Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



бет36/38
Дата14.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#68083
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
лек пед

Әдебиеттер:

  1. Дидактика средней школы. Под. Ред. М.Н Скатина.- М.,Просвещение, 1982 – 319 с.

  2. Ю. А. Конаржевский. Анализ урока. – М., Педогогический поиск, 2000.- 336с.

  3. И. П Подласый. Педогогика начальной школы. Учебное пособие для студентов педаг. Колледжей. – М., Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2000- 400с.с ил.

  4. А.В. Хуторской. Современная дидактика. Учебник для вузов и педогогических колледжей. – Спб Питер, 2001 544 с. :ил.


Қ.М. Нұрғалиевтың (1925 – 1988ж.ж.) педагогикалық көзқарасы

І. Қ.М Нұрғалиевтың өмірбаяны және ұстаздық көзқарасы

Құрмаш Нұрғалиевтың Шығыс Қазақстан обылысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. «Шыңғысхан» мектебінің 6 – сыныбын бітіріп, еңбекке араласты, 19 жасында Ұлы Отан соғысына аттанды. 1944 жылы жараланып, екі аяғы, бір колынан айырылды, Мәскеу гостальінде екі жыл емделіп, көптеген операциядан өткен. Сол госпитальда емделген жылдарында 8 – ші, 9 – шы, 10 –шы сыныптар емтихандарын тапсырып, орта білім туралы аттестат алып, сонымен қатар бухгалтерлік курсты сырттай бітіріп алады. Ауылға оралған бойда бірінші топтағы мүгедектігіне қарамастан ұстаздық еңбек жолын орыс тілі пәнінен сабақ беруден бастайды. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік институтының тарих факультетін сырттай оқып бітіріп, Боран орта мектебінде 30 жылдан астам уақыт үздіксіз, директор қызметін атқарады. Ол Ленин, Қызыл Ту ордендермен, 5 мақтау қағазымен марапатталады, КСРО халық мұғалімі және Қазақ ССР – інің еңбек сіңірген мұғалімі. 2005 жылдың қазан айында Құмаш Нұрғалиұлының 80 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Бұл есім республикада педагогикаға бар ғұмырын арнап, педагогикалық қызметің жалғастырушылардың кітабына ең алғашқыларының бірі болып енді. Осынау тамаша адам туралы Дінмұхамед Қонаев былай деген: “Бұл ғажап адамның өз өмірі – ерлік, шәкірттерді биік рухқа, адамгершілікке тәрбиелеуде, олардың азаматтық санасын қалыптастыруда ғибратты өнеге болып табылады”.

Боран ауылындағы оның авторлық мектебін қазір баласы, педагогика ғылымдарының кандидаты Талант Құмашұлы басқарады. Түлектерінің 30 пайыздан астамы жоғарғы оқу орындарында грант арқылы түсіп, көптеген мектеп бітірушілер “Алтын білгіге” ие болды.Мектеп ақпараттық – коммуникациялық технология негізінде білімді ақпараттандырудың педагогикалық идеясын жүзеге асырып, телидидар – техникалық студиясы арқылы ауыл эфиріне шыға алады. “Қашықтан оқыту” жобасы бойынша бұл мектеп Юнеско зеріттеу институтының арнайы мәртебесіне ие болған. Құрмаш Нұрғалиұлы туралы толығырақ “Халық мұғалімі Құрмаш Нұрғалиев. Педагогика әулет” атты кітаптан оқуға болады.

ІІ. Қ.М. Нрғалиевтың негізгі идеялары

мен педагогикалық тәжірбиесі

Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу. Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденпаздығы, шығармашылығы. Еліміздің таңдаулы мектептерінің бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп болған. Мектеп жанындағы оқу өндірістік еншенінде 9 – 10 сыныптағылар екі жыл ішінде шоферлық, тракторшылық, электрик мамандықтарын алып шыққан. Мектептің бүкіл оқу тйрбие жұмысы техникалық құралдары қолдануға негізделіп, барлық 40 кабиниеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш рет мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диафильмдер, диопозивтердің, кинофильмдер мен кино – фрагменттердің, магнитафон жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы операторлар да, режисесерлер да 7 – сыныптан жоғары оқитындар болды.

Мектеп жанында зәулім спорт залы, екі дене шынықтыру залы, ән – күй, саз кабинеті мен бөлмелері 200 орындық жиын залы, 200 орындық кинотеатр. Медециналық кабинет, 240 орындық асхана жас буынның игілігіне айналған. Сол кездегі совхоз малшыларының балаларына арналған 60 орындық интернат үйі, толық жабдықталған өнер бөлмесі (көрмесі), екі оқу залы жұмыс істелген.

Қазақтың ұлы ағартуларына, көрнекті педагогтарға арналған стенділер, мәңгі от алаулары тұрған жауынгерлік даңқ залы тәрбие орталығына айналған. Ұжым барлық пәндер бойынша толық үлгерімге жетіп, құқық тәртібін бұзу оқиғасы пәндер бойынша толық үлгерімге жетіп, құқық тәртібін бұзу оқиғасы кездеспеген. Жыл сайын мектеп бітірушілердің көбі совхоз өндірісінде қалып, жөндеу, көкалдандыру, т.б мектеп жұмыстарын оқушылар атқарған. Мектеп директоры – Қ.Н.нұрғалиев: “Мектепті алға бастыруды анық ойласақ, істі қадрдан бастауымсыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту, мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы дейтін мұғалімдердің қолдарынан келетінін үнемі ескертіп отырғанда ғана жақсы ұстаз бен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын желі тартылды. Ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі” –деп оқу – тәрбие процесін, ізгілендіру идеясын қолдаған.
Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың

өмірбаяны және ұстаздық қызметі

А.Ысқақов 1953 жылы туған, жаңашыл ұстаз, 1975 жылы Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің физика – математика бітіріп, Алматы, Ресей мектептерінде математика пәнінен сабақ беріп мол тәжірбие жинақтағандарынды ұстаз. 1988 – 1989 оқу жылынан бастап ереже тәрбиені қажет ететін жоғары сынып оқушыларына арналған экспериментальдық мектептің директоры қызметін атқарды. Білім саласы бойынша “Тарлан - 2000” сыйлығының иегері.
ІІ. Негізгі идеялары мен тәжірбиелері:

Көшпелік Архимед мектебін “Болашақ” мектебі дейді. Оқу – тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясы ұсынды. Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізінде жүргізу де Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9 – 10 сынып оқушылары. Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта – ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді.

Архимед мектебінің міндеті – балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, олардың –өміріндегі өз жолын табуына көмектесу. Бұл мектеп сол кезде жартылай шаруашылық негізінде жұмыс істеп, оқушылар түске дейін қаланың жүзден астам өндіріс орындарында міндетті түрде 4 сағат еңбек еткен. Тапқан табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп, оны бос уақыттары мен каникулдарын мазмұнды ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін шәкіртақысы төленген. Бағдарламаның еркшелігі – жалпы білім беретін пәндерін басқа әр оқушының қалауына сай бір – екі пәнді тереңдетіп оқытуда, бейнелеу өнері, кино, театр, саз, дін тарихы пәндерін енгізілуде, биология курсының “Экология негіздері” деген қосымша сабақтармен толықтыруда. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті түрде бассейінде өткізілген.

Сондай – ақ ағылшын тілінде аптасына 4 сағат бөлініп, компьютер сыныбымен қатар, “Журналистика негіздері”, “Социология және психология негіздері”, т.б. курстар оқылып, балалардың толықтай орта білім алуына, өздігінен білім алуына деген құштарлығы мен дағдарын қалыптастыруға ықпал жасалды. Оқушылар отандық және ерік – жігерлерін қоғамдық дәрежеде шынықтыра алады.

Мектепте барлығы 25 мұғалім және жоғары оқу орындары мен мекемелерден шақырылған мамандар тобы еңбек етіп, 8 оқушы 8 мұғалімнен тұратын мектеп кеңесі болды. Мектеп бітіруші түлек мемлекеттік аттестат, паспорт, 2жыл еңбек стажы бар еңбек кітапшасын, жұмысы мамандығын алып шығады. Сол кездегі бір оқушының “Сіздің мектебіңізде оқығым келеді. Мені мектебіңізге алыныз, өтінемін. Мен ешкімге де керек емеспін”, - деген хатын тебіренбей оқу мүмкін емес.

Архимед мектебінің педагогикалық процесі демократиялық және ізгілік негізінде құрылған. Мектеп оқушыға кең еркіндік береді. Тек бір ғана мақсатты – заманына сай саналы да өрелі, әрі дені сау, парасатты азамат болып өсуді талап етеді.

Мектеп оқушылары өз мектебін мақтан етіп, пікірлерін білдіреді. Оқушы Дина Бектасова:

  • Мектепті бітіргенде “аңғал сарыауыз балапан емес, өмірдің санына, күресіне дайын азамат болып шығатыныма күмәнім жоқ”.

Мектеп кеңесінің мүшесі, 9 – сынып оқушысы Асфендияр Құрбанов:

  • Біз өз мектебімізге өзіміз қожамыз. Сондықтан өзімізді ересек жігіт пен бойжеткен сөзінбесек болмайды.

  • 9 – сынып оқушысы Данияр орынбеков:

  • Мектепті жақсы бітірген соң кез келген жоғары орын оқуына қиналмай түсерімізге сөз жоқ. Себебі мұндағы оқудын сапасы өте жоғары.

Міне, А. Ысқақов өз пәнімен қатар педагогтық мамандығына шынайы сүйіспеншілігі әке тәрбиесінен дарыған, шәкірт жүрегіне жол таба білген, үнемі даму, ілгері басу, ізденуді өмір өзегі еткен, әрі іскер, әрі білікті, жігері жаңашыл ұстаз. Атаулы мектеп директоры оқушылар мен педагогтардың ұйымдастырушысы әрі білікті тәлімдер.
Нұртазина Рафиха Бекенқызы

(1921 жылы туған)

Р Нұртазина педагог - әдіскер, Қазақ ССР – інің еңбек сіңірген мұғалімі (1966), Социалистік Еңбек Ері (1968), педагогика ғылымдарының кандидаты (1974). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітірген (1951). Алматыдағы №12 қазақ орта мектебіне 14 жыл бойы басшылық етіп, орыс тілі мен әдебиетінен дәріс береді. 200 – ден астам ғылыми зеріттеулер мен оқу педагогикалық еңбектердің авторы, қазақ метептерінлегі орыс тілі әдебиеті бағдарламасын құрастырушылардың бірі. 1972 жылы қазақ педагогика қоғамының төрайымы болып саналады. Бүкілодақтық халық азарту қызметкерлері съезінің делеграты (1968, 1988). Көптеген орденмедальдарымен марапатталған, “Платиналы Тарлан” сыйлығының иегері.

Р.Б.Нұртазина орыс тілінің білікті маманды ретінде педагогика ғылымының және Қазақстан мектебінің бай тәжірбиесін насихаттап Африкада, Вьетнам, ГДР, Италия, Монғолия, Жапония, т.б елдерде дәріс оқыды.

1979 – 1986жж орыс тілі мен әдебиетін оқытатын мұғалімдердін халақаралық қауымдастығына (ассоциациясына) қатысты. Будапештте өткен конгресте 78 елден келген мұғалімдер алдында дәріс оқыды. Дүниежүзілік конгресіне қатысты. 1989 жылдан радиохабары арқылы қазақша тіл ұстарту сабақтарын орыс және қазақ тілінде жүргізген.

Идеялары: педпгогика ғылымының жетістіктерін, заңдылықтарын, әдебиеттерін шығара білу: адамға ізгілікті ықпал жасай білуді меңгеру: әр балаға бақыт сыйлау: педагогикалық процесте пәнарлық байланыс негізінде шығармашылықпен оқыту:сабақтан енжарлыққа жол бермеу: әрбір сабақты оқушы мен мұғалімнің рухани қатынасының қуанышы көзіне айналдыру: ана тілінде білім алу. Сабақ қаншама қайталанса да жаңалығымен мұғалімнің өзін де, оқушыны да таңдандыратындай болуы тиіс.

Егер мұғалім әр баланы қайналанбайтын жеке тұлға деп, оған сеніммен, мейіріммен қараса, мектеп директоры әр шәкіртінде әріптес ұстаздарына парасатты қатынаста болса, онда оқу – тәрбие процесі жақсы жүреді.

Ол орыс тілін ұлт мектептеріне оқытудың тәжірбиелеріне талдау жасады. Ұстаздың өзіндік шеберлігі – оқыту процесіне оқушылардың таным белсенділігін арттыру, оларды өздігінен іс - әрекет жасауға ынталандыру, орыс тілін еркін сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету мақсатына оқу материалына байланысты дидактикалық құралдар дайындау. Әр сыныпқа әр тақырып бойынша әдеби ойындар, әңгімелер, мақал – мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, суреттер, кестелер, техникалық оқу құралдары ұзақ ұстаздық еңбек жылдарында жинақталады. Нұртазинаның бұл тәжірбиесі республикалық конференцияларда талқыланды. Әр жылдардарда арнайы жеке оқулық әдістемелік кітап болып жарияланды. Оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастыруда пәнаралық байланыс принципін қолдана отыпып біздің еліміздің ұлтаралық қатынасында, оның жақсаруына үлес қосуы жаңашыл ұстаз Р.Бекенқызының әр сабағының өөзекті міндеті болып саналады.

Р.Б Нұртазина өзінің ұзақ жылғы метепті басқару тәжірбиесінде балаға деген шынайы махаббат сезімңн, оқушылар мен мұғалімдер және ата – аналар ұжымына сенім білдіруі, ізгілік және демократизм принциптерін, педагогикалық ынымақтастылық идеясын басшыдыққа алды. Осының нәтижесінде мектепке өз мамандықтарын сүйетін, еңбекке жауапты қарайтын, білікті, іскер педагогикалық ұжым құрылды. Мектепте оқушылардың жан – жақты жарасымды дамуына бағытталған, өзін - өзі басқару негізінде құрылған сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мол тәжірбесі жинақталды. №12 мектептің 60 жылдан астам уақыт ішіндегі шығармашылық еңбегін көрсететін тарихи мұражай бар.
Григорий Максимович Кубраков

Ұстаздық қызметі мен еңбектері

Г.М.Кубраков – Солтүстік Қазақстан обылысы Мамлют санаториялық мектеп – интернатының директоры, КСРО халық мұғалімі, республикалық және Бүкілодақтық халық ағарту қазметкерлері съезінің делегаты.

Г.М.Курбаков ұзақ жылғы қызметінде ұлт педагог А.С.Макаренконың бай мұрасын бүгінгі мектеп жағдайларда жүзеге асырып, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуді сапалы биікке көруде тұлғанып, бүкіл республикамызға танымал болған талапты да, талантты ұстаз.

Г.М.Кубраков ркспубликалық теледидар арқылы ұйымдастырылған арнайы хабарға қатысып, озат тәжірбиесі туралы телекөрмелермен пікір алмасып отырды. Ол жас ұрпақ бойына еңбексүйгіщтік дағдыларын қалыптастыруда өте құнды тәжірбиені жинақтады. Кубраковтың қаламнан ғылыми педпгогикалық негізде баяндалған көп жылғы ұстаздық еңбегінің бай тәжірбиесі бірнеше кітаптар болып жарық көзді. Мәселен: Г.МКурбаков “По пути Маренко” (- Алматы: Мектеп, 1982) По заветом Маренко (- М., Просвещение, 1987).
Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева

Қанипа Бітібаева – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ метептерінде әдебиетті оқытудын жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі. 1991 жылы 19 мамырда Қанипа Бітібаева ғылыми әдістемелік атаулы мектебі ашылып, оның жетекшілігімен ұстаздар “Әдебиетті тереңдетіп оқыту әдістемесін” жетілдіруге ат салысуда. Қ.Омарғалиқызы 70 – тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқылықтардың авторы. Оның “Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы” атты оқулығында лириканы, эпикалық шығармаларды, драмалық шығармаларды жаңа ткхнологиямен оқыту жолдары баяндалған. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің жолдары тақырыпқа қатысты сабақ өткізудің технологиялық картасы, поэтикалық далдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстар берілген. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрінің берілуі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Эпикалық жанрды меңгертуге қатынасты әңгіме, хикият, роман, жанрларын оқытудың ғылыми – теориялық негізгі және сабақ үлгілері бірге ұсынылған. Сонымен қатар, “Абай жолы” эпопеясын оқыту технолгиясы мен әдістемесі де жан – жақты сөз болады. Батырлар жарын публикациялық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту әдістері берілген. Әсіресе, дамыта оқыту техналогиясына сүйіне отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін детілдіру, әдіс – тәсілдері де осы оқулықа көп жазылған. Ұстаздың Абай туындылары оқытуға негізделген екі кітабы, Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтты.

Қ.Бітібаева әдебиеті “өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы” – деп біледі. Ол өзінің әр сабағын кішігірім өнер туындысы дәрежесіне көтеруді мұрат еткен ұстаз. Қанипа өткір ойы, батыл пікірі, оқу тәрбие процесін жетілдіруге тың серпіні бар, шығармашылық зерітханасы қалыптасқан өте іскер жаңашыл мұғалім.

Канипа Бітібаева – оқыту процесінде баланың рухани жандүниесін, ой еңбегінің күрделі процесінің заңдылықтарын, жеке адамның қалыптасу ерекшеліктерін зеріттеуші ұстаз. Қанипа өзінің мол жұмыс тәжірбиесін шәкірттерге қазақ тілі мен әдебиетінен білім, тәрбие беруден түйген пікірлерін, қазіргі мектеп бағдарламалары жөніндегі ой – жалғастырын ортаға салып, республикалық және халықарлық басылымдарда да жариялап отырады.

Қ. Бітібаеваның кітаптары:

1. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары.

2. Әуезов шығармашылығын оқыту.

3. Сабақ түрлері мен үлгілері:

4. Мектепте Абай шығармашылығын оқыту.

5. Әдебиетті оқыту әдістемесі.

6. Әдебиеттану

7. Абайды таныту.

8. М.Әуезов – мектепте.

9. Әдебиетті тереңдетіп оқыту.

10. Әдебиет оқулығы.

11. 7- сынып әдебиетін оқыту әдістемесі.

12. 5 – 9 сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту.

13. 10 – 11 сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту.
Шалва Александрович Амонашвили

Жаңашыл педагогтың қызметі: профессор, психология ғылымдарының докторы, академик.

Негізгі идеялары және педагогикалық ұрындары: ынтымақтастық педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Ш.А.Амонашвили 6 жасар балаға тәрбие және білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірбиесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан – жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырады. Ұраны: “Тәрбие процесін балық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау”. Шалва Александрович мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жағып, талабын қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған істерінің нақты нәтижелермен бағалайды. Оның оқушыларының дәптерден жасаған қолжазба кітаптары бар. Оған балалар өздерінің алғашқы әңгімелерін жазады, өздерінің салған суреттерін папкаларға жинайды. Балалар табыстарын ата – анасына көрсетіп, мақтанып, оны мектептерге көрмеге қойып, ұжымының рухын көтеріп, оқушыларға күнделіеті оқу, білім, өздігімен іздену жолдарымен түсіндіреді.

Мысалы: В.Амонашвили мәтіннің қатесін тапқызу әдісін қолданады, өзі қате жіберіп балаларға түзеттірді. Диктанттың бағасын асырып, не кемітіп қою, оқушылардың өздеріне баға қойғызу тәсілдерін қолданды. Амонашвили балалардан өз сабағының ұнаған, ұнамағанын, жақсы етіп қалай өткізуге болатынын сұрап, олардың сұрауымен сабақ береді.

“Қайырымды адам қандай болады?” “Сыпайы кісі қандай?” “Біз нені оқимыз?”, “Қандай өлең жақсы?” деген тақырыпта пікірталастар өткізеді. Суретке қарап әңгіме жазу, оқушыларға математикалық есептер құрастырып, оны басқаларына шығарту, қиын және оңай есептерді оқушылар өзінді тандау тәсілдері қолданылады.



Амонашвили сабақта балалармен ақылдасып жұмыс жасап, олардан көмек күткен сыңай танытады, “бір тақырыпты түсіне алмай жүргенін” айтып, әрбір оқушының сөзін тыңдап, оларға сұрақ беріп, қателескен болады, Балалардың сұрақтарына бірден жауап бермей, білмейтінін, үйден оқып келетінің айтады.

Балаларға жаттығулар құрастыртады, оған өзінің уақытының жетпейтіндігін айтады. Жаттығулар түзетіліп басқа оқушыларға беріледі, құрасырушыларға беріледі, құрастырушыларға алғыстар айтылады. Үй жұмысын алғысы келетіндер ғана алады.

Әр балаға толық, жан – жақты мінездеме жазып, оны ата – анасына береді.
В.Ф.Шаталов

В.Ф.Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы.

В.Ф.Шаталов тәжірбиесінің бірінші ерекшелігі – оқу процесін оқушылардың іс - әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге тақырыпты бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. Шаталов 1- кезеңде тақырыпты жан – жақты түсіндіріп, 2 – кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп, 3 – кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, 4 – кезіңде оқушылар оқулықпен және тірек сигалдармен үйде жұмыс істейді. 5 – кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптерлеріне жазып, 6 – кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауап береді. Сонымен теориялық матераялмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тәжірбиесінің екінші ерекшелігі – бағдарламаның бір – бірімен байланысты немесе қарама – қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.
С.Н.Лысенкова

С.Н.Лысенкова – Ресей педагогы. Әдістемесінің негізгі – бастауыш сыныптардағы оқу процесіне тірек сигналдары пайдалану, оқу материялы туралы оқушыда тұтас түсінік қалыптастырып, “оза оқытып, перспективалы жұмыс жасау”. Лысенкова оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, олардың сабақ барысында көп сөйлесуіне, өздерін - өздері оқытуға көп көңіл бөліп, оны “кері байланыс” – деп атайды. Жалпы С.Н.Лысенкова оқушыларға ауызша тапсырмаларды аз орындатып, бүкіл сынып қатысатын жазбаша тапсырмаларға ерекше ден қояды. Ол оқушылардың сыныбы ілгерілген сайын көп пікірталастар өткізгенді дұрыс деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет