Пантеизм (грек. pan барлығы және theos құдай; құдай барлығында) Құдайды екінші табиғатқа, физикалық дүниеге араластырады. Пантеист терминін 1705 ж. Ағылшын философы Дж.Толандом енгізген, ал пантеизм терминін оның қарсыласы 1709 ж. Нидерланд теологы Й. Фай енгізді. Пантеизм сөзімен белгіленген ілім сонау шығыс діндерінде, мысалы индуизмде қарастырылған. Батыс Европада пантеизмнің өрлеуі 16 – 17 ғ. басына жатқызылады. Осылай деп, табиғат ол заттардағы Құдай; физикалық дүниенің жалғыз және жеке мәні деп Дж. Бруно есептеген.
Эманация. Неоплатондықтар жасампаздықты мәнді ашуы ретінде эманации ұғымында негіздеген. Құдай дүниені өзінен тудыра отырып, дүниеге ауысуы. Эманация ( көне лат. emanatio ағу, шығу(истечение)) бір нәрседен екінші нәрсенің шығуын түсіндіретін философиялық ұғым. Оның көмегімен субстанцияның өзінің атрибуттары мен модустарында көрінуін, сонымен бірге мәннің құбылысқа ауысуын түсіндіреді.