Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Көрсетілім.
Коррекция.
Эффект.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ұсыну түрлеріне қарай ақпаратты екілік кодтаудың негізгі 3 түрі бар:
Ақпаратты кодтаудың мәтіндік түрінде әріптер мен символдар сол мәтін жазылған алфавиттің символдарымен кодталады.
Ақпаратты кодтаудың сандық түрінде сандық ақпарат кодталады.
Ақпаратты кодтаудың графикалық түрінде ақпарат суреттермен, кескіндермен кодталады.
Екілік алфавит 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жәй екілік таңбалар деп те атайды. 0 және 1 таңбаларының көмегімен тек 4 символды ғана (00,01,10,11) кодтауға болады, ал бұл өте аз. Кез келген символды мәтінді кодтауға 200-дей символ қажет болады. Сондықтан 0 мен 1 арқылы көп символды кодтау үшін 8 биттен, яғни сегіз 0 мен 1 –ден тұратын тізбекті қолдану қабылданған. Мәтіндік ақпаратты екілік кодтау кезінде оның әр символын сегіз нөл мен бірлерден тұратын байт жеп аталатын тізбек арқылы ұсынады.Нөл және бірлердің орындарын ауыстыру арқылы 8 биттен тұратын тізбектен 256 түрлі тізбек құруға болады.
Символдар мен кодтардың сәйкестігі арнайы код кестесінің комегімен орнатылады. Ол кесте ASCII коды деп аталады.
Көрсетілім. Оқулық §1.4, 21-бет , 2-кесте
ASCII коды кестесінен көрініп тұрғандай, әрбір символға немесе әріпке 8 биттен тұратын бір байттық код сәйкес келіп тұр.
ASCII кодтау кестесінде 16 жол, 16 баған бар. Кесте стандартты және баламалы екі бөліктен тұрады. Стандартты бөлік алғашқы 0-ден 127-ге дейінгі 128 символдық код цифрларынан, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдардан құралған.
Баламалы бөліктегі 128-ден 255-ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттерде (орыс, қазақ, тағы басқа) берілген.
Бүгінгі таңда ASCII кодымен таңбаланатын 256 символдың өзі компьютерде жапон, қытай тілдерінің алфавитін кодтауға жетпейді. Бұл алфавитте, иероглифтерде символдар саны 256-дан көп. Осы мәселені шешу үшін өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Юникод кодтау кестесі жасалды. Бастапқы Юникод кодтау 2 байт, яғни 16 биттен тұрды, 16 битпен 65536 символды кодтауға болады.
1-тапсырма. Жұптық жұмыс: «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, екілік алфавит символдарының мысалдарымен төмендегі сызбаларды толтыру тапсырылады.
Дескриптор:
- Шифрлаудың қандай əдістерін Бар екендігін біледі.
- Ақпараттарды компьютерде қалай өңдеуді үйренеді.
-Екілік таңбаны ұғады.
.
ҚБ: жетон /4балл/
2-тапсырма.Жеке жұмыс: «Кім жылдам» әдісі бойынша компьютерде практикалық жұмыс жасайды.
Кестеде берілген екілік кодтарды пайдаланып, төмендегі кестеге сәйкес келетін бейнені анықтаңдар. Ол үшін 1 символы берілсе, ұяшықтарды қара түске бояңдар, 0 символы берілсе, сол күйінде қалдырыңдар.
Дескриптор:
- Екілік кодтау туралы түсінеді.
Екілік кодтау туралы нақты тұжырым жасай алады.
-Кодтау кестесін пайдаланып сөздерді кодтайды.
-ASCII әріптердің номері бойынша кодталған сөздерді кері кодтай алады
ҚБ: жетон /2балл/
3-тапсырма. Топтық жұмыс: «Фрайер моделі» әдісі бойынша Оқушылар екі бөліктен тұратын тапсырмаларға топ бойынша жауап береді.
1.Code, Standard сөздерін кодтаңдар
2. Computer, Internet сөздерін кодтаңдар
ҚБ: жетон /4балл/
|
Мұғалімді тыңдайды
ASCII коды кестесімен танысады
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды
3-тапсырманы орындайды
|
Жетон
4 балл
Жетон
2балл
Жетон
4 балл
|
Интербелсенді тақта /компьютер
оқулық
ASCII коды кестесі
|