Жоспары: Ерекше қажеттілігі бар балаларды кез-келген тарихи дәуірдегі қолдау тәсілі,сол кездегі адамдардың көзқарасын бейнелейді



Дата10.06.2023
өлшемі15,16 Kb.
#178582
Байланысты:
Есалы Мөлдір ХБ-31 (2 СӨЖ)


Эссе
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның көзқарасы
Жоспары:
1.Ерекше қажеттілігі бар балаларды кез-келген тарихи дәуірдегі қолдау тәсілі,сол кездегі адамдардың көзқарасын бейнелейді.
2.Адамның ең маңызды игілігі –жеке басының бостандығы мен құқықтары.

Қай заманда болмасын қоғамда мүмкіндігі шектеулі балалар мүлдем болмаған деп айта алмаймыз.Барлық адам,жалпы қоғам мұндай балаларға бірдей жақсы көзқараста бола бермейді.Ерекше қажеттілігі бар балаларды кез-келген тарихи дәуірдегі қолдау тәсілі,сол кездегі адамдардың көзқарасын бейнелейді.Мысалы:мүмкіндігі шектеулі балаларға деген философиялық көзқарастардың қалыптасу тарихына үңілер болсақ,көне заманда мұндай балалардан құтылу қажет деп санаған.Орта ғасыр философиясында «ауытқушылықты» күнаға бату деп санаған.Кейіннен Сегрегация идеясы пайда болды.Яғни бұл дегеніміз,толық дамымаған адамдарды арнайы мекемелерге күштеп жіберу, «ұлттық тектік қорды былғау көзі» ретінде ұрықсыздандыру бағдарламасы.Міне осындай түрлі көзқарастан кейін Гуманистік идеялар пайда бола бастады.


Кез келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан, әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Осындай себептердің салдарынан, қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар күннен күнге көбеюде. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, әлеуметтік тұрмысқа баулуда, ата-ана мейірімімен қатар, мұғалім және психологтың тарапынан шексіз, мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады. Біздің Отанымызда да осы салаға байланысты арнайы сауықтыру орталықтары да жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта республикалық арнайы түзету мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде. Егер, әлеуметтік педагогикалық үдерісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттей алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осыдан кейін әлеуметтік психологиялық үдерісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбеққор және тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі туар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеруіміз керек. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психолог, емдік физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының арнайы тапсырмалары өте қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделудегі, тәрбиелудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата-аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады.
Адамның ең маңызды игілігі –жеке басының бостандығы мен құқықтары. Ата Заңымыз Конституцияның «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педегогикалық түзету арқылы қолдау» туралы Заңның 4- тарауында кемтар балалардың құқықтары бекітілген, нақты ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15-бап кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-психологиялық түзеу арқылы қолдауды кепіл түрде тегін алуға құқығын бекітті. «Балалардың құқықтары туралы Конвенцияда» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23-баптарында нақты көрсетілген. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болсада, мәртебесі сау адамдармен тең дәрежелі. Атап айтқанда мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық, экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екендігі айтылған.
Қорытындылай келе,біз яғни қоғам осындай мүмкіндігі шектеулі балаларға барынша мейірімді,қамқор болайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет