Ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны
Толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы» – деп
Жазды.
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің «Қазақ тағылымы» атты
Монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті.
Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық
Әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі
Аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты,
Қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне
Берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу; сегіз
Қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап,
Оның баюына үлес қосу.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты
«жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» – деп жазылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы «Мектеп жасына дейінгі және
Мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы» халықаралық адам құқығы
Туралы нормаларға сәйкес жазылған.
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі
Мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне
Мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді,
Саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап,
Экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды
Тәрбиелеу. 3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері.
Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды. Дүниетіным – тәрбиенің
Маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетіным – адамның табиғат пен әлеуметтік
Орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге
Көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.
Ақыл-ой тәрбиесі – оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми
Көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің
Басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми
Білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі,
Ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным
Іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.)
Дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық,
Төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық
Сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға
Үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
А) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
Ө) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен
Таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
Б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
• бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы
(көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен
Талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру
• эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
• әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке,
Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке,
Тәрбиелеу.4. Тәрбие процесінің мәні.
Тәрбие процесінің мәні – баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының
Жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін
Талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және
Достарыңызбен бөлісу: |