Сабақ тақырыбы Тура пропорционалдық және оның графигі



бет1/3
Дата25.04.2024
өлшемі1,01 Mb.
#201368
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Тура пропорционалдық және оның графигі




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.4В бөлім: Шамалар арасындағы тәуелділіктер

Мектеп: №4 ЖББОМ

Күні:22-23.04

Мұғалімніңаты-жөні: Нуримова Г.М.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Сынып: 6

Сабақ тақырыбы

Тура пропорционалдық және оның графигі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу;
6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу.

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • тура пропорционалдықтың графигін салады;

  • сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • тура пропорционал тәуелділіктің графигін салады;

  • графигі берілген тура пропорционалдықтың формуласын жазады;

  • тура пропорционалдықты қолданып, есеп шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • тура пропорционал шамалар арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктерін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • тура пропорционал шамалар;

  • тура пропорционалдықтың формуласы;

  • пропорционалдықтың коэффициенті;

  • кері пропорционал шамалар;

  • тура пропорционалдықтың графигі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту

Пән аралық байланыстар

Шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті орнату біліктілігі практикалық мәні өте зор. Физикада және химияда прибормен өлшеуге келмейтін жағдайларда тәуелділіктердің формулалары арқылы шамалардың мәндерін табуға болады.

Бастапқы білім

Формулаларды (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.) біледі. Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба алады, алгебралық өрнектің мәнін таба алады. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала біледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет