Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



бет1/35
Дата01.10.2024
өлшемі0,49 Mb.
#205487
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Педагогиканың жалпы негіздері Лекциялар


1-бөлім

Педагогиканың жалпы негіздері


1.1Мектеп мұғалімі

Жоспар:

1.Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері.
2.Мұғалімнің профессиограммасы. Мамандық қасиеттері: балаларға деген сүйіспеншілігі, қабілеті (ұйымдастырушылық, коммуникативтік, перцептивтік, экспрессивтік).
3.Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен шеберлігі.
4.12-жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзіреттілігін анықтаудың диагностикасы.

1.Баланың тұңғыш ұстазы – оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Оқушының сабақ алған мұғалімдері мен дәріс тыңдаған оқытушылары да ұстазға саналады. Бірақ бұл жерде ұстаз сөзі мұғалім, оқытушы, ғылыми жетекші деген сөздерге әсте толық мағыналас болып шыға бермейді. Әдетте, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім-білік дағдыларын дарытып, зердесіне гылыми негіздерін тоқыта алған, бүлдіршінді майталман бағбандай мәпелеп баулып, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған сөйлеген сөзі, істеген іс, парасат-пайымы, инабаты, білімнің тереңдігі мен жан-жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады. Екінші сөзбен айтқанда, ұстаз – адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім-тәрбие нәрін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне себепші болып, олардың тағдырында шапағатты із қалдыратын өмір тәжірбиесі мол дана адам болып табылады.


Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп әсіресе педагогтың ізденімпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы – ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мұғалім мектептегі басты тұлға дегенде, оның деке басындағы баланы оқытып білімдар етерлік түрлі қасиеттерді айтады. Солардың бірі – оның балаға деген сүйіспеншілігі.
Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты. Ол балаға деген тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жағынан талап етушілікпен ұштастыра білгені жөн. Мұғалім болу үшін балаға деген сүйіспеншілік жеткіліксіз, мұғалімдік мамандықты игеру ісі жеке адамның ынтасына, бейімділігіне және қабілетіне байланысты. Ол әрине жеке адамның ерекшіліктері мен оның дербес іс-әрекетіне де байланысты.
Балаға деген сүйіспеншілікті бір жақты түсінуге болмайды. Ы.Алтынсарин «Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс» - деп жазды. Біздің пікірімізше, балаға сүйіспеншілік – ең алдымен өз мамандығын жақсы көріп, өз пәнінен көбірек мәлімет беруге ұмтылуы. Ғылым негіздерін баланың зердесіне көбірек сіңіріп, оның ғылым мен білімді игеруге ішкі қажеттігін туғызып, балаға әсер ету қабілеті. Бұл жеке адамның дара ерекшіліктерінің бірі – бейімділікке байланысты. Адамға белгілі бір бейімділік оның қабілеттілігіне байланысты. Жеке адамның белгілі іс-әрекетінің нәтижесін танытатын психикалық қабілетт де атайды. Қабілеттің дамуы нышанға, іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекеттің нәтижелі болуы, өзара байланысты бірнеше қабілетке байланысты.
2.Психология-педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.Сластенин, А.Н.Щербаков, т.б. педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.

  • Дидактикалық қабілет - мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу- қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.

  • Академиялық қабілет - мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих, т.б.) сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.

  • Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу.

  • Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.

  • Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастыра білуі, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұштастыру, оқушыларға бағыт беріп рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жқмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыруы, мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыру білуі.

  • Коммуникативті қабілет – оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.

  • Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұның анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершіліукпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.

  • Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындаларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатыстырып, баланы жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс. Мұғалімдердің кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымы (профессиограммасы) - жеке басының сапалық негізгі қасиеттері: мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын, насихаттаушы; өз кәсібіне жан-тәнімен берілгендік; мемлекет ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтік бағыттар. Сапалық белгілері: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап қою, ұстмдылық,әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік. Мұғалім қызметінің түрлері. Оған ұстаздық, тәрбиешілік, қоғамдық саяси, қоғамдық-педагогикалық жұмыстары енеді.

  • Мұғалімнің мамандық деңгейін көтеруге қойылатын талаптар : кәсіптік білім, біліктілік, дағды, ізденіс, іске шығармашылық мән беру, жаңашылдық, ізгілік арқылы білім берудің сапасын жетілдіру.

  • Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеруге байланысты жүргізілетін жұмыстар: тәжірибе алмасу, озат, жаңашыл мұғалімдердің әс-тәжірибесін зерттеу, оны тарату, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарының нәтижесін,, тиімділігін анықтау, білімін үздіксіз жетілдіріп отыру, аттестациялау, категорияға бөлу, педагогтік оқуға, басылымдарға қатысу жұмыстары.

  • Мұғалімдік мамандықтың өзге мамандықтардан ерекшілік белгілері жоғарыда аталған төрт белгінің мазмұнын біріктіреді.

  • Оқу орындарында мұғалімдік мамандыққа дайындау жолдары. Бұл іс, біріншіден, мектеп қабырғасында оқушыларға мұғалімдік мамандық бойынша бағдар беру; екіншіден, педагоготік оқу орындарында оқып жүрген кездінде мұғалімдік мамандыққа үйрету; үшіншіден, мұғалңмдік мамандықты меңгеру және өз бетінше мамандық шеберлігін көтеріп отыру жұмыстары арқылы шешіледі.

  • Студенттердің, мұғалімдердің өз бетінше білімін жетілдірудің мазмұны: болашақ мұғалімдердің ғылыми деңгейін көтеру, арнайы әдістемелік білімін жетілдіру, мұғалімнің шеберлік таныту үшін өз бетімен алатын білімі, ізденісі. Мұғалімдік мамандықтың шебері болудың негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогтік техника жатады.

3.Ұстаздық әдеп – мұғалімнің аса бағалы педагогтық қасиеті, адамдар ара қатынасының түрлі мағынасында қолданылады. Әдеп – адамдардаң өзара жақсы қарым-қатынас жасауына жағдай. Әдепті адамдар басқаларға барынша жақсылық жасап, қуаныш әкелуді тілеп тұрады. Әдепті ұстаз басқа адмдармен, не оқушылармен қарым-қатынас жасағанда ақылға салып ойланып сөйлесіп, сергек болады.
Педагогикалық әдеп – кәсібіміздің ең маңызда элементі. Педагогикалық әдеп – педагогтық әдепсіздік бар. Бір мұғалімнің әдепсіздігі, басқа мұғалімнің тәрбие әсәне кесірін тигізуі мүмкін. Ұстаз педагогтық кәсіпті таңдаған соң педагогтық әдепті, білім мен іскерлікті саналы түрде игеріп, оқушыларды оқытуда, тәрбие беруде, адамгершілік этикасын жоғары ұстаған жөн: «Адамға барынша талаптар қою керек, бірақ сонымен бірге оны барынша құрметтеу керек» (А.С.Макаренко).
Мұғалімнің әдептілігі де оқушылармен қарым-қатынасында жетекші орын алады. Әдептілік мұғалімнің шыншылдық, қарапайымдылық, сабырлылық көрсетуі, өзін-өзі басқарып, ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы және әртүрлі жағдайларда оқушылармен, өзге адамдармен қарым-қатынас жасай алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі. Әдепті мұғалім әр уақытта оқушылардың құрметті адамы. Олардың айтқанын оқушылар мүлтіксіз орындайды және өнеге тұтады. Тіпті, әдепті мұғалім оқушының мұраты да болуы мүмкін.
Қазіргі кезде оқушыларды құрметтеу зор маңыз алып отыр. Оларға асқан адамгершілікпен қарап, берген тапсырманы мүлтіксіз орындайтын дәрежеге жеткізуге тиістіміз. Сөйтіп, ұстаз ең алдымен оқушылардың айнымас жан досы, олардың ең жақын көретін адамы, жамандықтан арашалайтын панасы. Бір сөзбен айтқанда педагоготық әдеп, оқушылардың жүрегіне жол табу, оқуда да, тәрбиеле де өте-мөте қажет. Моральдық сенімді, ынта мен ықыласты, талғамды баланың бойына күштеп қалыптастыру киын. Амал біреу: оқушы мұғалімін шексіз сүю керек.
Белгілі педагог Ш.А. Амонашвили мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасын зерттей келіп, оны мағыналы етудің басты шарттарын атап берген:
1.Оқытуды және мектептегі басқа жұмыстарды оқушылардың қызығушылығы тұрғысынан басқару. Көп жағдайда мектепте баланы оқытуда қажетті барлық заттар олардың қызығуы мен қажетінен тыс жасалады. Психологиялық-дидактикалық талап бойынша оқушы ұсынылатын оқу мазмұнына, құралдарына мән беріп, оны тануға әрекет жамауы керек. Мұндай жағдай оқушыны өз міндетін үгіттемей-ақ түсінуге, мектепте тәртіпті сақтау үшін арнайы тәрбие жұмыстарын жүргізуді және мұғалімнің бұйрық беріп, балаға өктемдік жасауын болдырмайды. Осыған байланысты мектептегі барлық оқу-тәрбие жұмыстарын оқушыны құрметтеу, пікірімен санасу, оған сенім арту негізінде басқарған пайдалы.
2.Әрбір оқушының мүмкіндіктері мен болашағына үнемі сеніп отыру. Мұғалім әр уақытта баланың мүмкіндіктеріне сенеді, оның дамуындағы кейбір ауықуларды оқу-тәрбие жұмысында жіберілген қателік деп түсінеді. Бұл тұста ескеретін бір жағдай, оқушы өмірінде болатын сәтсіздікті қабілетсіздіктің нәтижесі деп қарау орынсыз. Мұғалім барлық оқушыны оқу қиындығын жеңеді деп қарайды және лоардың қарапайым тапқырлығына сұйеніп, болашақта жақсы оқитынына өздерін сендіріп отырады.
3.Оқушылармен оқыту процесінде ынтымақтасу. Баланы оқуға машықтандыру мұғалімнің олармен ынтымық жасауына байланысты. Ынтымақ деп отырғанымыз – мұғалім мен оқушының оқу материалын меңгеруге әрекеттерін бағыттауы, яғни, отрақ «тіл» табысу. Мұнда оқушы мұғалімнің әсер ету объектісі ретінде сезінбейді, қайта өз бетінше еркін әрекет жасайды, ізденеді. Мүны іске асыру үшін мұғалім оқушының оқу материалын шешу «қиын» екендігіне түрлі тәсілдерді пайдаланып көзін жеткізеді, басқаша айтқанда оқушыны ынтымықтасуға бейімдейді.
4.Оқушыларға әдепті болу, олардың ар-намысын құрметтеп отыру. Мұғалімнің оқушыларға әдепті болуының екі жақты ықпалы бар. Біріншіден, өзара сыйласудың жалпы мәнін және оқутаным әрекетінің зорлықсыз екенін көрсетеді. Екіншіден, оқушыларға сыпайылықты және қоғамға қажетті тәртіпті қалыптастырады. Баланы балағаттау, оларға тәкаппарлық, менмендәк көрсету, зорлық жасау, әдептіліктің, болмаса ақыл-ойын дамытудың жолы емес, ал оларды жауапкершілікке, тәртіптілікке, өзгені сыйлауға үйрету, тек баланы құрметтеу арқылы іске асады. Мұғалімнің кәсіптік днңгейі шығармашылық іс-әрекетіне, ізденісіне де байланысты. Бұған сай жаңашылдық танытады, яғни оқу-тәрбие ісінде тиімді педагогикалық нәтижеге жетеді. Бұл қол жетпейтін деңгей емес, қажымай-талмай ізденіс жасаған мұғалімдердің мәресі.
Ұстаздық талант. «Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын-жазушыларда, әртістерде, өнертапқыш адамдарда кездеседі. Ал, «Мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» - деген сұрақ тұрады. Ұстаздың бәрі бірдей талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете біліп,педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогтық кәсіпті жақсы меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онгда талантты ұстаз бола алады.
Ұстаздық шеберлік ұстаздық таланпен тығыз байланысты.
К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогтық әдептің қыр-сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін» айтады.
Педагогтық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушыларға жеткізу білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын оқушыға толық жеткізетін, оқушылардың боыйна әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгендерін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогтық әдеп пен талантын ұштсатырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс-тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы оөушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. Егер ол сыныпқа күлімдеп кірмей, қабағын түйіп келсе, қол сілтеп, бей-берекет сөйлеп, өз-өзінен абыржып тұрса, жоқтан өзгеге ашуланып қалса, онда ол ұстаздың сабағын да оқушылар тындамайды, оқушылар алдында сенімнен де, абыройдан да айырылады. Сондықтан, педагогикалық техникада әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық қажет.
Әрине, өмірде бәрі де – ілгері басушылық, кері кетушілік, жабырқаушылық, бақытсыздық, т.б. болып жатады. Осындай сәтсізддігі басқа түскенде педагогтық көңіл-күйі әрине өзгереді.
«Ұстаз көңілсіздігі мектеп табалдырығынан аттар жерде қалуы тиіс», – деген мқалға айналған сөздер ұстаздардың көңіл-күйінде әрқашан шаттық үстем болуын қалайды. Мұғалім кей жағдайда әртіске ұқсас. Ал нағыз әртіс өзінің көңіл-күйін жасыра алады. Тәжірибелі педагог осылай болуға тиіс. Балалармен жұмыс істеудің ерекшелігі де осында. Балалар жайдары жүзді, шат көңілді, қуанышты болуды қалайды. Сөйтіп, балаларға білім беріп қоймай, жан-тәнімен, күш-жігерімен, мол сүйіспеншілігімен, өмірге құштарлығын сарқа білген, шығармашылықпен жұмыс істейтін тәжірибелі мұғалімдердің көп болуын өмір талап етіп отыр. Қазырғы кезде ұстаз шеберлігі осы күнгі мұғалім қауымына танылып жүрген жаңашыл ұстаздардың шығармашылық қызметінен көрінеді.
Қазақстанда да жаңашыл мұғалімдер күннен күнге көбеюде. Қазіргі таңда оқытудың мазмұнын арттырудың ғылыми негіздерін тереңдету және профильді оқып-үйренудің оқу жоспарлары, эксперимент жасаудағы кең мүмкіндіктер педагогикалық ұжымдардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр. Бірнеше авторлық және атаулы мектептер құрылды.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепке білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейрімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына Жан-жүрегінмен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
4. 12-жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзіреттілігін анықтаудың диагностикасы.
Білім беру саласындағы «құзыреттілік» түсінігі 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиетінде, ал 1980 жылдардың соңындағы отандық әдебиеттерде кездесті. «Кәсіби құзіреттілік, жете білушілік» ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, «кәсіптілік», «біліктілік», «кәсіби мүмкіндіктер» және т.б. түсініктерді біріктіреді. Д.И.Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздіктің авторлары «құзіреттілік» және «құзірет» сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге тырысқан. «Құзіреттілік» – хабардар болушылық, абыройлылық; «құзірет» – жеке тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы.
Педагогика ғылымында «кәсіби құзіреттілік» түсінігі бірнеше ұғым береді:
– еңбектің нәтижесін анықтайтын білім мен дағдының жиынтығы;
– жеке қасиеттері мен қабілеттерінің комбинациясы;
– қызметке теориялық және тәжірибелік дайындығының бірлігі;
– іс-әрекеттерін мәдени түрде көрсете білу мүмкіншілігі және т.б.
Құзіреттілік бірінші орынға оқушының ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзіреттілігінің қалыптасуын отра кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды, мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Біз кәсіби құзіреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды-педагогикалық құзіреттілік ретінде қарастырамыз.
Ұстаздың коммуникативтік құзіреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білу; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады.
Біздің көзқарасымыз бойынша коммуникативтік құзіреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым-қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс-әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысу; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, «бағдар ету», сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.
Ақпараттық құзіреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.
Регулятивтік құзіреттілік оқытушының өз іс-әрекетін басқара білу мүмкіншілігін білдіреді. Оған мақсаттылық, жоспарлау, тұрақты белсенділік пен өзін көрсете білуі, рефлексия, іс-әрекетінің бағасы енеді. Іс-әрекеттің негізгі факторы – ізгілік, құндылық болып табылады.
Интелектуалды – педагогикалық құзіреттілікті талдау, синтез, салыстыру, қорытыңдылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау қабілетінің икемділігі мен сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға болады.
Операционалдық құзіреттілік – ұстаздың қажетті кәсіби іс-әрекетін іске асырудағы дағдының жиынтығымен анықталады: болжамдық, жобалық, пәндік-әдістемелік, ұйымдастырушылық, педагогикалық импровизация, сарапшылық.



ДК нақты деңгейдің қорытындысы бойынша талдау жасап, жеке ұстаздың өз білімін жетілдірудің траекториясын құрастырып және кеңес беру сұрақтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Ұстаздың құзіреттілігін дамыту жеке тұлғаның мақсатты бағытталған белсенділігінің қорытындысында бойындағы әжептәуір қасиеттерін өзгерту әрекеттерінің тиімділігі көрінеді.
Кәсіби құзіреттілікті жетілдіру формалды диагностикалық әдістеме, сұраулар, сауалнамалар, т.б. арқылы ұстаздың нақты деңгейін анықтау мен қабылдауды ойластырады.
В.М.Лизинскийдің пікірі бойынша мектеп басшылары мұғалімдермен жұмыс жасағанда екі түрлі «досье» жинақтайды. Бір басшылар мұғалімге «райионалды – немқұрайды» досье жинақтауға қабілетті, оның негізінде «мұғалімнің мәртебелік-құқықтық қозғалысының объектісі-суық констатация» жатады. Басқалары – неғұрлым ақылдылары «табыс досьесін» жинақтайды, оның ішінде мұғалім өміріндегі «барлық қуанышты, қызықты және лайықты» жайлар баяндалады.
«Диагноз» грек тілінен аударғанда «анықтау, тану» дегенді білдіреді. Соңғы уақытта талдау, өзіндік талдау, жеке тұлғаны зерттеу сөздері бір термин – диагностикамен ауыстырылады. Білім беруді гумандандыру, демократияландыру, ақпараттандыру жағдайында басшы және мұғалім, мұғалім және оқушы қарым-қатынасы өзгереді, педагогикалық диагностика олардың ынтымақтастығын неғұрлым нақты және тиімді етеді.
Педагогикалық диагностиканың міндетіне талдамалы, жеке диагностикалық, бағалық, коррекционалдық, бағыттаушылық және ақпараттық қызметтері енеді.
Талдамалы қызмет – педагогикалық жүйе ретіндегі білім беретін процестің құрылымдық ұйымдарының барлық деңгейлерінде психологиялық-педагогикалық талдау жасау. Жетіспеушілікті анықтауға бағытталған бақылаушы функциямен салыстырғанда аналитикалық функция оқу-тәрбие процесіндегі байланысты, оқытудың жағдайы мен қорытындысы арасындағы себепті-салдар байланысын анықтайды.
Жеке диагностикалық қызмет – бұл оқушының білімдарлығына, тәрбиелігіне және дамуына психологиялық-педагогикалық зерттеу жасау, сонымен қатар мұғалімнің кәсіби хабардарлығының деңгейін анықтау.
Бағалаушылық қызмет – бұл білім беру ұйымы әкімшілігінің, әрбір мұғалімнің және әрбір оқушының іс-әрекетіне сапалы және сандық баға беру.
Коррекционалдық қызмет – өзіндік дамытуға бағытталған оқу-тәрбие процесінің дидактикалық коррекциясы және мұғалімнің жеке белсенділігінің психологиялық-педагогикалық коррекциясы (Есте сақтаңыз: барлық жағымды құндылықтарды ұстаздың өзінен іздеген жөн.)
Бағытталған қызмет – бұл педагогикалық ұжымның, білім беретін ұыймның мақсаттары мен міндеттерінің ұжымдағы және жеке мұғалімдердің бойында кездесетін «кемшіліктерді» жоюға бағытталғаны.




Диагностикалау құралын іздегенде және таңдағанда, біріншіден, әрбір мұғалімнің кәсіби өзіндік бағасын ескерген жөн;
екіншіден, диагностиканың негізгі мақсаты мұғалімге тыс көзбен қарап, сарапшылық баға беру емес, оны шығармашылық ізденіске талпындыру, болашақта кәсіби мәселелерін өз бетімен шешіп, оны ақылға түюіне ұмтылдыру. Табысты еңбек етуші мұғалім әрдайым өзіндік талдауға және өзіндік диагностикаға дайын болады. Өзіндік тану, өз білімін жетілдіру және өзіндік белсенділік процесінің тек мұғалімнің өз қалауына ғана тәуелді.
Көп білуге, өзінің кәсіби күшін көрсетуге және көбейтуге талпынған мұғалім «сабақты өткізуші ғана» болмайды, ол шығармашылықпен еңбек ететін адам. Ол әрбір сабаққа нақты дайындалып, өзіне және оқушыларына психологиялық жайлылық пен табысты жағдай туғызады. Бұл жағдайда дәріс беру ақпарат берумен шектелмейді, оқушылардың танымдық іс-әрекетін күшейтуге және қолдауға жағдай жасалады.
Мұғалімнің еңбегі қиын көпөлшемді жазықтық арқылы көрсетілген, ол үш өзара байланысты жазықтықтан тұрады:
– мұғалімнің жеке тұлғасы;
– педагогикалық іс-әрекет;
– педагогикалық қарым-қатынас;
Мұғалімнің табыстылығын диагностикалау бойынша жұмыстың сапасы басшы мен оқытушының өзара қатынасына байланысты.
Құзіреттілік гуманизм, альтруизм, эмпатия, еңбексүйгіштік, ұйымдастырушылық, белсенділік, өз бетімен жұмыс жасау және т.б. қасиеттер жиынтығынан тұрады.
Егер еңбексүйгіштік қасиетті әрі қарай интерактивтік қасиет түрінде қарастырсақ, онда ынталылақ, жұмыскерлік, шапшаңдылық, біліктілік, ұқыптылық қасиеттерінің жиынтығы анықталады.
Кейбір мектеп басшылары ұжымдағы мұғалімдері туралы толық білмейді. Олар барлық мұғалімдерді жақсыға және жаманға бөледі. Бұл мұғалім еңбегінің сапасын анықтаудағы қате, бұрыскөзқарас.
Оқу орындары басшыларының көбі оқытушылардың кәсіби педагогикалық іс-әрекеті туралы соңғы нәтиже бойынша бағалайтынын мойындайды. Бірақ бұл мұғалімнің сынып журналына қойған бағасымен ғана шектеледі. Мектеп басшысының көзқарасынан мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігі тыс қалды.
Біліктіліктің сапасын дәл және дұрыс бағалауға талпынған басшылар мен оқытушылар үшін кәсіби құзіреттіліктің әдістемелер қатары берілген. Бұл жағдайда параметрлардің, критерийлердің,бағалардың көптігі кейбіреулерде түсініспеушілік тудыруы мүмкін. Бірақ бұл көрінетіндей ғана қиындық.. Біз кәсіби құзіреттіліктің ,жете білушіліктің сапасын жарты жылда 1 рет немесе оқу жылының аяғында 1 рет бағалауға шақырамыз.
Критерийлердің көптігі жұмысты жеңілдетеді, ең негізгісі- дұрыс бағалауға тірек болады. Мұғалімнің еңбегінің сапасын анықтаудың көп таралған нысаны ретінде кәсіби іс-әрекетінің негізгі көрсеткішін кешендік анықтау арқылы мұғалімнің рейтингін шығару (Қосымша 2)
Қазіргі қоғамда мұғалімнің ақпараттық және коммуникациялық технология саласындағы немесе АКТ –құзіреттілігі маңызды рөл атқарады. Сондықтан рейтинг көрсеткіштерінің бірі – мұғалімнің АКТ жағдайында жұмысқа әзірлігі.
Оқу жылының соңында әкімшіліктік жиналыста мұғалімдер жыл бойына өткізілген жұмыс туралы есеп береді. Рейтингті өткізу үшін мұғалімдердің іс-әрекеті келесі көрсеткіштер бойынша қарастырылады:
-АКТ жағдайында жұмыс жасауға әзірлігінің диагностикасы арқылы оқытушының кәсіби құзіреттілігінің , жете білушілігінің деңгейін анықтау;
- Кәсіби педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесі;
- Ғылыми –зерттеушілік және тәжірибе – сапартамалық жұмысты ұйымдастыру;
- Құжаттармен жұмыс істей білуі;
- Оқу кабинеттеріндегі жұмыс ;
- Еңбек тәртібі.
Мұғалімнің рейтингі үш бағадан шығарылады:
-өздік бағадан ;
- ӘБ жетекшілік бағасынан
- директордың немесе орынбасарларының бағалауы.
Диагностикалау іс-шараларының өткізілуі оқу-тәрбие процесінің тиімді өтуіне ықпал етеді, мұғалімнің кәсіби және жеке қасиеттеріне ғана бағытталмай, сонымен қатар мұғалім бойында өзіндік диагностика сияқты негізгі дағдыны қалыптастырады және дамытады. Бұл жағдайда мұғалім өзіндік ұйымдастырудың жаңа деңгейіне – педагогикалық жетілдіру және ізденістің үздіксіз деңгейіне шығады.
Осы көрсеткіштер әртүрлі бағаланады:
1. Оқытушылардың АКТ жағдайында жұмыс жасауға дайындығын диагностикалау :
1.1. Төмен деңгей 1-2 балл
1.2. Орта деңгей 3-5 балл
1.3. Жоғары деңгей 6-7 балл
2. Кәсіби – педагогикалық іс-әрекетінің қорытындысы :
2.1. Төмен деңгей 0 балл
2.2. Орта деңгей 1 балл
2.3. Жоғары деңгей 2 балл
Бірақ жартыжылдықтың қортындысы бойынша оқушылардың пәннен алған бағалары , пәндік олимпиадалар бойынша жүлдегелер саны оқушымен жүргізілген ғылыми- зерттеушілік жұмыс және оның қортындысы ретінде оқушының жұмысы сияқты параметрлер бөлек бағаланады.
3. Пән бойынша ғылыми- зерттеушілік және тәжірбие эксперименттік жұмыс:
3.1. Формалды түрде 0 балл.
3.2. Апробация 0,5 балл.
3.3. Іске асырылды 1 балл.
4. Құжатпен жұмыс істей білуі :
4.1. Қателіктермен 1 балл.
4.2. Жетіспеушіліктермен 0 балл.
4.3. Ескертусіз 1 балл.

5. Кабинеттегі жұмыс :


5.1. Жасалмаған 0 балл.
5.2. Жасалған 1 балл.
5.3. Жүзеге асырылған 1 балл.

6. Еңбектік тәртіп:


6.1. Себепсіз жағдай бойынша 1 балл.
6.2. Себепті жағдай бойынша 0 балл.
6.3. Ескертусіз 2 балл
Осындай жағдайда жоғары деңгейдің және төменгі деңгейдің сипатына ерекше көңіл аудару қажет , өйткені, жоғары деңгей алдыңгы қатарлы педагогикалық тәжірбиені, ал, төменгі деңгей мұғалім еңбегіндегі жетіспеушілікті, нашар жақтарын анықтауға болады.
Бұл әдістеменің құндылығы –оны аттестация аралығындағы кезеңде пайдалануға болады.Әрбір шкаладағы көрсеткіштер жиынтығына жүгіне отырып бағалауға болады. Бағалауды мектеп әкімшілігі, жұмыстас әріптестері , 9-сыныптан бастап оқушылар, ата-аналар жасай алады.Осының ішіне өзіндік баға да кіреді . Мұғалімнің деңгейі (рейтинг) келесі формула бойынша анықталады:
Балалар қосындысы;
Критерийлер саны .
Рейтинг Р бойынша мұғалімнің деңгейі анықталады: ұтымды, қолжетімділік, сыни, қолжетпеушілік.
Аталған әдістеме диагностикалау үшін қиындық туғызады, ол арқылы төмен баға бойынша мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің неғұрлымқиын жақтарын көруге болады,бірақ нақты қиындықтарда талдамалы анықтауды талап етеді.
Берілген диагностика мұғалімнің АКТ жағдайында жұмысқа әзірлігін анықтауға мүмкіндік береді. Диагностиканың негізгі компоненттері – бұл мұғалімнің ғылыми-теориялық, әдістемелік, психологиялық –педагогикалық әзірлігі. Диагностикалық параметрлер мұғалімнің білімі мен білігін, қызығушылығы мен бағыттылығын жеті баллдық шкаламен бағалайды.
Коэффициентті шығарғаннан кейін орташа коэффицент табылады.
Орташа коэффицент бойынша мұғалімнің кәсіби дайындығының деңгейі (рейтинг) анықталады.Егер Р4-5 баллдар кем болса , онда кәсіби іс-әрекетке даярлық қолжетімділік деңгейде болады. Егер Р2-3 баллдар шамасында болса, онда сыни деңгей. Егер Р2 баллдан кем болса , онда кәсіби іс-әрекетке даярлық қолжетпеушілік деңгейде болады.
Диагностикалаудың объективті ақпарларын алу үшін мұғалімді бақылаудың ұзақ мерзімді процесі және даигностикалық ақпарларды жинақтау талап етіледі.Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекетін бақылау процесінде барлақ диагностикалық параметрлер жеңіл бағаланбайды, сондықтан да диагностикалаудың бірінші кезеңінде мұғаліммен сұрақтар бойынша әңгіме жүргізген жөн, ол берілген әдістеме бойынша диангностикалық көрсеткіштердің мазмұнын айқындайды.
Жоғарыда аталған әдістеме мұғалімнің кәсіби әзірлігінің негізгі жақтарын бағалауға , мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке дайындықдеңгейін көтеру үшін іс- шаралардың нақты жүйесін ойластыра отырып, жұмысындағы жетіспеушілікті анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемені толық немесе бөлімдерімен, яғни , бөлек блоктармен пайдалануға болады. Бұл келесі даигностикалау кезінде анықталған жетіспеушіліктермен екпін жасауға жол береді. Деңгей бойынша сипаттамалық көрсеткішті пайдалана отырып, мұғалімнің санатын анықтауға болады. (Қосымша 4).
Бұл әдістеменің артықшылығы сонда, ол аттестациялық комиссия мүшелеріне даигностикалық параметрлердің жиынтығының анықталу сатысы бойынша мұғалімнің санатын таңдау мүмкіндігімен нақтыланады.
Бұл әдістемені пайдаланғанда сабаққа бірнеше рет қатысу негізінде мұғалімнің еңбегінің қортындысы мен сипатына шамамен , бағдарлық баға беруге болады. Берілген әдістемелер мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін диагностикалаудың қалыпты және жеткілікті түрі емес. Бірақ бұл әдістемелерді пайдалану мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіне объективті баға беруге , ұзтазға оның шеберлігін жетілдіру бойынша ғылымдарлық қортындылар және ұсыныстар беруге мүмкіндік жасайды.
Мұғалімнің кәсіптік хабардарлығын объективті бағалау коллективте шығармашылық ахуал орнатып, біліктілігін көтеруге жағдай жасайды. Олар кәсіптік шеберлігін үздіксіз жетілдіруге, шығармашылық мүмкіндігін арттыруға күш салып педагогикалық қызметті тиімді орындау қабілеті мен дайындығын қамтамасыз етеді.
Қосымшаларда берілген:

  • мұғалімнің әдістемелік жұмысының жеке жоспары;

  • мұғалімнің рейтинг картасы;

  • педагогтың кәсіптік қызметке әзірлік деңгейі ;

  • мұғалімдер қызметінің диагностикалық бағдарламасы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет