Байланысты: Педагогиканың жалпы негіздері Лекциялар
Педагогтың кәсіптік қызметке әзірлік деңгейі
Деңгейі
Сапалық деңгейі
Баға
Ұтымды
Оқытушы өзіне нақты мақсат пен міндеттер қоя алады. Өз пәнін жетік біледі.Әдістемелік дайындық сабақты түрлендіріп өткізуге көмектеседі. Өз пәні бойынша оқушыларға адамгершілік тәрбие беруге мүмкіндігін сезінеді.
Ең негізгі методологиялық, пәндік, әдістемелік, әдістемелік,психологиялық және педегогикалық дайындық түрлері бар. Қажеттік нормативтик құжаттарды біледі. Жеке компьютермен жұмыс жасай біледі. Өз пәннің дамуын электрондық әдістемелік жүйенің жабдықталуының болашағына сенеді. Жоспарлау принциптерін қадағалайды. Жұмысты жоспарлау үстінде бұрынғы тақырып нәтижесі есептеліп, бекіту жолдары белгіленіп әрі қарай дами түседі, жіберілген қателер жүйелі қарастырылады. Менгерілген білім негізінде шығармашылық жұмыс түрлері белгіленіп, оқушылардың танымдық және машықтық дағдыларын дамыту мақсатында белсенділіктерін арттырады. Оқушылардың ұйымшылдығын олардың тәжірибелік есептерге танымдық қызығушылығын олардың білімге өз бетінше талап етуді, алған білімдерін шығармашылықпен өңдеуді қалыптастырады. Оқу-тәрбие процесінде оптимистік тәсілдерді меңгереді. Көптеген мүмкіндік деңгейіне жетеді. Оқушылардың білімі дәлелді түрде бағаланады. Оқушылардың мамандық таңдауына, отбасындағы бала тәрбиесі ұйымдастырушы мекемелерге көмек береді. Педагогикалық ғылым мен тәжірибе жетістігіне жету үшін оқып үйренеді. Өз оқыту әдістерін әрқашан жетілдіруге оқушылардаың сабақтарын ұйымдастыруда жаңа форма мен әдістерді іздейді. Пәні бойынша өз білімін кеңейтеді. Колледжде алғашқылардың бірі болып жаңа технологияны қолданады. Зерттеу жұмыстарымен айналысады.
5-4
Ұтымды
Өмірлік ұстанымы, мәдени қатынасы, сырттқы келбеті келісті қалыптасқан. Қоғамдық жұмысқа ұйымшылықпен қалыптасады. Қоғамдық жұмыстың нәтижесі әлеуметтік негізде дамиды. Колледж ішілік күн тәртібін қатаң қадағалайды. Өз еңбегін орнықты ұйымдастырады. Сабақ кезінде гигиеналық және санитарлық талаптарды, техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды.
5 - 4
Қол жетімділік
Оқытушы жұмысындағы өзіне қажетті өзгерістерді нақты елестете алмайды. Кей жағдайда кері тартпа ойлары болады, бірақ бұл оған ісінің мақсаты мен міндеттерін түсінуге кескер келтірмейді. Өз пәнін, керекті құжат нормативін ұйымдастыру сабағындағы негігі нысандарды жақсы біледі. Әдістемелік әзірлігі бойынша жасы нәтижелерге жетуге мүмкіндігі бар, бірақ педегогика мен психология пәңі бойынша қосымша білімді талап етеді. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беруге болатынына сенеді. Компьютерлік сауаттылығы жоқ. Жоспарлау принциптері негізінен сақталған. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибеге жету жоспары есептелінеді, бірақ олардың дамуы мен тәжірибесінде, білімді шешуші үлкен нәтижесіне бағытталмаған. Жұмысты жоспарлау бұрынғы толық емес нәтиже негізінде жүзеге асады. Жұмыс жоспарында мақсаттылық пен өзіне талап қою жағы жеткіліксіз. Оқушыларға терең білім беріп, білік дағдыларын қалыптастыруда мемлекеттік оқу бағдарламаларын орындайды. Өз пәнінің адамгершілік тәрбие беру мүмкіндігін толық пайдалана алмайды. Оқушылардың білімі дұрыс бағаланады. Оқыту әдістемесін толы жетілдіруге тырысады. Сабақта қажетті жаңа форма мен әдісті іздейді. Пәні бойынша өз білімін жетілдіреді. Жаңа технологияны қолдануға ұмтыфлмайды, бірақ ұжым арасында керісінше нәтиже береді.