Жоспар:
1.Тренинг топтыњ маќсаттары.
2.Топтыќ нормалар.Ролдік позициялар.
3.Топтыњ бірлігі туралы түсінік. Топтаѓы лидер.
4.Тренинг топтарындаѓы гомогендік жєне гетерогендік.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Тренинг
топтыњ маќсаттары. Топтыќ нормалар.Ролдік позициялар.Топтыњ бірлігі туралы
т‰сінік. Топтаѓы лидер.Тренинг топтарындаѓы гомогендік жєне гетерогендік
сұрақтарын жан-жақты ашып көрсету.
Тақырыптың негізгі ұғымдары:топтыќ динамика,топтыќ динамика т‰сінігініњ
негізгі бес элементі.
Тренинг топтың қалыптасу тарихы
Т – топтың тууы белгілі әлеуметтік психолог Курт Левиннің есімімен
байланысты. Ол 1933 жылы Германиядан Америкаға қоныс аударылып, топтық
динамика және әлеуметтік әрекет мәселесінен шұғылданды. Осы кезеңде
әлеуметтік психологтар алдында көптеген сұрақтар туды. Топтық әдістерімен
басқару медицина, педагогикада кеңінен таралды. Топтық қарым-қатынас
феномені – ғылыми түсініктемесіз болады. Осыны түсіндіру үшін Левин өмірлік
кеңістік- полясы теориясын жасады. Ол мынаны түсіндірді «тіршілік етуші
және бірлескен факторлардың жиынтығы – берілген уақыттағы индивидтің мінез-
құлқын көрсетеді». Бұл факторлардың жиынтығы жеке адамды, оның
психологиялық қоршауын қамтиды, бір тұтас психологиялық поля жасай отырып.
1939 жылы «Әлеуметтік кеңістікте эксперименттер» деген мақаласында Левин
бірінші рет «топтық динамика» терминін қолданады, кейінен ол жалпы
қолданылатын терминге айналды. Шынын айтқанда Т – топ өз бастауын Левин
басшылық жасаған оның әріптестерінің лабароториялық тренинг сабақтарынан
алады. Т- топтың пайда болған дәл анық айтуға болады. 1945 жылы АҚШ-та
топтық динамиканы оқу орталығы ашылады, онда қоғамдық ғылымдар мамандары,
Левин – топтық динамика тренинг жасаушы – қызмет етті.
1946 жылы топаралық қатынас шеберханасының жұмысын ұйымдастырушылар
оқыту және бір мезгілде топтың динамиканы зерттеу үшін жаңа әдісті
ойластырады. 1947 жылы АҚШ-та Тренингтің ұлттық лабароториясы жасалады, ол
қазірде қызмет етуде. Топпен психологиялық жұмыстың көптеген түрлері Т-
топтарымен бірге іске асады. Оларды әлеуметтік-психологиялық тренинг
түсінігіне біріктіреді.
«Т- топ» термині шет елде қазіргі уақытта кең спектірлі топтарға
жатады, олардың мақсаттары әр түрлі. Оларға басқарушылар тренингін,
бірлескен мінез-құлыққа қатынасушыларды тәрбиелеу және топта бірлескен
қатынасты қалыптастыру, синзетивті топтар жекелей даму және т.б. кіреді.
Шейн мен Бейнес (1965) лабароториялық тренингтің мақсаттары мына
аспектілерден тұрады деп, көрсетеді:
1. Психологиялық қорғану барьерлерін төмендету және жекелей дәрежеде
сенімсіздікті жою есебінен өзін-өзі тануын дамыту.
2. Топтық қызмет жасауына кедергі келтіретін немесе жеңілдететін
шарттарды түсіну.
3. Басқалармен нәтижелі бірлескен әрекет жасау үшін топта бірлескен
қатынастың дәрежесіне жету.
4. Ұйымдастырылған топтың, жекелей мәселелерді диагностикалау іскерлігін
игеру. Мысалы, топтағы тартысты жағдайды шешуі немесе топтың бірігуін
нығайту.
Т- топтың әр түрлі бағыттарын олардың жалпы принциптері мен топтық
динамиканың элементтері байланыстырады.
Топтық динамика түсінігіне негізгі бес элемент кіреді:
1. Топтың мақсаты.
2. Топтың нормасы.
3. Топтың құрылымы және лидер мәселесі.
4. Топтың бірлігі.
5. Топтың даму фазалары.
Г.С.Абрамова өзінің еңбегінде мынадай тұлғалық қасиеттердің даму
әдістерін көрсетеді:
Т-топтар (тренинг-топтар) – адамгершілік қарым-қатынастардың тренингі
топтары, алғашқылары 1946 жылы ұйымдасқан болатын. Мұндай топтар «енді және
осында» қағидасын ұстанып, лабораторияның ерекше оқытылатындары сияқты
назарларын қауіпсіз жерде іс-әрекеттің жаңа түрлерін сынаумен бекітті.
Оқытылатын цикл келесі кезеңдерден құрылады: өзін-өзі таныстыру – кері
байланыс – тәжірибе өткізу. Ашықтық – мұндай топтағы іс-әрекеттің негізгі
аспектісі болып табылады. Т-топтағы адамдар вербалды және вербалсыз түрде
басқа адамдарға өз сезімдерін білдіруге тырысып, оқып үйренеді.
Қатысушылардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу бойынша өзара жұмыс жасауға
кіргізу үшін жетекшінің маңызы өте зор, содан кейін жетекшіліктен бас тарту
қажет. Кездесу топтары. Т-топтардан айырмашылығы бұл топтарда топтың
динамикасын оқып үйренуге қарғанда, бөлек тұлғаның әлдеқайда тез дамуына
бағытталған. Соынмен қатар, олар тұтас сезімге немесе белгілі бір міндетке
бағытталған топтарға бөлінеді.