Топтардағы жұмыс істеу технологиясы
Топ негізінен өз бетімен жұмыс істейтіндіктен, оған нұсқау беріледі, алдын ала тапсырмалар әзірленіп, топ жетекшілеріне кеңес беріліп, мұғалім жеке топтардың жұмысына қатысады. Топтың іс-әрекеті түрлері:
сынып алдында сөйлеуге, тәжірибе көрсетуге әзірлену, әдебиеттер оқып, конспектілеу;
«ой майданы» әдісі арқылы қойылған мәселені көп болып шешу;
алдын ала әзірленген сұрақтармен оқушылардың топ ішінде сөйлеуі, жасалған тәжірибені көрсету. Топтың сыныпта үздік хабарламаларды оқуы;
оқушыларды басқа топтармен өзара әрекетке әзірлеу – оларға қойылатын сұрақтарды ойластыру, сайыс жоспарын әзірлеу, топтың сыныпқа ортақ міндетті орындауға қатысуы;
ұзақ уақыт шығармашылық тапсырманы орындау – объектіні зерттеу, прибор немесе механизмдерді құрастыру, жоба жасау, экскурсия, оның есебін дайындау, көркем шығарма дайындау және басқалары.
семинар, т.б. оқу жұмыстарын өткізуге топ оқушыларын әзірлеу.
Топ жұмысында іс-әрекеттің ұйымдастыру-қарекеттік түрі басым: оқушылар мақсат қойып, өз жұмысын жоспарлап, мәселені талдап, топ ішінде жұмысты бөліп, өзінің іс-әрекетін бақылап, талдап бағалайды. Топтағы талдау тәсілдері әртүрлі. Бірінші кезеңде топ мүшелері өз пікірлерін сағат тілі бойынша, яғни, бір-бірінің сөзін бөлмеу айтқаны тиімді. Бұл балаларды тәртіппен, өз сөздерін бақылауға, әр оқушының өз пікірін айтуына мүмкіндік береді, оқу жұмысы нашар жүретін топтарда мұғалім олардың белсенділігін көтеретін әртүрлі әдістерді қолданып, жұмысты өзі үйлестіріп отырады. Сабақтың соңында топта рефлексия арқылы қорытынды шығарылады. Топ ішіндегі жұмысты топ жетекшісі бақылайды.
Білім беруді ақпараттандыру
Білім беруді ақпараттандырудың мәні
Білімді беруді дамыту индустриясын компьютер және байланыс құралдарының көмегімен дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде ақпараттық-білім беру қорын жасақтау.
Ақпарат адамзаттың ең маңызды қоры ретінде ерекше қасиетке ие – қолданысқа түскен сайын арта береді. Ақпараттық ресурстардың таусылмайтындығы әлем қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
ХХ ғасырдың соңында өндірістік дамыған елдерде ақпаратты сақтау, өңдеу, тасымалдауға кететін шағын энергетикаға кететін шығыннан асып түсуде.
Ақпаратқа деген сұраныстың өсуі ақпарат беретін жаңа технологиялардың, электрондық құралдардың пайда болуына себепші болды. Электрондық құралдар ішінде дәстүрлі құрал – қағаз, пленка да бар.
Білім беруді ақпараттандыру – ақпараттарды, оны жеткізу құралдарын, технологияларын оқыту мен тәрбие процесіне енгізу арқылы педагогикалық процестерді жаңартуда бағытталған шаралар жүйесі.
Білім беруді ақпараттандырудың теориялық негізі – информатика, кибернетика, дидактика. Информатика – ақпаратты табиғатта, қоғамда, техникада өндіру, өңдеу, сақтау және тарату әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы.
Ақпарат беретін технологиялар білім саласына еніп, дидактикалық процесті оқушы ақпаратты алып, меңгеріп, қолданатын процесс деп түсіну керек болып отыр.
Оқушының білім алуы – ақпаратпен жұмыс десек, оны қатаң түрде басқаруға болады. Сондықтан білімді ақпараттандыру компьютермен, электрондық құралдармен жұмыс істеумен шектелмейді. Оқытуға ақпараттар тұрғысынан қарау педагогика алдына көптеген мәселелер қойып отыр. Білімді балаға қандай формада беру керек? Ақпараттық технологияға негізделіп жасалған білім беру формасы – мәтінді блоктарға бөлу, тезаурус (сөздік), фрейм (В. Ф. Шаталовтың тірек сызбасы), ұғымдар кестесі, гипермәтін, т.б.
Қазір оқушының оқу-танымдық қызметін, білім алу, оқыту әдістерін жетілдіру қажеттігі сезілуде.
«Визуальдық білім» термині пайда болып, бейне, модель, шартты белгілердің үлес салмағы оқытуда көбейіп, үйреншікті мәтіндер ығыстырылуда. Адам шартты белгілермен жұмыс істей білу керек. Осыған байланысты жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті деген сұрақ туады. Ақпараттық мәдениет дегеніміз – ақпарат теориясы саласынан білімінің болуы және ақпараттармен жұмыс істй білу. ХХ ғасырдың екніші жартысында педагогикада «медиа-білім» бағыты қалыптасты. Ол оқушылардың бұқаралық ақпарат құралдармен жұмыс істеп үйренуін зерттейді. Басты міндеттері: оқушыларды қоғамдағы ақпараттық өмірге әзірлеу, әртүрлі ақпараттарды қолдануға, ақпараттық технологиялар көмегмен қарым-қатынас жасауға үйрету. Дамыған елдерде ол үшін арнайы пәндер оқылады. Мазмұны: қарым-қатынас, байланыс туралы ұғым, белгілер жүйесі, ақпаратты көрсету, көпшілік қолданатын байланыс құралдары, компьютерлік сауаттылық, ақпарат беретін жаңа технологияларды меңгеру, компьютер және басқа электрондық құралдар көмегімен ақпарат ала білуге дағдыландырып, қарапайым бағдарламалар жасауға үйрету.
Ақпарат беретін технологиялар оқу процесіне енуіне байланысты оқыту әдістеріне, түрлеріне, мазмұнына өзгеріс енеді. Электрондық құралдармен жұмыс істеп, оқыта алатын мұғалімдерді даярлау міндеті тұр. Мектеп және жоғары оқу орнын бітірушінің моделіндегі басты бөліктердің бірі – ақпараттық мәдениет. Ақпарат беретін жаңа технологиялар үш бөліктен тұрады: техникалық құралдар, бағдарламалар, білім алуға керекті құралдар. Техникалық құралдар: компьютер, принтер, модем, сканер, теле және бейне аппараттар, ақпаратты бір формадан екіншіге өзгертетін құралдар. Технологияның екіншісі – компьютердегі жұмысты басқаратын бағдарламалар. Үшіншісі – оқу құралдары. Бағдарламаның ерекше тобы оқытатын бағдарламалар, жүйелер. Олар арқылы мәліметтер банкісі, гипермәтіндер жүйесі жинақталады. Оқытатын жүйенің кең таралғандары: іскерлік пен дағдыға жаттықтыру, білімді қалыптастыратындар, проблемалық оқыту, модельдеу, дидактикалық ойындар.
Күрделі бағдарлама: интеллектуалдық оқыту жүйелері.
Ерекшелігі: оқушыларды диагностикалап, модель жасап, соған сай білім алатын жеке бағдарлама беруі.
Сонымен білімді ақпараттандыру дидакикалық процестің мәнді жағы – мұғалім мен оқушы іс-әркетін өзгертуде. Оқушы алуан түрлі, өте көп ақпараттармен жұмыс істеп, оларды біріктіріп, оны автоматты түрде меңгеріп, процестерді модельдейді, оқу іс-әрекетін өз бетімен жасайды. Мұғалімнің де көп жұмыстан қолы босайды. Ол оқушыларды жан-жақты зерттеп, оның білімі мен даму бағытын бақылап отырады. Электрондық техника әзірге оқыту үшін көмекші құрал, ол дәстүрлі оқыту жүйесін толық жояды деп айту қиын.
Білім беру мекемелерін компьютерлендіру, мектептерді компьютерлік техникамен қамту
Білім беруді ақпараттық басқаруды жасақтау және енгізу
Білім беру мекемелерін интернетке қосу, республикалық ақпараттық және ғылыми-білім беру орталығын жасақтау
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық және объектілік-бағытталған технологиялар негізінде ақпараттық –оқыту қорларын, программалық құралдар жасақтау
Оқу-тәрбие процесінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жөнінде кадрларды даярлау мен қайта дайындау
Білім беруді
ақпараттандырудың
негізгі бағыттары
Білім беру процесінің барлық субъектілеріне білім беру ақпаратын алуға мүмкіндік беретін инфрақұрылымды дамыту
Ұлттық оқу бағдарламасын жасақтау және оқушылардың теледидарлық техникалық орталықтар желісін дамыту
Білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қашықтан оқыту формасын енгізу
Білім беруді ақпараттандыруға әсер етуші факторлар
Ашық ақпараттық қоғам жағдайында
білім берудің мәнін философиялық түсіну деңгейі
Білім беруді ақпараттандыру саласын- дағы мемлекеттік саясат
Ашық ақпараттық қоғам жағдайындағы білім беру мәні
Педагогикалық теория мен білім беру
тәжірибесінің деңгейі
Дамыған елдерде ақпаратқа тәуелділіктің артуы және ақпаратты өңдеу, тасымалдау құралдарын пайдалану тиімділігі, даму деңгейі 80-жылдардың соңында жаңа «ұлттық ақпараттық қор» ұғымының пайда болуына әкелді.
Ақпараттық қор дегеніміз – түрлі құжат түрінде берілген ғылыми-техникалық ақпарат болып табылады. Ақапараттық қор интеллектуалдық қордың бір бөлігі.
Ақпараттық қор
Адамзаттың білімін ұжымдық, көпшілік түрге айналдырады және көпшілік шығармашылықтың факторы болып табылады. Тұлғалық білім қазіргі кезде адамның интеллектуалдық қарым-қатынасы негізінде ақпараттан туындайды және субъективтік категория болып табылады.
Ақпараттық қорды игеру процесі тиімді және білімді орталықтандыру негізі болып табылады.
Ақпараттық қор – қоғам қызметінің жаңа функционалдық категориясы және маңызды компоненті.
Ақпараттық сауаттылық – қоғамды ақпараттандырудың, ақпараттық қоғамда өмір сүруге жаңа ұрпақты даярлаудың алғы-шарты мен маңызды факторы болып табылады.
Ақпарат – ең жоғары құндылық, ал адамдардың ақпараттық сауаттылығы – олардың еңбек әрекеттілігін анықтайтын фактор. Бұл қоғамда блім беру жүйесіне талаптар өзгереді, білім берудің статусы көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |