Жоспары: Дін ұғымы, мазмұны



бет1/15
Дата07.02.2022
өлшемі34,25 Kb.
#97298
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
дін философиясы




Дін философиясы
Жоспары:
1. Дін ұғымы, мазмұны.
2. Діннің анықтамасы.
3. Дін филосоиясының негізгі категориялары.
Адамзат тарихында діннің көптеген түрлері бар. Олардың барлығы адамның толықсыздығынан, толықсыздығынан туындайды және жоғарғы құндылыққа жетуге, толығуға жолдар ұсынады. Дін дүниені түсінудегі және қоғамның, индивидтің жоғарлауында, өмірдің, универсумның мағынасын мойындаудағы адамдардың бірліктерін бекітудегі ең бір қажетті форма. Гегель дін — біздің санамыздың саласы, онда дүниенің барлық құпиялары шешілген, терең ойдың барлық қарсылықтары жоққа шығарылған, ол мәңгі ақиқат, мәңгі тыныштық, мәңгі бейбітшілік саласы; онда барлық халықтар өздерінің жетістіктерін және өмірлерінің рахатын көрген деп жазады.(Гегель Г. В. Ф. Философия религии. В 2 т.: Т. 1. М., 1976. С. 205).

Дін байланыстың қайта қалпына келуі және қайта өндірілуі ретінде


Дін ұғымы (лат. religio) лига сөзінен шығады, яғни байланыс, бірлік; лига сөзінің аналогы болып санскриттегі йога сөзі табылады (бағытталу, күш салу). Байланыс ұғымы шарттасқан, бірлескен, үздіксіз, бүтіндік, қауымдастық, т.б. мағынаны білдіруі мүмкін. Практикада дін ретінде әрбір байланыс түсіндірілмейді, онда рухани байланыс бірінші. Байланыс ішкі және сыртқы, кездейсоқ және қажетті, мәнсіз және мәнді, материалды және материалды емес болады.
Байланыс феноменінде үш аспектіні көрсетуге болады: материалды, энергетикалық, ақпараттық. Дінді ерекше байланыс деп айтқанда оның ішкі, қажетті, мәнді, заңды, материалды емес ақпараттық-энергетикалық бірлігін көрсетеді; сонымен бірге діни энергия (күш) өмірлік белсендік, рухани күштердің бостандығын түсіндіреді. Дін рухани байланыс бола отыра өзінің материалдық белгілерімен, символдарымен, әлеуметтік ұйымдарымен қосымша жүреді. Сондықтан діннің ең бір жалпы сипаттамасы жалпы байланыс ұғымын керек етеді, бірақ негізгі болып тұрақты рухани байланыс табылады.
Адамның руханилығы болмысқа, абсолютке космостық және қоғамның биіктеріне үнемі ұмтылу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет