Өзіндік жұмыс
]Тапсырма:
Сынып жетекшісінің ата-аналарға берген сұрақтары:
1. Балаңыздың әрбір жас кеңінде оған тұрақты түрде қандай еңбек: түрін жасаттыңыз?
2. Еңбексүйгіштікі тәрбиелеу үшін қалай мадақтадыңыз?
3. Бірсарынды тұрмыстық жұмыстарға бала қызыға ма?
4. Мектеп пен отбасы оқушыларды ауыл шаруашылығы еңбегіне қызықтыоа ала ма?
Зерттеуші қандай әдісті қолданған?
1. Қиын оқушыларды тәрбиелеудегі, өзін-өзі тәрбиелеудегі, баланың дамуындағы мәселелерді шешу үшін, қабілеті мен талантын дамыту үшін эксперименттің қай түрі қолданылады?
2. Баланы 6 жастан бастап оқыту үшін кеңес ғылым академиясының Пущино қаласындағы мектебінде (1961-1972 жж) балалар он бір жыл оқыды, алты жастағы балаларды оқыту олардың денсаулығына, кейінгі сыныптардағы оқуының сапасына кері әсер етпейтінін, оқу жоспарының тиімді түрін таңдау керек боды. Осындай жұмыстар бес күндік оқуға өту үшін де жүргізіліп, оған бастауыш мектептің барлық сыныптары қатысты. Жаңа әдістің оқушылардың оқу іс-әрекетіне, денсаулығына ықпалы бақыланды.
Әңгіме қай педагогикалық зерттеу әдісі туралы болып отыр?
3. «Бастауыш сыныпта оқыту» бөлімінің 3-курс студенті курс жұмысын жазу үшін. «Көрнекі құралдар оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің тиімділігін көтереді» - деген болжам жасады. Бір сыныпта ана тілінің бір бөлімін оқыту үшін көрнекілікті оқу материалын түсіндіргенде, бекіткенде, білімді тексергенде қолданды. Ал қатарлас сыныпта көрнекілік аз қолданылды. Көрнекілікті көп қолданылған сыныпта оқушылардың танып білуге қызығушылығы көтерілді. Осы тәжірибе студент болжамының дұрыстығын дәлелдеді.
Әңгіме қай әдіс туралы болып отыр?
4. Оқытушының нұсқауымен колледж студенттерінен құрылған топ мектеп түлектерінің әлеуметтік жағдайларын бақылаған.
Студенттер бақылаудың қай түрін қолданған?
5. Курс жұмысын жазған студент жоғары сынып оқушыларына, кіші жастағы оқушылардың ойынып бақылауға қажетті нұсқаулар берді. Бастауыш сынып оқушыларының үзілісте, үйде, сбақтан кейін ойнайтын ойындарын бақылап, мәліметтер жинады.
Машықкер бақылаудың қай түрін қолданған?
6. Оқушылардың сабақтың әр кезеңіндегі зейінділігін анықтаңыз.
7. Бірінші және соңғы сабақтағы оқушылардың дәптерлеріндегі жұмысының сапасын анықтаңыз.
8. Әр жастағы оқушылардың үзіліс кезіндегі мектеп дәлізіндегі қозғалыстарын бақылап, қозғалыс типтерін белгілеңіз.
1.Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты.Анықтауыш қасиеттер-жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойыдаму мен тәрбиенің нәтижесіндежеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы-күрделі, ағзның өсуі мен жетілуін, стихиалы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.
Сондай-ақ жеке адамның даму деген ұғымды анықталық.
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады.Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді,оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды.
Жеке адамның дамуы-бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеуліболып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға,адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық прцестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.
Жеке адамның әсіресе балалық және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады.Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым – қатынасы философия, педогогика, психология, т.б қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педогогикалық, этикалық, ұлтаралық, қарым – қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И Подласыйдың, М.Ф Харламовтың «Педогогика» (М.1996 -1997), Б.С Гершунскийдің «ХХ ғасырда білім берудің философиясы»(1993) еңбектері жарық көрді.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл – парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл – ой, ерік – жігер, мінез – құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз – оның өзіне тән мінез – құлқындағы, іс - әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой – пікірінің, көзқарасының болуы олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын ой пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, ой – қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір – біріне ұқсас болғанымен, мінез – құлқы, іс - әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның ақыл – ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бірін – бірі бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерді де басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педогогикада адамның өзін - өзі тәрбиелеуі деп атайды.
Басқалардың өнегелі іс - әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға – жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік – жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыру нәтижесі.
Өмірде кейбір адамдар бір іс -әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп жүз толғанып, мың ойланып іске асырады, ал кейбіреулер бірден ойға алғанын апыр – топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік – жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің, ішкі күйініш – сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.
Алайда, әр тұлғаныңэмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімнің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп – сазарып, тас – түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін - өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон мен Аристотель адамның дамуын, алдын – ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді.
Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық прцесі. Балада анада туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп – жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Баланың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр – түрлі ерекшеліктер мен прцестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие т.б жатады.
Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата – ананың биолгиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине, бұл кездейсоқтық нәрсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін өзі ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға, қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілетіні мәлім.
Орта – адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи орта – бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы мен суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі әсер етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен айналысыды. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез – құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта жеке адамның мінез – құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс - әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардың қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардың талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды.Егер бала әлеуметтік ортаданг тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Африкада,Үндістанда,Индонезия елдерінің ормандарында түрлі себептермен аңдардың үңірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту, қабілетін дамытудың мүмкін емес екендігін ғылыми мәліметтер дәлел бола алмады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревниясында тұрғындардың хабарлауымен аңшылар қасқырдың інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын,бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады.Оларға Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көрді, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап түнде бөлме ішінде кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда,түнгі сағат бірлерде, таңғы жақын, үш мезгіл ұлитын уақыты болған.Камаланы адамға айналдыру қиын болған.
Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолмен жеуді үйренді. Адам тілін үйрету бұдан да қиын болды. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана түсіне білді. 15 келгенде ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір сүрді.
Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардың сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі байқалды. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардың өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталды.
Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және алдын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.
2. Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі- тәрбие. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдарымен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Тәрбиенің рөлі педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар болады.
Д.Локк (1632-1704) « тәрбие адамдың көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады»- деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, сондықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін онша бағаламайды.
Революционер-демократ В.Г.Белинский (1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді.
Д.Локк, т.б. көзқарастары бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келді.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғамды құруды ұсынды.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтежесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдарының ( баспа-сөз,радио, теледидар.) көмегімен оқушыларға білім береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордың ішінен тәрбие адамының дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуына қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді,жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды.
Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін прцесс.
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол –баланы қалыптастырудағы негізгі күш.Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігін, әлсіздігі баланың қалыптпсуына кері әсер етді.
3.Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні.
Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады.Ал,бұл заңдылық әр балада әр қалай болады.Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет.
Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз жылдық (10-15-ке дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін)болып үшке бөлінеді.Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы –орталық жүйке жүйесінде баиланысты болады.Балалардың дене және психикалық дамында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі-ағзаның жедел даму.Бұл құбылыстарды акселерация (латынша «жеделдеу») деп аталады.
Акселерациаға тән ерекшелік:балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі.Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді.Күні бұрын тез жетілген организм ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келуі анықталуда. Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай тез өсетін организмде жүрек тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу деңгейі артта қалады. Сондықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің борышын ар – намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне бермейді. Осы мәселені ата- аналар, мұғалімдер ескеріп отыруы қажет.
Акселерация – биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге радиотолқындардың және географиялық- климаттық жағдайлардың өзгеруі аталған құбылыстың пайда болуына әсер етті. Әрине акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қортынды шығаруға әлі ерте, өйткені бұл әлі де зерттеуді қажет етеді. Сонымен, адамның дамуы өзара байланысты бірнеше факторлардың ықпалымен жүретін күрделі педагогикалық- психологиялық процесс болып табылады.
Тәрбие теориясы
Достарыңызбен бөлісу: |