Жоспар: Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның көпфункционалдық сипаты



бет14/18
Дата09.09.2022
өлшемі115,8 Kb.
#149116
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Тема № 1.2. Пед. қызмет пен Пед.мамандығ. ерекшелігі. ЛК,ПЗ,СРСП. Берикханова А.Е. от 24.08.22.
Дәріс 8. Өмір мен өлім Өмірдің мәні 2
Педагогикалық шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекет. Қазіргі мектепті жаңашаландыру, оқыту-тәрбие процестерін жетілдіру мұғалімдердің шығармашылығына тікелей байланысты. Педагогикалық шығармашылықтың бір ерекшелігі – мұғалімдердің білім, білік, дағды қорларын үнемі байытып, жаңартып отыруында. Ондай мұғалімдер ешқашан да жұмыстарына селқос, немқұрайлы қарамайды, бар нәрсемен қанағаттанып қоймай, керісінше кездесетін түрлі педагогикалық қарама-қайшылықтарды жеңудің жолдарын іздестіріп, табысты нәтижеге ұмтылады. Ондай мұғалімдердің әрбір өткен сабағы балалар үшін өте құнды да бағалы, мұндай сабақтарға балалар қуана жүгіріп келеді, мұғалімнен бір қызықты жаңашылдық күтеді.
Шығармашыл мұғалімдердің өзінің ішкі жан дүниесінде, көңіл-күйінде, балалармен қарым-қатынасында үйлесімділік байқалып тұрады. Олар әр сабақты бір шығармашылықты шыңдау лабораториясына айналдырып жібереді. Мұғалім бір сабақтың үстінде бірнеше рөльді бірақ атқарып тұрады. Ол балаларға білім беруімен қатар сценарист те, басты рөлді орындайтын актер де, режиссер де, фасилитатор да, мотиватор да, ұйымдастырушы да, психолог та бола алуы керек.
Белгілі театр реформаторы К.С.Станиславскийдің теориялық мұрасында «шығармашылдық көңіл-күй» деген ұғым қарастырылады. Оның пікірінше актердің шығармашылдық көңіл күйі көрермендердің көңіл-күйін баурап алады. Сол сияқты шығармашыл педагог та әр оқушының ынта-ықыласын, көңіл-күйін, зейінін өзіне аудартып, тіпті олардың іс-әрекеттерін басқара отырып шығармашылыққа тәрбиелей алады.
Мұғалімнің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың өмірге, әлемге, табиғатқа, болашаққа, адамдарға, еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, оңтайлы қатынастарын қалыптастыру. Бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін педагогикалық міндет. Педагогикалық міндетті шешудің өзі шығармашылықты қажет етеді. Педагогикалық практикада кездесетін ең қиын міндеттер шығармашыл педагогтың қолында оңай шешімін таба алады.
Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей шығармашылық өз еңбегінің әлеуметтік құндылығын бағалай отырып, кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіру үшін басқалардың озық тәжірибесін зерттеп отыратын мұғалімдер жұмыстарына тән ерекшелік. Педагогикалық тәжірибе озық және көпшіліктік болып бөлінеді. Көпшіліктік педагогикалық тәжірибе - оқыту, тәрбиелеу практикасының жеткен деңгейімен сипатталатын білім беру мекемелерінің және жеке педагогтардың жұмыс тәжірибесі. Озық педагогикалық тәжірибе деп басқаларға үлгі тұтатын педагогтың асқан шеберлігін атайды. Ал егер педагог тәжірибесінде шығармашылық ізденіс, өте тиімді нәтиже беретін жаңашылдық, бір қайталанбас ерекшелік қамтылған болса онда оны жаңашыл педагог деп атауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет