ЖОСПАРЫ:
1. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
3. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары.
4. Сыныптан тыс жұмыстар.
5. Тәртіп.
6. Салауатты өмір салты. (П. Иванов жүйесі)
1. Оқушылар дене бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық – адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз – демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
2. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары – бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гинастика.
Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм – оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларды кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт – оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моралдік-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі – табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауқтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі – балалар мен ересек дамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдермен байланыстыру;
негізгі қимыл қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
еріктілікке, батылдыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағысына еңбек пен қоғамдық меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
әдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
3. Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылырдың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігінде оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері негізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Оыс көтеріңкілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақтың жалпы сап дүзеумен, қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті – оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шұғылдануға ынта-ықыласын дамыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
4. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар; спорт жұмыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білгендерін толықтыра алатындай жерде белгіленген жөн.
5. Оқушылыарды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі – олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі – таңертеңгілік гигиеналық- бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жаттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып, тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
6. Порфирий Корнеевич Иванов – уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады.
Оның нұсқаулары:
• өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суық суға шомыл. Ыстық суға шомылсаң, суық сумен нүктесін қой;
• шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шық, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;
• арақ ішпе, темекі тартпа;
• аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
• қоршаған ортаны сүй. Айналаңа түкірме және ештеңе тастама. Бұл сенің саулығың;
• денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
• бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
• адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досыңа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;
• жексенбі күні табиғатқа жалаңаяқ шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;
• ауру, сырқат, өлім жөнінде ойланудан қаш. Бұл сенің – жеңісің;
• ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
• іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі өнеге ет. Бірақ ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. "Ұлық болсаң-кішік бол".
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін ролі ерекше.
Қоғамның болашағы – оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің ролі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.
Оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
Табиғи қозғалыс арқылы оқушыда қандай сапа қалыптасады?
А) жүгіру;
В) қарғу;
С) іскерлік;
D) жүзу.
Табиғи қозғалыстың түрін көрсет?
А) дағды;
В) еңбек;
С) тамақтану;
D) жүгіру, қарғу.
Адамның жаңа қимылдарды тез игеру және жағдайдың өзгеруіне байланысты нақты шешім қабылдау қабілеті.
А) ептілік;
В) жылдамдық;
С) дағды;
D) ойлау.
Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарында оқушылыр қандай нақты білім алуы тиіс?
А) теориялық білімі толықтырылады, түрлі жаттығулармен айналысу міндеттері шешіледі;
В) туризм туралы;
С) акробатика туралы;
D) нақты жауабы жоқ.
5. Мектепте дене тәрбиесі жұмысын кім жүргізеді?
А) директор;
В) психолог;
С) дене тәрбиесі мұғалімі;
D) оқушы.
6. Дене тәрбиесіне қойылатын талаптардың бірі?
А) спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту;
В) қозғалтқыш күшке үйрету;
С) нақты жауабы жоқ;
D) гигиена туралы ұғым.
7. Дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы:
А) бос уақыт:
В) сабақ;
С) ойын;
D) туризм.
8. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары:
А) ойын, туризм, дене жаттығулары т.б.;
В) бос уақыт;
С) ұйқы;
D) еңбек.
9. Саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер:
А) ойын;
В) дене жаттығулары;
С) спорт;
D) гимнастика.
10. Дене тәрбиесінің табиғи құралдары:
А) еңбек;
В) жүгіру;
С) жылдамдық;
D) күн көзі, ауа, суға шомылу;
11. Тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы не?
А) еңбек;
В) ойын;
С) гимнастика;
D) футбол.
12. Дене тәрбиесінің оқу бағдарламасындағы спорттық ойындарды ата:
А) қыз қуу;
В) орамал тастау;
С) футбол, волейбол;
D) жарысу.
13. Қазақтың ұлттық ойындары:
А) теннис;
В) қол добы;
С) жүзу;
D) сайыс.
14. Қазақтың ойлануды (логикалық) қажет ететін ойыны:
А) көкпар;
В) ақ сүйек;
С) тоғыз құмалақ;
D) орамал тастау.
15. Ұлттық ойын қандай сапаны қажет етеді?
А) жүруді;
В) гимнастиканы;
С) батылдықты, тапқырлықты т.б.;
D) дұрыс жауабы жоқ.
Құқықтық тәрбие
Отбасындағы
құқықтық тәрбие
Құқықтық шаралар
Мазмұны
Отан қорғау
Формалары
Құқықтық мәдениет
Достарыңызбен бөлісу: |