Байланысты: Педагогиканың жалпы негіздері Лекциялар
Оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары: 1. Тәрбиенің басты мақсаты – бұл:
еңбек етуге керекті білім беру;
кәсіптік бағдар беру;
тұлғаның дүниеге ғылыми көзқарасын, рухани және дене қабілетін қалыптастыру, әр жақты, жарасымды етіп тәрбиелеу;
дені сау, ұлттық сана-сезімі жетілген, ақыл-ой дәрежесі биік, іскер, мәдениетті, парасатты, игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
2. Дүниетаным дегеніміз не?
адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым-қатынасын, іс-әрекеттерінің бағытын анықтайтын көзқарастар жүйесі;
мектепте білім және тәрбие алу барысында тұлғаның ақыл-ойының қалыптасуы, дамуы;
тұлғаның адамгершілік қасиетінің, сана-сезімінің қалыптасуы;
дұрыс жауабы жоқ.
3. Тәрбие процесі дегеніміз – бұл?
жеке адам тұлғасын жан-жақты дамыту, үйлесімді қалыптастыру;
адамды өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге, қоғамға пайда келтіріп, өзіне қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу;
адамның дүниеге ғылыми көзқарасын, рухани және дене қабілетін қалыптастыру, әр жақты жарасымды етіп тәрбиелеу;
оқушыларды қазіргі өмірдің барлық саласынан хабардар болуды, өз елінің өткені мен бүгінгісіне үңіліп, еңбек етуге тәрбиелеу.
4. Тәрбие мақсаты дегеніміз – бұл:
бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру;
14. Қайта тәрбиелеу ұғымының сипаттамасы қайсысына сай келеді?
оқушының зиянды әдеттерін тежеу;
кейбір оқушылардың бойындағы зиянды әдет-дағдыларды, қылықтарды тежеп адамгершілікке бағыттау;
қиын балаларды жан-жақты зерттеп, жаңа бағыт беру;
баланың имандылық қасиетін дамыту.
15. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс тәжірбиесімен байланыстық принципінің мәні:
оқушыларды отбасы құрып, еңбек етуге дайындау;
оқушыларды ақыл-ой күші мен ойлауын дамыту;
жеке адамды жан-жақты дамыту;
оқушының бұлшық етін дамытып, күшін дамыту.
16. Оқушыларды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеудің мақсаты:
қазақ халқының ерлік, жауынгерлік тарихымен таныстыру, өз жжерін, елін қорғай алатын ұлтжанды, ұлттық намысы биік, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;
жастардың денесін шынықтыру, әскер қатарында өз борышын өтей білуге тәрбиелеу;
отанға, өз халқына сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
осылардың барлығы.
Әдебиеттер:
Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. – Алматы. «Педагогика». 1998, 2000.
Е. Сағындықұлы. – Алматы. «Педагогика». 1999.
С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері», - Алматы. 2001.
А.С. Макаренко. Тәрбие мақсаты. 5-том (орыс тілінде – М, 1958).
Выготский. Избр.психол. исследование. – М, 1956.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. 1995.