Жоспар: Операциялық жүйені орнату жағдайлары



бет1/2
Дата27.11.2019
өлшемі192 Kb.
#52500
  1   2
Байланысты:
Windows операциялық жүйес

Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесін орнату.

Жоспар:


1. Операциялық жүйені орнату жағдайлары.

2. Дискіні таңдау

3. Файлдық жүйе

FAT (DOS → WINDOWS XP)

NTFS (WINDOWS 2000, WINDOWS XP)

Partition Magic

4. Регионалдық баптаулар

5. Орнатуды аяқтау

Сіздің компьютеріңізде қатты дискіде ешқандай операциялық жүйе қондырылмаған болса, онда компьютерді жүктеу мүмкін болмайды. Ол компьютерге жаңа қатты диск қондырылғаннан болуы немесе компьютерде біраз уақыт жұмыс істегеннен компьютер көп қателескеннен болуы мүмкін. Немесе сіз жаңа компьютер сатып алдыңыз, немесе өз бетіңізбен құрастырдыңыз. Бір компьютерге бірнеше операциялық жүйені орнатуға да болады.

Мұндай жағдайда операциялық жүйені орнату үшін ең алдымен бізге WINDOWS нұсқасының компакт-дискісі керек. Жай диск емес, жүктеуші диск қажет, яғни осы дискінің құрамында жүктелетін маңызды жүйелік файлдары бар. Әрине, ол диск лицензияланған болу керек.

Жүйелік блоктағы CD-ROM ұяшығына WINDOWS компакт-дискісін орнатамыз. Сол кезде жүйе автоматты түрде компакт-дискіден жүктеледі. Нұсқауларын орындау керек.

Жүйені орнатуды бастағаннан кейін бағдарлама сіздің компьютеріңіздегі қатты дискіде қатенің бар-жоғына, орын жеткілікті болуына тексере бастайды. Барлығы дұрыс болса, жүйені қондыру басталады. Алдымен экранға шыққан лицензияланған келісімді қабылдаймыз. Оны қолдау үшін дискінің қорабында немесе дискінің өзінде жазылған арнайы код - «кілтті» теріп жазамыз.



Қондыруға арналған бөлім мен дискіні таңдау.

Одан кейін WINDOWS-ты орналастыратын дискіні, орынды, бөлімді таңдауымыз қажет. Егер сіздің компьютеріңізде бір қатты диск және бір бөлім болса, онда ештеңе таңдамайсыңдар (ол әсіресе жаңа компьютерлерде болады). Ал егер дискінің саны екеуден көп болса, біреуінде бұрынғы ескі жүйе болса, онда таңдауыңыз қажет.

Мынадай жағдай болу мүмкін: Сіздің компьютеріңізде екі қатты дискі бар делік. Біреуінде операциялық жүйе қондырылған, мысалы WINDOWS 95. Сіз бұрынғыны қажет болып қалар деп жойғыңыз келмейді, жаңадан қондырылған жүйе қалай жұмыс жасайтынын білмейсіз ғой. Ондай жағдайда WINDOWS 2000-ды екінші дискіге (D:\) қондырсаңыз болады. Компьютеріңіз екінші операциялық жүйені көріп, автоматты түрде арнайы «жүктеуші меню» құрады. Бір компьютерде қалағаныңызды таңдауға болатын екі операциялық жүйе орнатылады. Ал егер WINDOWS 2000-ды бұрынғы WINDOWS 95 орнатылған папкаға орнататын болсаңыз, онда бағдарлама WINDOWS 95 операциялық жүйесін өшіруді талап етеді.

Файлдық жүйені таңдау.

Файлдық жүйені таңдау кезінде сақтық қажет. Барлық операциялық жүйелерде FAT файлдық жүйесі қолданылады. Бірақ ол сенімсіздеу және қорғануы төменгі дәрежеде. Бірақ FAT файлдық жүйесінің ерекшеліктері бар. Біріншіден, жылдамдығы. Екіншіден, стандарттығы, яғни FAT файлдық жүйесін барлық операциялық жүйелер (ескі DOS және Windows 95-тен жаңа Windows XP-ге дейін ) қабылдайды.

Ал, Windows NT операциялық жүйелер үшін (Windows 2000, Windows XP) басқа сенімді файлдық жүйе орнатылды, бұрынғы жүйелерге де жарамасада. Стандартты жүйе болып FAT файлдық жүйесі емес, жаңа NTFS файлдық жүйесі болды. Оның стандартты болғанымен бірге бірнеше ерекшеліктері бар. Мысалы, NTFS файлдық жүйесі сіздің компьютеріңізде бөлімдерді құрумен қатар, бірнеше папкілерді біріктіретін «динамикалық» қатты дискілер құрады.

Барлығы жақсы болғандай - берілгендерді сақтау сенімдігі артуы, қателердің болмауы. Бірақ барлығы ыңғайластырылғанымен, өнімділік төмен болып отыр, яғни қатты дискіге көп салмақ түседі. Ең бастысы - Windows XP операциялық жүйесінен басқа жүйелерде осы қатты дискінің құрамын қарау мүмкіндігі шектелген.

Сонымен, FAT файлдық жүйесін NTFS файлдық жүйесіне ауыстырғанда ешқандай қиындықсыз, барлық мәліметті жоғалтпай орындауға болады. Ал, керісінше ауыстыру үшін қатты дискіні форматтамай ол жұмысымыз жүзеге аспайды.

Әрине, бөлімдер мен файлдық жүйемен жұмыс жасау үшін басқа да арнайы бағдарламалар бар, мысалы Partition Magic. Ол кең қолданыста жоқ.

Осыдан қорытынды, Windows XP операциялық жүйесін орнатқанда, сіздің дискіңіздегі файлдық жүйені NTFS файлдық жүйесіне ауыстыруды ұсыныс жасаса, сіз ойланбастан «Жоқ!» деп жауап беріңіз.

Регионалдық баптаулар.

Папканы таңдағаннан кейін орнатуға жүйе бірнеше тапсырмалар ұсынады.

Біріншіден, интерфейс тілін және регионалдық баптауларды таңдау. Қиын емес сияқты.

Бірақ, «Языки ввода» (Тілдерді енгізу) батырмасын, содан кейін - «Дополнительно» (Қосымша) парағын таңдаңыз. Және өте жоғары ұқыптылықпен «Кестені түрлендірудің кодталған парақшалары» тізімін қарап шығу керек, орыс тілінің кодировкасына берілген барлық пункттерді белгілеу керек.



Орнатуды аяқтау.

Ең соңғы, сіздің қатысуыңызбен орындалатын жұмыс – атыңызды енгізуіңіз қажет. Ол «учеттық жазбаны» құрғанда қажет болады.

Windows XP басынан бірнеше пайдаланушы жұмыс жасауына арналғанын ұмытпайық, әрқайсысына жеке-жеке баптау жұмыстарын жүргізуге болады.
Одан кейін, сізде 40 минуттай уақыт болады, сол кезде Windows файлдарды көшіріп, қажетті баптау жұмыстарын орындайды. Орнату кезінде компьютер сөніп қайта қосылады. Одан қорықпау керек, солай болуы тиіс.

Қайта қосылғаннан кейін компьютер компакт-дискіден емес, винчестерден (қатты дискіден) жүктеледі. Орнату кәдімгі режимде жалғасады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет