиялық прогресс.




  1. Диагностикалық құрылдар арқылы оқушылардың білім, біліктілік дағдыларын анықтап, содан кейін оларды білімдеріне қарайсаралап оқытамыз.

  2. Оқу материалын меңгерту және бнкіту үшін танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

Бұл бөлік педагогикада жақсы зерттелген, оған бұрын жасалған алуан түрлі оқыту әдістемелері кіреді. Бүгінгі таңда астауыш мектептерде дәстүрлі Л.В.Занков және Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов әдістемелері қолданылады.

  1. материалды меңгерудің сапасын бақылау.

Егер әдістемелерде оқушылардың білімді меңгеріп және бекіту үшін оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға баса назар аударылса, технологиядатанымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және оның нәтижесін тексеру қатар жүреді. Бұлар өзарабайланысты. Олардың біреуіне жете көңіл бөлмеу, педагогикалық жүйені бұзады. Осы көзқарасқа сүйеніп оқыту процесін сызба түрінде былай бейнелейміз:
Түзету

Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру блогі

Сапаны тексеру блогі

Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру

Тексеру, тексеру мақсатымен бақылау


Әдістеме бойынша оқыту процесі Технологиялық принципі бойынша құралған
Білім сапасын тексеруді жеке алып қарау оны жан – жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушылар материалды қаншалықты деңгейде меңгергені анықталып, атқаратын жұмыстар белгіленеді. Мұғалім оқу материалын бекіте алады, бірақ оны меңгермеген жеке оқушылармен оқу жұмыстары ұйымдастырылады. Ол үшін диагностикалық құралдар (тест, бақылау жұмыстары, сұхбат, әңгімелесу) қолданылады.

  1. Топпен немесе жеке оқушылармен қосымша жұмыс істеудің тәсілдері мен әдістерін таңдау. Мұндай әдістер жеке пән әдістемелерінде жазылған.

  2. Оқушылардың үлгермеу себептерін анықтау. Технологияның бұл бөлігі әлі толық зерттелмеген. Шет тілі, әдебиет, физика, химия пәндері бойыншажекелеген сыныптар үшін тестілер жасалған. Тапсырмалар арқылы оқушылардың біліміндегі кемшіліктер анықталады, оны жойғанда ғана келесі бөлікке өтуге болады.

  3. Сыныптың барлық оқушыларының білімі мен тәрбиесіндегі кемшіліктерді жоятын әдістемелерді таңдау.

Бұл бөлікте барлық сынып оқушыларының меңгермеген тақырыптарын түсіндіру үшін мұғалім сабақ жоспарларының алуан түрлі варианттарын қолданады. Мұғалім бұрынғы сыныптарда оқылған, бірақ қазір ұмытылған материалдарды жаңа тақырыптармен байланыстырады.
Сонымен технология әдістемеден өзге, себебі ол оқушылардың материалды меңгеру іс-әрекетін басқарады, олардың үлгермеу ебептерін анықтауға ерекше назар аударады. Технологияға білімді сапалы түрде меңгеру процесін басқару және білім сапасын тексеру блоктары, кері байланыс жүйесі енеді. Кері байланысты мұқият түрде жан – жақты жасау керек. Ең бастысы, оқу материалын оқушының меңгеруі. Педагогика ғылымында білім сапасы бірінші орынға шығады. Оны көтеру педагогика мен психология ғылымдары алдында тұрған маңызды міндет.
Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез келген оқу тапсырмаларын бұрыңғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс-әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс-әрекетін продуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа өнімдер жасауын продуктивтік іс-әрекет дейді.
іс-әрекетке үйрену репродуктивтік іс-әрекеттен басталады. Бала ереже, алгоритмдерді қолданып жаттығулар жазады, есептер шығарады, мәтіннен түсінгенін айтады, бір сөзбен айтқанда, дайын білімдерге ештеңе қоспайды.
Өз бетімен ізденіп, біліміне білім қосса, оқушының репродуктивтік іс-әрекетті продуктивтік (өнімді) іс-әрекетке айналады. Оқушылар білетіндерінбір – бірімен салыстырыпөздері үшін жаңалық ашады. Осы аталған екі іс-әрекет түрлері оқушының материалды түсінуіне мүмкіндік жасайды. Түсініктің 4 деңгейін В.П.Беспаько зерттеген. Енді оларға тоқталайық.

I-деңгей (оқушылық) – репродуктивтік іс-әрекеттің ең қарапайым деңгейі. Оқушы бұрынғы білімдеріне сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындайды, бұрынғы тақырыптың мазмұнын өзгертпей пысықтайды. Оқушы үлгі бойынша есептер шығарып , жаттығулар жасайды.


II-деңгей (алгоритмдік) - репродуктивтік іс-әрекеттің күрделі түрі. Оқушылар алгоритм бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, мұғалім құбылыстарды оқушылардың қалай түсінгенін мынадай жоспармен анықтайды:


• Құбылыстың сыртқы белгілері.
• Ол өткен кездегі жағдай.
• Құбылыс мәні, оның өту механизмі (құбылысты ғылыми теорияларға сүйеніп талдау).
• Осы құбылыстың басқа құбылыспен байланысы.
• Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама беру.
• Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын алу тәсілдері.

Тәжірибені жасау жоспарлары:


• Тәжірибенің мақсатын тұжырымдау.
• Тәжірибені жасар алдында гипотезалар ұсыну. Тәжірибені өткізуге керекті жағдайларды анықтау.
• тәжірибе үшін жабдықтарды және материалдарды анықтау және іріктеу.
• Тәжірибені жоспарлау.
• Тәжірибе нәтижелерін шығаратын тәсілдерді анықтау.
• Тәжірибені өткізу, бақылау, нәтижелерін анықтау.
• Нәәтижелерді математикалық тәсілмен өңдеу.
• Алынған нәтижелерді талдау.
• Тәжірибеден қорытынды жасау.

III-деңгей (эвристикалық)


Эвристика – грек сөзі – іздеп табамын, ашамын деген мағынаны білдіреді.
Эвристикалық оқыту мақсаты – оқушыға барлық оқу пәндері бойынша білімдік өнімдер жасату, мәселелерді өз бетімен шешуге үйрету.

IV-деңгей (шығармашылық)


Шығармашылық жұмыстардың түрлері. Оқу пәндерінде қорғалатын білімдік өнімдердің үш түрі бар.
Дәстүрлі оқу курстары бойынша жасалатын пәндік өнімдер: шығарма, ертегі, құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым, ереже немесе заңдылық, бұйымдар, белгі, таңба, ойын, викторина, қойылым, сценарий, газеттің мазмұны.
Пәнаралық және пәннен тыс өнімдер – бір пән шеңберінен шығатын іргелі білімдік объектілерді зерттеу нәтижелері.
Методологиялық өнімдер (талдау тәсілдері, құрастырылған сұрақтар, тұжырымдалған жорамалдар; жауаптарды іздеу технологиясы, өздік жұмысының жоспары, жұмыстың мақсатын анықтау, жеке білімдік бағдарламалар, оқу іс-әрекетін талдау, өзіне-өзі баға беру, пікірлер, сын-пікірлер жазу).
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының нысандары:
• зерттеушілік (эксперимент, тәжірибе өткізу, ғылыми мәселені өзінің шешуі, теореманы дәлелдеу);
• шығарма (тақпақ, ертегі, есептер, очерктер, трактаттар).
• көркемөнер шығармалары (бейнелеу өнері, сызба, кескіндеме, ән, саз, би, кесте тігу, суретке түсіру, компазиция, көрме);
• техникалық шығарма (бұйым, үлгі, макет, сызба, фигура, компьютерлік бағдарлама).
• көрермендерге арналған шығармалар (концерт, қойылым, жарыс, шағын көрініс);
• педагогикалық шығармалар (мұғалімнің орнына сабақ беру, сөзжұмбақ жасау, ойын, викторина).
• методологиялық шығарма (тақырыптың жоспарын жасау, оқушылырға арналған тесті сұрақтарын құрастыру, өзін-өзі талдап жазған күнделік жүргізу.
Шығармашылық жұмыстарды бағалағанда оның жаңалығына, қисындылығына, безендірілууіне, оқушының сұрақтарғадәйекті жауап беруіне, көрермендерді және әділ қазылар алқасын қызықтыра білуіне назар аударылады.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын бағалау үлгісі:



Сынып

Оқушының аты-жөні



Шығармашылық жұмыстың тақырыбы

Жетекшісі

Бағалау деңгейі

Жинаған ұпайының саны



Орны



Шығармашылық деңгейі

Біліктілік

Еңбеккерлік

Тәжірибе пайдасы

Қорғай білуі








































Жоғары деңгей 8-10 ұпай алғандар. 1-орын алған балалардың да шығармашылық деңгейі жоғары деп бағлауға болады, 4-7 ұпай алғандардың шығармашылық деңгейі орташа. 1-3 ұпай ұпай алғандардың шығармашылық деңгейлері төмен. Себебі оның жұмысы үлгі бойынша орындалып, аздап жетілдірілген. Жаңалығы аз. Осындай бағалар шығармашылық апталық кезінде беріледі. Шығармашылық жұмыстар бойынша шығармашылық апталық өткізуге болады. Озып шыққандар моральдық және материалдқ жағынан ынталандырылады.
Жоғары сыныптарда ғылыми апталықтар өтеді.
Түсінік деңгейін (сапасын) тексеру үшін ауызша сұрау әдісі, жазбаша тексеру жұмыстары жүргізіліп баға қойылады.
Бағдарламалық материалдың 70%-ын меңгерген оқушы (түсініп, есте сақтаған), 30% қатесін өз бетімен түзете алады. 70%-дан төменгі білім сапасы оқушы білімінің берік еместігін көрсетеді. Сондықтан оқу материалын нашар меңгерген оқушымен жұмыс жүргізу керек.
Оқыту технологиясы:
• Оқушының білімділік, білік, дағдыларын диагностикалық құралдар арқылы анықтау.
• Оқыту процесінің тиімділігін (пайдалылығын) объективтік Әдістер арқылы тексеру.
• Оқу материалының 70%-ын оқушыға меңгерту.

Оқыту қандай болу керек. Негізгі талап – оқыту процесі арқылы оқушыға білімді меңгерту.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет