3. Қарама-қайшылық педагогикалық үдерістің қозғаушы күші.
Педагогика ғылымында қарама - қайшылықтардың ролін XX ғасырдың барлық кезендерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама - қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А. Данилов, М.Н. Алексеев, М.Н. Скаткин, Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский) Кейбір жұмыстарда ұжымының карама-қайшылығы (Л.И. Новикова) тәрбие процесінің (И.С. Марьенко, Г.И. Щукина, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев), білім берудің мазмұнындағы қарама - қайшылықтар (Г.И. Батурина) зерттелді. Демек, бірінші және негізгі қарама - қайшылықтар тобы бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама - қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама -қайшылықтар тобын психологтар жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген.
Олардың санына Г.К. Костюк келесі қарама - қайшылықтарды жатқызады:
■ жаңа қажеттілік, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға мүмкіншілігінің жеткен даму деңгейі арасындағы;
■ жаңа танымдылық міндеттерімен бұрын қалыптасқадн ойлау және іс - әрекет тәсілдері арасындағы; ■ тұлға дамуындағы жеткен деңгейімен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын, оның орны, атқаратын қызметі арасындағы; ■ жақсы жетістіктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы; ■ дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жетіспеуі арасындағы;
■ мақсаттылық, стереотиптік (еліктеушілік), тұрақтылық пен ширақтылық, өзгергіштікке ұмтылушылық арасындағы; ■ тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс - әрекет арасындағы.
Педагогикалық үдерістің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Сонымен тұтас педагогикалық үдерісті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.
Бекіту сұрақтары:
1. Педагогикалық үдеріс дегеніміз?
2. Біртұтас педагогикалық үдеріс дегеніміз?
3. Біртұтас педагогикалық үдеріс - мұғалім іс-әрекетінің объектісі және субъектісі болып қарастырылады неге?
4. Біртұтас педагогикалық үдеріс белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары қандай?
5. Қарама-қайшылық педагогикалық үдерісте не себептен туындайды?
Достарыңызбен бөлісу: |