Жоспар: Сөйлеуді дамыту теория және әдістеме негіздері



бет4/9
Дата05.04.2022
өлшемі21,98 Kb.
#137933
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2-3 тақырып

Екінші заңдылық: сөйлеу мәнін түсіну баланың лексикалық және грамматикалық тілдердің әртүрлі дәрежелі жалпыламадағы мағынасын меңгеруге байланысты. Бала лексикалық және грамматикалық дағдыларды меңгерген, сондай-ақ лексикалық және грамматикалық тілдік мағыналарды түсіну қабілеті дамыған жағдайда ана тілі меңгеріледі. Ана тілді меңгерудің табиғи жолын келесідей елестетуге болады: бала дыбыс кешенін естиді, оларды түсінбес бұрын дауыстап айтады, уақыт өте келе шығарылып жатқан дыбыстар кешенінің лексикалық мағынасын түсіне бастайды, яғни оларды белгілі бір болмыс құбылыстарымен салыстырады. Оның алғашқы сөйлемі – бұл сөздердің жиынтығы (қатары). Бала сөздердің лексикалық мағыналарымен бірге өзінің алғашқы синтаксистік абстракциясын: предикативтілік қарым-қатынас мағынасын түсінеді, яғни бастауыш пен баяндауыш қарым-қатынастарын, бекіту және терістеу мағынасын («Бұл-ана», «Бұл-тәте»). Бала сөздерді дұрыс айта алмай, өзінің сөйлеу органдарының бұлшықетін басқара алмай, қолының көрсеткіштік ишарасын «әмбебап есімдік» ретінде қолдана отыра, алғашқы сөйлемдерін құрастырады: «Ы-ляпа» (бұл шляпа). Бала өз сөзінің лексикалық мағынасын – предикаттарын номинативті (дара затты атайтын) қабылдауы мүмкін, бірақ олардың предикативті мағынасын интуитивтік түсінеді. Және бұл грамматикалық мағынаның алғашқы түсінігі – ақыл-ой өрісінің маңызды құраушысының туындайтындығын растайды. Тілдік дағдыларды меңгерудің алдағы жүйелелігін және олардың көмегімен танымдық қабілеттің дамуын келесідей елестетуге болады. Бала өзі қолданатын сөздердің жалпылама мәнін жақсы сезіне бастайды. Ең алдымен ол сөздерді (Мысалы, қасық, мама, Әйгерім) берілген заттар немесе тұлғалардың белгіленуі ретінде қабылдайды. Содан соң, жануарлар, құстар, жәндіктер бейнеленген суреттерді қарай отыра, оған сөздердің жалпылама лексикалық мағынасы қолжетімді бола бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет