Жоспар: Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның көпфункционалдық сипаты



бет1/18
Дата09.09.2022
өлшемі115,8 Kb.
#149116
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Тема № 1.2. Пед. қызмет пен Пед.мамандығ. ерекшелігі. ЛК,ПЗ,СРСП. Берикханова А.Е. от 24.08.22.
Дәріс 8. Өмір мен өлім Өмірдің мәні 2

1.2. Педагогикалық іс-әрекет пен педагог мамандығының ерекшелігі


Жоспар:

  1. Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның көпфункционалдық сипаты.

  2. Педагог мамандығына қойылатын талаптар және XXI ғасыр педагогының құзыреттілік моделі.

  3. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті.

  4. Мұғалімнің табысты кәсіби даму факторлары.



1.Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның көпфункционалдық сипаты. Жас ұрпақты болашақ өмірге дайындау, оларға әлеуметтік тәжірибені үйретудегі қажеттілік ұстаздық мамандықтың пайда болып қалыптасуының негізі. Адамзат қоғамының дамуы мен өркендеуінде әлеуметтік маңызы зор ұғымдардың бірі «тәрбие» ұғымы болды. Тәрбие үрдісі адамзаттың ең ежелгі саналы іс-әрекет түрлерінің бірі және ол мәңгі категория: адамдар бар жерде тәрбие де бар.
Алғашқы қауымдық құрылыстан бастау алып, ғасырлардан ғасырларға түрленіп мән-мағынасы жағынан көптеген өзгерістерге ұшырап, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан тәрбие феноменінің өзектілігі жылдан жылға күшею үстінде. Миллиондаған жылдар бұрын ғұмыр кешкен алғашқы адамдардың болмыс-тұрмысы мен таным-тәжірибелерінің тамыры тарих қойнауының тереңінде жатқаны анық. Алғашқы қоғамның белгілі сатысында адамдар мал бағу, егін егу, жер өлшеу, қолөнер кәсібінің қарапайым түрлерін меңгере бастағандықтан тәрбие үрдісі де күрделеніп, біртіндеп жоспарлы іске айнала бастаған.
Әр қауымда балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелейтін, олардың есейгендігін дәлелдеуге дайындайтын қарапайым «жастар үйі» деп аталатын мекемелер пайда болған. Ондағы тәлім-тәрбие беруші беделді адамдар балаларды өмірге дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын меңгертіп, садақ атуға, аң аулау өнеріне, ептілікке, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа, батылдыққа үйретіп отырған.
Сонымен қатар қарапайым пиктографиялық жазу түрлері (picture – сурет, бейне), петроглифтер (ежелгі грек πέτρος - тас және  γλυφή - қашау) пайда бола бастады. Осындай жазу түрлері арқылы алғашқы адамдар келер ұрпаққа мұра ретінде өз тәжірибесін, тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін, әдет-ғұрыптарын бейне ақпарат ретінде жеткізбек болған. Сол көне замандағы петроглифтер мен пиктографиялық жазулар қазір жер шарының түпкір-түпкірлерінен табылып, тарих қойнауынан сыр ақтаруда.
Алғашқы қоғам өмірінің ілгері дамуына және жетілуіне жүйелі түрде ықпал етіп келген тәрбие феномені қазіргі педагогика ғылымының негізгі категорияларының бірі. Адамдар қай қоғамдық формацияда болмасын жас ұрпаққа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөлі адамзат қоғамының қай даму сатысында болмасын ерекше жоғары бағаланған. Педагогикалық жоғары оқу орындарына келген әрбір студент жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін меңгеруі қажет, онсыз нағыз мұғалім, нағыз педагог тұлғасы қалыптаспайды, және онсыз кәсіптік білім беру ұғымы өзінің бастапқы мәнін де жоғалтып алуы мүмкін.
Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен рөлін тереңірек қарастырған жөн. Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамандығы «адам-адам» жүйесіне қатысты мамандыққа жатады. Осы тұрғыда «кәсіп» және «мамандық» ұғымдарының ерекшеліктерін ашып өткен жөн. Кәсіп - тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипатталатын адамның дене және рухани күшінің арнаулы бір саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі. Мамандық – берілген кәсіптің бір түрі. Мысалы, мұғалімдік кәсіппен айналысатын адамдар көп, солардың ішінде кейбіреулері информатика мамандығын, кейбіреулері тіл және әдебиет, тарих сияқты мамандықтарды меңгереді. Сонда кәсіп деген ұғымның ауқымы мамандық ұғымымен салыстырғанда кеңірек екені байқалады.
Педагог мамандығының көпфункционалдық сипаты:

  1. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қоғам дамуындағы рөлі туралы жетекші идеямен өзекті. Педагог мамандығындағы негізгі міндет – қоғам дамуының мақсаттарын жете түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау. Яғни, мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жасөспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар мұғалімдер жасөспірімдердің дуниетанымдарын, үлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын қалыптастырады. Яғни, мұғалімдер баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы. Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері шынайылыққа үйлеседі.

  2. Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы. Мысалы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтар екенін атап айтуға болады. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды даярлау қажеттілігі де туындамаушы еді. Бұл мамандық мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Жыл сайын жоғары оқу орындарында арнайы даярланған жоғары білімді педагогтар қоғамымыздың білім беру мекемелерінде педагогикалық еңбекке кірісіп жатса да, қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби құзыретті мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын күшейе түсуде.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет