Жоспар: Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның көпфункционалдық сипаты



бет9/18
Дата09.09.2022
өлшемі115,8 Kb.
#149116
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Тема № 1.2. Пед. қызмет пен Пед.мамандығ. ерекшелігі. ЛК,ПЗ,СРСП. Берикханова А.Е. от 24.08.22.

Бастауыш сынып оқушыларымен педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыруда мұғалімдер мектепке табалдырығын алғаш рет аттап тұрған оқушылар үшін оқу үрдісі жаңа негізгі іс-әрекет түрі екенін есте сақтаулары маңызды. Олардың «оқушы» деген жаңа әлеуметтік рөлге ие болуымен мінез-құлықтары, психологиялық көңіл күйлері, ойлау қабілеттері қатты өзгерістерге ұшырайды. Бастауыш сынып оқушысы үшін оқу әрекеті бағаланатын әрекет болғандықтан, олар үлкен жауапкершілікті сезіне бастайды және өз істерін басқалардың істерімен салыстырып бағамдайды.
Оқу әрекетіне қызығуымен қатар балалар ойын әрекетін де жақсы көреді. Сондықтан сабақта оқушылар тез жалығып кетпеулері үшін мұғалім түрлі жаттытырулар жасатып, ойын технологияларын пайдалана отырады.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары ата-аналарынан басқа, талаптары барлық балаларға ортақ, оқыту мен тәрбие үрдісін басқаратын мұғалім тұлғасымен танысады. Мұғалім мәртебесі бастауыш сынып оқушылары үшін өте жоғары, беделі биік. Сондықтан бұл жастағы оқушылар мектеп ережесін тиянақты орындауға тырысады, мұғалімнің айтқан талаптарын заң ретінде қабылдайды.
Бастауыш сынып оқушыларының басым көпшілігі қарым-қатынасқа ашық, ынталы, үлкендерге сенгіш болып келеді. Сыныптастарымен әлеуметтік әрекеттесу және достар табу бұл жастағы оқушылардың маңызды міндеттерінің бірі. Мектеп ережелерін орындау арқылы олар өздерінің мұғалімге және көпшілікке деген қатынастарының қандай екенін білдіреді.
Оқушылар мұғалімнің басқа оқушылар алдында жасалған ескертулерге өте сезімтал келеді, сондықтан оларды көп мақтау, мадақтау олар үшін өте тиімді ынталандырушы күш. Оқушылар жаңа іс-әрекет дағдыларын үйренгенін, жақсы орындай алатынын жоғары бағаланғанын қажетсінеді. Үлкедердің сенімінен шығуға тырысады. Сондықтан осы жаста олар «Міне мен осылай жасай аламын», «Менің жасағанымды қараңызшы», т.с.с. сөздері арқылы үлкендер назарын өздеріне аудартқысы келіп тұрады.
Бастауыш сынып оқушыларымен педагогикалық қарым-қатынасты орнатуға қойылатын талаптар қатарында мұғалімнің эмпатиялығы және коммуникативтік құзыреттілігі ерекше мәнге ие. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары үшін мұғалімнің жүзінің жылы, көңілді болуы маңызды: күлімдеу, күлдіру, көңілдерін көтеру, мақтау, педагогикалық қолдау көрсету, т.с.с


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет