Тарих пәнін оқытуда қолданылатын әдістердің ерекшеліктері



бет2/2
Дата15.07.2024
өлшемі28,93 Kb.
#203577
1   2
Байланысты:
annotation67560

Зерттеу әдісі – туындаған мәселе бойынша оқушының өз бетінше жұмыс істеуі. Оқушы дайын білімге жүгінбейді, ғылыми танымға тап болады. Яғни бұл баланың шығармашылық қабілетінің дамуына өз ықпалын тигізеді. Бұл әдіс оқушының қаншалықты білімді игергендігін, жетістіктерін көрсетеді.
Эвристикалық әдіс – тарихты оқытуда маңызды қызмет атқарады. Мұнда оқытушы мәселелерді қарапайымнан күрделіге қарай шешу жолдарын ұсынады. Кішкентай мәселелер үлкен мәселелердің жолдарын ашуға көмектеседі.
Тарихты оқытудың тағы бір әдісі – күрделі баяндау әдісі. Яғни оқытушы күрделі мәселелердің шешу жолдарын көрсетеді. Бұл оның ғылыми білімінің жоғарлығын байқатады.
Міне жоғарыда көрсетілген түрлі әдістердің көмегімен тарихты оқытуды дұрыс жолға қоюға болады.
Әл-Фараби атындағы жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ерекшелігі – 5-11 аралығында өтілетін материалды бір жыл көлемінде тыңдаушыға түсіндіріп, әрі оларды кешенді тестілеуге дайындап шығу. Бізде оқитын тыңдаушылардың негізгі құрамы шетелден келген қазақтардан тұрады. Олар тарихты оқымағаны былай тұрсын, қазақ тілінде әрең оқиды. Сондықтан біздің кафедрада тарихты оқытудың жеңілдетілген түрден күрделіге қарай үйрету әдістері қолданылады. Мысалға әлі қазақша әріп тани білмейтін, дәрісті көшіре алмайтын тыңдаушыларға жоғарыда көрсетілген түсіндірушілік-көрнекілік әдісі қолданылады. Оған: карталар, тірек-сызбалар, кестелер, презентациялық лекциялар, суреттер, видиофильмдер жатады. Ақырындап екінші әдіске көшеміз. Яғни репродуктивті әдіс бойынша тыңдаушы оқытушының түсіндіргенін есте сақтау арқылы баяндайды. Тыңдаушы ақырындап бейімделе бастаған соң өз бетінше ізденіп, белгілі бір тақырыптар бойынша дайындалып, жұмыс істей бастайды. Біз көбінесе тыңдаушының ізденіс қабілетін арттыру мақсатында оларға тақырып бойынша сайыс ойындарын ұйымдастыруға, баяндамалар дайындап келуге, тірек-сызбалар құрастыруға тапсырма береміз. Тарихи танымдық сайыс ойындарын өткізу өз нәтижесін беріп келеді. Сонымен түрлі әдіс-тәсілдер қолдану бұл оқытушының шеберлігінен туындайды. Сол әдістерді тарихты оқытуда дұрыс қолдана білу, оң нәтижелер шығару, оқушының қызығушылын арттыру басты мақсат болып табылады.
Білім саласында жастарды біліммен сусындатып қана қоймай, олардың көзі ашық, зиялы, адамгершілігі мол, жауапкершілікті мойнына ала білетін тұлға ретінде қалыптасуына көп көңіл бөлінуде. Республикамыз білім ордаларын компьютерлік технологиялармен жабдықтап, маман кадрларды даярлауды қолға алды. Жаңа технологиялар дамыған заманда түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып сабақ ұйымдастыру жетістікке жетелейді. Әсіресе талапкерлерді жоғары оқу орнына түсу үшін дайындық баланы жалықтырмайтын, шаршатпайтын тәсілдермен жүргізілуі қажет. Үнемі тест жаттап, кітаптан басын алмайтын талапкерлерімізді дұрыс бағытта дайындау қажет. Қазақстан тарихы пәні бойынша білімалушының есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында сабақта тиімді әдістер қолданудың орны ерекше. Кез келген пән бойынша бұрыннан қолданылып келе жатқан ойын сабақтары білімалушыны сергітеді, белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытады. Сайыс сабақтарын түрлі жолдармен өткізуге болады. Біз өз тәжірибемізде кезең-кезең бойынша бір сайысты тек тарихи даталар бойынша, келесі бір сайысты тарихи тұлғалар бойынша өткізіп білімалушының есте сақтау қабілетін арттыруға мүмкіндіктер береміз. Кредиттік технология бойынша білімалушының даралануына жол ашып, ойынды өздеріне ұйымдастыруды тапсырамыз.
Ойын арқылы тыңдаушы нені меңгереді:
1. Тыңдаушылар ойынды құрастыру барысында жауаптылықты сезінеді.
2. Тыңдаушыларға қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді қайталау арқылы нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Уақытқа бағынуды, үнемдеуді үйретеді.
5. Топ болып бірігу арқылы бір-біріне үйренеді.
6. Ойын барысында шешім қабылдау тыңдаушыларды салқынқандылық пен асықпай жауапкершіліпен жауап беруді талап етеді.
7. Ойын материалдары бір тақырып көлемінде болмағандықтан, дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
8. Кітапханада көп ізденуге үйретеді.
Бұл білімалушылардың өзіндік жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Қазақстан тарихынан ойын сабағы арқылы олардың көзбен көріп, есте сақтау қабілеттері артады. Кез келген пән бойынша ойын элементтерін қолдану білімалушының жас ерекшелігін таңдамайды. Өйткені бүгінгі таңда адамдар тез жалығады, тез шаршайды. Сондықтан ойын элементтерін тіпті оқытушылармен өтетін семинарларда да жиі қолданып жатады. Бәсекелестікке толы мына заманда адамдар бір-бірімен жарысып, оза шапқанды ұнатады. Сол себепті бұл әдіс білімалушының ойын сергітеді, белсенділігін арттырады. Сонымен айтарымыз тыңдаушыларға дәрісті меңгерту барысында кез келген әдіс-тәсілдерді қарастырумыз қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. Б. 292-293

  2. Н.Ю. Никулина. МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ИСТОРИИ В СРЕДНЕЙ ШКОЛЕ. Калининград 2000

  3. Шоган В.В. Методика преподавания истории в школе. Издательство: Феникс. Год: 2007.- 471 с. С.6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет