А.К. Маркова кəсіпқойдың қалыптасуында 5 деңгей мен 9 кезеңді бөліп көрсетті:
Кəсіпқойлыққа дейін мамандықпен алғаш рет танысу кезеңі;
Кəсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: мамандыққа бейімделу, өзін-өзі таныту жəне шеберлілік түріндегі мамандықты еркін меңгеру;
Жоғары кəсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: шығармашылық түрде мамандықты еркін меңгеру, əр түрлі мамандықтармен шұғылдану, өзін-өзі тұлға ретінде өзіндік шығармашылық болжау жасау;
Кəсіпқой емес тұлғаның оқшаулануынан еңбектің кəсіби бүлінген нормалары арқылы орындалуы;
Кəсіпқойлықтан кейін кəсіби іс-əрекеттің аяқталуы [4].
Кəсіби қалыптасу процесіндегі іс-əрекет динамикасын Н.С. Глуханюк зерттеген. Оның айтуынша, кəсіпке дайындық, оған бейімделу, шеберлік т.б. кезеңдерде тұлға іс-əрекеті күрделене жəне кеңейе түседі. Ал, В.Д. Шадриков кəсіби мəнді сапа ретінде іс-əрекет тиімділігіне жəне меңгеру табыстылығына əсер ететін іс-əрекет субъектісінің индивидуалды сапаларын қарастырған [5].
Н.С. Пряжников кəсіби өзіндік анықталуды зерттей келе, оның келесі түрлерін бөліп қарастырған: нақты еңбек функциясы кезіндегі, нақты еңбек орнындағы, нақты мамандықтағы, нақты кəсіптегі, өмірлік, тұлғалық жəне тұлғаның мəдениеттегі анықталулары [6].
Л.М. Митина кəсіби іс-əрекет қалыптасуының екі моделін бөліп көрсетті.
Бейімдік (адаптивті) моделі – адам сана-сезімінде кəсіби еңбектің сыртқы жағдайларға тəуелді болу тенденциясы кəсіби міндеттер, ережелер, нормаларды шешу алгоритмдерінің орындалуы түрінде басым болады.
Кəсіби даму моделі – тұлғаның қалыптасқан практика шектерінен шығу, өз іс-əрекетін практикалық қалыптасу затына айналдыру жəне сол арқылы өзінің кəсіби мүмкіндіктерінің шектерін жеңе алу қабілеттіліктерімен сипатталады [7]. Тұлғаны сана атрибуты ретінде қарастыратын болсақ, онда ол өзінің қажеттілігін бойындағы белсенділікпен көрсете алады. Бұл арада тұлға алдындағы құндылық пен сол құндылыққа жету мүмкіндігі орын алуы үшін тұлғаның ішкі рухани қабілеті жұмсалып, оның əрекеті белсенді сипатта болуы керектігін айтып кетсек болады. Əлбетте, белсенділік дара емес əлеумет, ұжым ішінде көрінеді. Сондықтан біз студенттердің де іс-əрекетін қоғамдық іс- əрекеттерден бөлу мүмкін еместігін, олармен қатар кəсіби, педагогикалық жəне т.б. іс-əрекеттердің жүретіні жайлы айтқымыз келеді. Л.С. Выготский бұл мəселені яғни, тұлғаны əлеуметтік орта мен қоғамнан бөліп қарастыру мүмкін еместігін қарастыра келе, психологияда дамудың əлеуметтік жағдайлары деген түсінікті енгізген. Оның айтуынша, тұлғаның дамуы индивидтің мəдени құндылықтарды меңгеруімен ұйғарылады. Адамдық мазмұн жəне мəн адам қатынастары нəтижесінде туындайды, яғни баланың баламен, үлкендермен тікелей əлеуметтік байланысы кезінде туындап, интериоризация арқылы адам санасында дамиды. Сонда бұл жерде адам қоғаммен жəне басқа адамдармен біріккен іс-əрекет жасау арқасында қалыптасады, дамиды жəне өзгереді десек те болады [8].
Тұлғаны белгілі-бір іс-əрекет тəсіліне дайындық күйлерін реттейтін функциялар өте көп. Осындай функцияларды атқаратындар қатарында өмірлік ұстанымды, қызығушылықтар бағыттылығын, құндылықтық бағдарларды, əлеуметтік бағдарларды, субъективтік қатынастарды, жетекші түрткіні қарастыруға болады. Отандық психологияда индивидпен саналанатын жəне мойындалатын барлық əлеуметтік құндылықтар оның өмірі барысында ассимиляцияланып, даралық құндылықтарға айналатыны жөнінде пікір айтылған.
Адамның кəсіпке бейімделуі басталғанда ол көптеген бейтаныс адамдармен байланысқа түседі. Ол тұлғаны тұрақты қалыптастыратын фактордың ең негізгісі кəсіптік қызмет процесінде, оң мотивация ретінде кəсіптік қажеттілік қалыптасқанда болады дейді. Климовтың ойынша, əрбір кəсіптік топ үшін өз қызметтерінің мəні, құндылықтары бар. Егер таңдалған кəсіп, өмірлік мəн, субъекті бірлессе, онда кəсіптік қызмет мəнді, өмірлік сипатқа тең болады.
Э. Эриксонның айтуынша, жоғары оқу орнына түсу тұлғаның үлкендер рөлін қабылдауымен байланыста болады.
Тұлға қалыптасуының алғашқы кезеңі мектепке дейінгі жас. Тұлғаның əлеуметтену процесі адам өмірінің алғашқы сағаттарынан басталады. Бірақ алғашқы үш жыл өмірдің тарих алды, яғни оның дамуына қажетті жағдай туғызу кезеңі болып табылады. Элькониннің жіктемесі бойынша бұл нəрестелік кезең делінеді. Мектепке дейінгі кезең - (3-7 жас) алғашқы этикалық нормалар қабылданатын кезең. Баланың негізгі қызмет түрі рөлдік ойын. Осы кезеңде бала идентификация арқылы ережелерді, нормаларды, критерийлерді қабылдайды. Бұл процесс дəнекер үлкен адам арқылы жəне құрбысы арқылы жүзеге асады. Балалардың жүріс-тұрысына үлкен адамдар, олардың қимыл- қозғалысы, қарым-қатынасы үлгі болады.
Жасөспірімдік кезең (10-11, 13-14 жас). Бұл жастағы балалардың негізгі қызметі айналасына айрықша назар аудару. Сонымен қатар, бұл жаста араласудың ерекше нысаны – құштарлық (интимдік) қатынас пайда болады. Жасөспірімдік шақтың алғашқы кезеңінде құрбыларға деген бағдарда бұрылыс болады. Құрбылармен сөйлесу жəне мұндай қатынастардағы жақсылық жасөспірім үшін үлкен құндылық. Кольбергтің жіктемесі бойынша, бұл кездегі құндылықтың қалыптасуындағы негізгі рөл эмоцияға беріледі. Оның ойынша, дəл осы жасөспірімдік кезде эмоция дамуының психологиялық сатысы басталады.
Жастық кезде (15-18 жас) тұлғаның негізгі компоненттері қалыптасады. Олар мінез, жалпы жəне арнайы қабілеттер. Тұлғаны қалыптастыратын қиын компоненттер үлкен өмір табалдырығын аттаудың алғышарттары болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі, өзіндік рефлексияның күшеюі, яғни өзінің тұлғасын тану, өз қабілеттерін бағалау.
Осы кезде венгр философы П. Хайдудың айтуынша білім алу кезінде эмоционалдық бағалау мен уайымдау болмаса, индивидтер позитивтік құндылықтарды тек сөз жүзінде вербалды деңгейде ғана қабылдайтын болады [9].
Сонымен əлеуметтік нормалар мен жалпы қабылданған принциптерді рационалды бағалау, саналы ішкі қабылдаудың негізгі жағдайы болып табылады.
Жоғары оқу орындарында кəсіби дайындыққа оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, ұстаздар мен топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері, оқу-тəрбие шаралары т.б. жағдайлар əсер етеді. Бұл ықпалдарды көптеген зерттеушілер жұмысынан байқауға болады. Б.С. Круглов, А.В. Петровскийлердің айтуларынша, оқытуды ұйымдастыру кезіндегі дəстүрлі емес нысандар құндылықтық бағдарлардың қалыптасуына əсер етеді. Сонымен, бұдан көрініп тұрғандай белгілі бір құндылықтың пайда болуы кəсіпке бейімделуге септігін тигізеді. Оқыту процесі кезінде, кəсіптік оқыту кезінде студенттердің бойында құндылықтық бағдарларды қалыптастыруға үлкен əсер тигізетін тұлға ұстаз болып табылады. Ол ұстаздың оқыту процесін ұйымдастыруына жəне оның мазмұнына байланысты.
Сондықтан, кəсіпке бейімделудегі құндылықтың дарытылуын қамтамасыз ету мақсатында оқытушылардың біліктілігі мен тəжірибесіне зор мəн беру қажет.
Кəсіпке дайындалу жүйесі адам өмірінде ұзақ жылдар қалыптасып, біртіндеп индивидтің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Индивидтің бойындағы кəсіпке дайындалу қандай деңгейде болса да, ол өзінің маңызы бойынша адамды сипаттап, əлеуметтік жағдайларда адам мінез-құлқын саналы түрде басқарып, реттеп отыратын əрекетте өзінің ерекше орнын көрсетеді.
Осылайша, кəсіпке дайындық адамның мақсатына жетудегі барлық іс- əрекетін басқаруға əсер етіп отыратын ерекше сипатымен түсіндіріледі. Сондықтан да, біз студенттердің бойындағы кəсіпке дайындық ерекшеліктерін, оның кəсіпке бейімделуге əсерін қарастыруға ниеттендік. Ал жұмыс қорытындысы болашақта келер ұрпақты оқыту мен тəрбиелеуде өз əсерін тигізеді деген ойдамыз.
Сонымен, нарықтық қатынастар дамыған қазіргі кезеңде тұлғаның дамуы, қалыптасуы бірінші кезектегі мəселенің бірі болып отыр. Өскелең ұрпақты тəрбиелеу жəне оқыту тек қана мұғалімдердің педагогикалық шеберлігіне, оқу- материалдық базаның түгелдігі, оқу бағдарламаларының сапасы мен мазмұнына ғана байланысты емес, сонымен қатар, адамның психикалық қасиеттерінің қалыптасуына да байланысты болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |