Жоспары: Биологияны оқыту әдістемесі



бет6/7
Дата09.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#152260
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жетписбай Мариям

Жан Батист Ламарк

  • Алғашқы эволюциялық теорияны баяндай отырып, тірі табиғаттың қарапайымнан күрделіге қарай эволюциясын дәлелдеді.
  • «Биология» терминін енгізді.

Ч.Дарвинның эволюциялық теориясы

Келесі эволюциялық теория Ч. Дарвиндікі. Ол биологияда пайда болған кезден эволюциялық көзкарас үстемдік етуде, яғни келесі ашылған жаңалықтардың барлығы эволюциялық тұрғыдан анықтап тексеріледі. Дарвин уақыт өте келе түрлер өзгеруі мүмкін, жаңа түрлер бұрын пайда болған түрлерден пайда болады және барлық түрлердің ортақ ата-бабалары бар деген теория ұсынды.

Тірі ағзалардың даму эволюциясы

  • Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар:
  • Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.
  • Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.
  • Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.
  • Тірі заттардын, ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілуі.

Эволюциялық табыс

  • Прогресс
  • Биологиялық алға басу (прогресс) - дарақтар санының, жүйеленген сан алуандықтың (едәуір усақ жүйеленген. топтар санының) артуы және аймақтың кеңеюі. Мәселен, мезозой кезеңінде сұмпайы кесірткелер (динозаврлар) үстем болды. Бұл олардың «биологиялық алға басу» кезі еді, яғни дарақтар көп болды, жүйеленген топтар (сан алуан ұшқыш, жыртқыш, теңізде тіршілік ететін және шөпқоректі динозаврлар) көп бөлды. Сөйтіп осы түрлер бүкіл ғаламшарды іс жүзінде жайлап алды.

  • Регресс
  • Биологиялық кері кету (регресс) - дарақтар саны мен олардың жуйеленген топтары санының кемуі және аймақтың тарылуы. Кері кету дегеніміз - алға басуға кері үдеріс, яғни эволюциялық сәтсіздік. Биологиялық кері кету кезінде санын қалпына келтіріп, алға басуға мүмкіндігі бар өкілдер жеткілікті мөлшерде сақталады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет