6. Жаңа сабақты бекіту.
Жеке жұмыс.
Тапсырма 3.
№1.
А нүктесі арқылы өтетін y = kx тура пропорционалдығының графигін салыңыз. График бойынша k-ның мəнін табыңыз. y = kx тура пропорционалдығының формуласын жазыңыз.
a) А(5; 4); b) А(−2; 6).
№2.
3-суретте графиктері берілген тəуелділіктердің əрқайсысының:
3-сурет.
a) формуласын жазып, формуладан k-пропорционалдық коэффициентін табыңыз;
b) графиктердің əрқайсысы қай координаталық ширектерде орналасқан?
№3.
Велисопедші 12км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Жүрілген жол s-тің (километр есебімен)қозғалыс уақыты t-ға (сағат есебімен) тәелділігін өрнектейтін формуланы жазыңыз. Бұл тәуелділік тура пропорционалдылық болып табыла ма?
Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді.Әр оқушы есепті өз таңдаулары бойынша шешеді. Егер қате жасалса, ол себебін анықтап, түзетеді. Түсіндірме дескриптор арқылы жүргізіледі.
Қосымша2.
Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2. – Изд. 2-е, перераб./ Г.В. Дорофеев, Л.Г. Петерсон. – М.: Издательство «Ювента», 2010. -128с: ил.
Қосымша3.
Қосымша4.
Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6.
|
Сабақтың соңы
37-40 мин
|
7. Сабақты қорытындылау.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім;
- нені толық түсінбедім;
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Үйге тапсырма:
Шамалардың арасында тура пропорционал тәуелділік болатын күнделікті өмірге негізделген есеп құрастырыңыз. Тура пропорционал тәуелділік берілген формуланы жазыңыз, кесте мен графикті салыңыз.
Мысалы, егер интернет қызметін 1 ай пайдалану 4 мың теңге тұратын болса, интернет қызметін пайдалану құнының интернетке қосылу айлар санына тәуелділіктің формуласын жазыңыз.
|
|