Тарих пәнін оқытуда қолданылатын әдістердің ерекшеліктері



бет1/2
Дата15.07.2024
өлшемі28,93 Kb.
#203577
  1   2
Байланысты:
annotation67560




ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Ибрагимова М.Н., Тойшубекова Ж.К., Нусупбаева С.А.


Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін ата тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды ыждағаттылықпен қайта зерттеуге кірістік. Азаттықпен келген шығармашылық бостандық тарих ғылымында да түбейгелі өзгерістерге жол ашты. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуға ерекше мән беріле бастады. Өйткені, тарих – ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс.
Тарих дегеніміз – халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және оның бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз. Және де соны білімалушыларға жеткізе білуіміз қажет.
Өткеніміз бен бүгініміздің, тапқанымыз бен жоғалтқанымыздың тағылымын түйіндеуге Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі мән беріп, 1999 жылы «Тарих толқынында» деген еңбегін жариялады. «Қазақстанның сана-сезімі, - деп тұжырымдайды Президентіміз Н.Назарбаев, - өткендегі, қазіргі және болашақтағы тарихтың толқынында өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр... Бірақ бұл мүмкіндік қана: ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет».
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп атап көрсетілген.
Қазақстанның жедел экономикалық, саяси және әлеуметтік жаңғыру жағдайындағы дамуы кезеңінде, еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі қоғам алдындағы ең маңызды міндет болып тұрған шақта Қазақстан тарихын оқып-үйренудің маңыздылығы арта түсті.
Қазақстанның тарих ғылымы алдында халықтың өзін-өзі рухани жаңғырту мәселесіне атсалысу жауапкершілігі тұр. Атап айтқанда, ғылыми негізделген тарихи білім өткенді сараптау арқылы ұлттық сана-сезімнің оянуын, халықтың тарихи жетістіктерін, әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын айқындауға көмектеседі.
Бүгінгі күні ұлттық тарихты оқып-үйрену жалпыхалықтық бірлікті қалыптастырудың, халықтың тарихи жадын қалпына келтіріп, тереңдетудің, ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың, азаматтық пен патриотизмде тәрбиелеудің басты факторларының бірі болып табылады.
Әбу-Насыр әл-Фараби: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын», - десе, XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ғылымы мен білімінің хан тәңірісі А.Байтұрсынов былай деп жалғастырады: «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих».
Ендігі кезекте «білімалушыға тарихты қалай түсіндіру керек?» деген мәселеге тоқталып өтейік. Жаңа технологиялар заманында мүмкіндігінше компьютерлік техниканы қолдана отырып, түрлі тәсілдер қолдануға болады. Оны қәзір әр бір оқытушы өз пәндерінде барынша қолданғанына қарамастан, әлі де ізденісті талап етіп отыр. Бір сарынды сабақ өту білімалушыны жалықтырып жіберетіндіктен әр сабақты түрлендіріп өткізу қажет.
Тарихты оқытудың түрлі әдістеріне тоқталатын болсақ, ол оқытудың әдістерін таңдау көптеген факторлармен, білім берудің маңызды мақсаттарымен, сабақтың мақсатымен оқушылардың мүмкіндігімен, пайдаланатын жүйенің ерекшеліктерімен анықталады. Оқыту әдістері оқыту үдерісінде маңызды қызметтер атқарады. Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын оқушы қалыптастыру, өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістерін меңгеруі керек. Оқушы өз қабілетіне сай білімін дамытып отырады.
Кез-келген технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Біз тарих сабағында танымдық сайыс сабақтарын өткізудің түрлі жолдарын ұсынамыз. Сайыс сабақтары кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Сайыс сабақтарын қолдана отырып оқытушы білімалушының сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Танымдық сайыс сабақтарын қайталау, пысықтау, қорытындылау сабақтарында пайдалануға болады. Жарыс түрлері білімалушының ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Сонымен қатар білімалушының шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Танымдық сайыс сабақтары оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Қоғамның объективті тарих біліміне ынта-ықыласы мен қажеттігін, Қазақстан тарихы үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күндерге дейінгі сабақтастығын жаңа айқындамалар түрғысынан ашып көрсету – бүгінгі жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеудегі алдымызда тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан да тарихты оқытудың түрлі әдістерін қолдану арқылы сабағымызды қызықты, әрі түсінікті өткізуге барынша күш жұмсауымыз қажет.
Ең басты сұрақ «Қалай оқыту керек?». Белгілі ресейлік әдіскер С.Г.Симгалевич былай дейді: «Өмірде нашар оқытушыларды көптеп кездестіруге болады; ол оның өз пәнін дұрыс білмейтіндігімен түсіндірілмейді, ең негізгісі олар өз білімін жеткілікті түрде бере алмайды, өйткені олар пәннің әдістемесімен толыққанды таныс емес».
Пәннің әдісі мынандай сұрақтарға жауап бере алады: «Не үшін оқыту қажет?», «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?». Тарихты оқытудың негізгі факторлары осы сұрақтардың жауаптарымен тығыз байланысты. Оқытудың нәтижелері мақсатты айқындап, оның орындалуымен, білімалушыны жан-жақты қалыптастыра білумен ұштасып жатады. Сапалы оқытуға мыналар әсер етеді:

  1. V-ХІ сынып аралығында алған толық тарихи білімі;

  2. ғылыми дүниетанымның қалыптасуы;

  3. тарихты оқыту үрдісіндегі білімалушының тәрбиелілігі;

  4. білімалушының танымдық мүмкіндіктерінің дамуы.

Сонымен оқытудың нәтижелері қойылған мақсаттың орындалғанын немесе оның тек ой жүзінде ғана қалғандығын көрсетеді. Тарихты оқытудың бүгінгі таңда түрлі әдістері қолданылып жүр. Тест түрінде білімін тексеру, баяндау, сұрақ-жауап, т.б. Әсіресе елімізде біріңғай ұлттық тестілеу қолданғаннан бері білімалушыларымыз да, оқытушыларымыз да тест жаттауға аса назар аударып кетті. Бұл білімалушының ойын еркін айтуына, сөйлеу қабілетіне кері әсер етіп келе жатқанқандығын байқауымыз қажет. Сондықтан оқушының тарихи оқиғаларды оңай есте сақтауы үшін және тез жалықпауы мақсатында тарихты үйретуде түрлі әдіс-тәсілдерге жүгінуіміз керек. Алайда тарихты оқыту әдісі жайлы ортақ ой-тұжырымдар жоқ. И.Я.Лернер тарихты оқытудың әдістерін жүйелеуге талпыныс жасады. Ол оқытушы мен оқушы мүдделерінің бір жерден шығуы оқыту әдісінің нәтижесін көрсетеді дегенге саяды. Сондықтан кез келген әдіс оқытушылық және оқу мүдделерін анықтауы қажет.
Білім қалыптасуының бастапқы сатысында мәліметтерді меңгеру әдісіне түсіндірушілік-көрнекілік әдісі сәйкес келеді. Мұнда оқытушы көрнекіліктің әр түрлісін қолдана алады. Мысалға карталар, видиолар, суреттер т.б.
Оқытудың екінші әдісі репродуктивті әдіс. Оның мағынасы берілген тапсырма бойынша есіне түсіру. Оқытушының айтқанын баяндап беру, тарихи тұлға жайлы әңгімелеу, сұрақтарға жауап беру, хронологиялық кестелер құру т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет