Кенеттен басталады. Алғашқы минуттарда кеуденің жедел шаншып ауыруы және жедел дамитын ентігу болады. Ауырсыну дем алғанда және жөтелгенде күшейеді. Ауырсыну мойынға,иыққа,қолға және бел, іш аймағына беріледі. Өте ауыр жағдайларда науқас талып қалады және терінің бозаруы, акроцианоз, тахикардия, қорқыныш, үрей сезімі болады. Науқастың қалпы жартылай отырған немесе жанына қарай жатқан қалыпта болады.
Екіншілікті спонтанды пневмоторакс
Ауру ауыр түрде өтеді және жүрек қан-тамыр жүйесінің өзгерістерімен жүреді. Асқынған түрінде күш түскен пневмоторакс, гемоторакс және реактивті плеврит, өкпе коллапсы дамиды.
ДИАГНОСТИКА
Жалпы қарау: бір жақ кеуде қуысының тыныс алуда артта қалуын, пневмоторакс жағыда қабырғааралықтарының ісінуін, тыныс алуда қосымша бұлшықеттердің қатысуын көруге болады. Екіжақты пневмоторакс кезінде диффузды немесе акроцианозды байқауға болады.
Пальпацияда: тері асты эмфиземаның белгісі ретінде крепитация болу мүмкін. Пнемоторакс жақта дауыс дірілінің әлсіреуін білінеді.
Перкуссия: тимпанит немесе қораптық дыбыс
Аускультация: коллабирленген өкпе үстінде тыныстың әлсіреуі.
Лабораторлық зерттеу.
Лабораторлық зерттеу.
жалпы қан анализі
Жалпы зәр анализі
Қанның биохимиялық анализі
Коагулограмма
Қан тобы және резус фактор
Қақырықты туберкулез микобактериясына зерттеу
Инструменталды зерттеулер:
ЭКГ (тахикардия, ырғақ бұзылысы)
Екі проекцияда кеуде қуысының рентгенографиясы
КТ
Плевральды куыстың УДЗ
НЕГІЗГІ РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕР:
Коллабирленген өкпе көлеңкесі
Перифериялық бөлікте өкпелік суреттің болмауы
Өкпенің шеті
ҚАҚПАҚТЫ ПНЕВМОТОРАКСТЫҢ НЕГІЗГІ РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕР:
Көкірекаралықтың сау жаққа ығысуы
Пневмоторакс жақта қабырғааралықтың кеңеюі
Пневмоторакс жақта диафрагма куполының төмен болуы