педагогикалық қызметтің құндылығына, мұғалім деген атқа сәйкес болу);
ориентация - бағыт-бағдарлау, яғни болашақ педагог мамандығын жан-жүрегімен сүйіп таңдау. Осы мамандыққа сай кәсіби жеке тұлға болып өсуін, одан да жоғары деңгейге дейін жетілдіре білу;
мотивация - саналы түрде осы мамандықты таңдаудың себеп-салдары, уәжі, пәнге қызығып, болашак педагогикалық қызмет жасауына оң көзқарасы;
рефлексивті (өзінің жеке басының ерекшелігіне салыстырма жасауға итермелеу, белгілі адамдармен жеке басының сапасын салыстыру).
Қазақстандағы биологиялық білім берудің даму тарихы
Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы
Мектеп жаратылыстануының мазмұны алғашқы кезеңдерде ғылымнан алшақ болып, негізінен діни бағытта болды. XVI — XVII ғасырларда негізге византиялық авторлардың шығармалары алынады. Көбінесе оларды аударулар мен қолдан - қолға бірнеше қайта көшірулер кезіндегі құнды материалдардың ғылымилылығының толық жойылуына себеп болды.
Жалпы алғанда мектептік білім беру, оның ішінде биологиялық білім беру Ф.Бэкон (1561-1621) негізін жасаған ғылыми танымның әдіснамасы әсерінен болды. Оның негізгі идеялары мыналар:
Жалпы алғанда мектептік білім беру, оның ішінде биологиялық білім беру Ф.Бэкон (1561-1621) негізін жасаған ғылыми танымның әдіснамасы әсерінен болды. Оның негізгі идеялары мыналар:
Эмпиризм
Утилитаризм
Индуктивизм
Каузализм
Редукционизм
Қазақстандағы биологиялық білім берудің даму тарихы
Қазакстанда биологиялық білім берудің міндеттерін шешуде алғаш рет еліміздің аймағының этнолингистикалық және экологиялық-география жағдайларын ескеріп, оқушыларда натуралистік рефлексия тудыруға мүмкіндік жасайтындай тиімді әдістемелік жағдай жасайтын біріңғай биологиялық білім берудің концепциясы қажет болды.