Жоспары: Геоморфологияға жалпы шолу


Геоморфологияның даму тарихы жайлы қысқаша мәліметтер



бет2/8
Дата14.09.2022
өлшемі159,13 Kb.
#149501
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
геомарфология

2. Геоморфологияның даму тарихы жайлы қысқаша мәліметтер

Көне грек ғалымдары біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлар арасында Жердің шар тәрізді екендігін анықтаған және оның шеңберін есептеуге тырысқан. Бұл сол кездегі антик әлем ғалымдарының зор маңызды жетістігі деп санауға болады. Орта ғасырлық парсы құжаттарында біздің кең байтақ қазақ даласын Дешти-и Қыпшақ (Қыпшақ даласы) деп атағаны бәрімізге мәлім. Атақты араб саяхатшысы Ибн-Батута XIV ғасырдың 30-шы жылдарында Алтын Орда астанасы Сарай Беркеден Хорезм еліне сапар шеккенде қырық күн бойы Каспий маңы ойпатымен Үстірт жазығы арқылы жүріп, өзінің көрген жерін «Ибн-Батута саяхаты» деген кітабында сипаттаған.

Ең алғаш бедердің даму заңдылықтары XVIII ғасырдың орта шенінде белгілі орыс ғалымы М.В.Ломоносовтың еңбектерінде қаралған. 1763 жылы жарық көрген «Жер қабаттары» деген еңбегінде ол геологиялық құрылымдар және жер қыртысы мен бедердің дамуы туралы өз тұжырымдарын келтірген.

М.В. Ломоносов бедердің дамуы ішкі және сыртқы күштердің әсерінен болатындығын атап көрсетті, бұл анықтама бүгінге шейін басты ұстанымдардың бірі ретінде түсіндіріледі. Автор бұл жұмысында жердің ішкі күштердің әсерінен пайда болған бедер пішіндеріне көбірек көңіл бөлген.

М.В.Ломоносов тербелмелі қозғалыстардан теңіздердің трансгрессиясы мен регрессиясы және теңіз жағаларының бедер пішіндерінІң пайда болуын, ал көтерілу мен иіліп төмен түсуі нәтижесінде таулар мен ойыстардың пайда болғанын түсіндірді. Сыртқы күштерге, жоғарыда аталғандай, жел, жаңбыр, өзен сулары, теңіз толқындары, мұздық т.б. әрекеттер енгізілді. Мұнда ағын судың эрозиялық және аккумуляциялық әрекеті бедердің өзгеруіне үлкен әсерін тигізетіндігі айтылған. Сонымен, М.В.Ломоносовтың еңбектеріне қарап оны геоморфологияның негізін қалаушы деп толығымен айтуға болады. Бірақ ол кезде оған ешкім көңіл аудармады, мұның өзі аталған саланың әрі қарай дамуына қолбайлау жасады.

XIX ғасырдың орта кезінде Ш.Уәлиханов пен П.П.Семенов-Тянь-Шаньский алғаш рет Іле Алатауының орографиялық сипаттамасын берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет