Жоспары: Геоморфологияға жалпы шолу



бет4/8
Дата14.09.2022
өлшемі159,13 Kb.
#149501
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
геомарфология

Басқа ғалымдардың ішінде геоморфология ғылымының дамуына өзінің едәуір үлесін қосқан - неміс ғалымы Вальтер Пенк. Ол жер бедерінің кескіні (профилі) бойынша жер қыртысы қозғалысын сипаттау үшін тектоникалық козғалыс және денудация арасындағы қарым-қатынас әрекеті нәтижесінде қалыптасқан тау беткейлерінің дамуын толық қарастырды. Ол тау беткейлерін үш түрге бөлді: тік беткей (прямой склон), ойыңқы иілген беткей (вогнутый склон) және дөңестене иілген беткей (выпуклый склон). Егер де жер қыртысының көтерілуі сыртқы күштердің әсеріне, яғни денудация процесіне теңбе-тең болса, онда тік беткейлер қалыптасады, егер де үгілу процесі тектоникалық көтерілуден басым болса, онда ойыңқы иілген беткейлер болуы мүмкін, ал керісінше жағдайда, яғни денудация процесі тектоникалық көтерілуден артта қалып отырса, дөңестене иілген беткейлер қалыптасады. Әдетте табиғатта көбінесе ойыңқы иілген жэне дөңестене иілген беткейлер жиі кездеседі.

В.Пенк ғылымға бірнеше жаңа ұғымдарды енгізді. Олар беткейлер экспозициясының жаңаруы, жергілікті базис, эрозия т.б. Ол құрлық бедерінің денудациялық даму тұжырымдамасын ұсынды. Мұнда таулы аймақтардағы жазыктану процестерінің әсері, В. Дэвис айтқандай, «жоғары» жағынан емес, «бүйір» жағынан жазық бағытта жүзеге асады. Тегістелу процестері тау беткейлерінің ағын су мен атмосфера агенттерінің әсерінен параллельді кейін шегінуі арқылы, яғни өзендердің су алабын бөліп тұратын суайрық қыраттар жан-жағынан жуылып-шайылып, аласарыңқырап, сонымен қатар аңғарлардың біртіндеп кеңеюі нәтижесінде пайда болады. Сөйтіп, тау етегінде гипсометриялық төмен деңгейде сәл еңкіш келген жазық-педиплен қалыптасады.

В.Пенк жер қыртысының көтерілуі мен тау беткейлерінің шайылу процестерінің бір мезгілде болып жатқан құбылыс екеніне анық сипаттама берді. Және ол өзара байланысты шөгінділерді зерттеу арқылы бедердің көнелігін (жасын) анықтауды да дұрыс тұжырымдады.

В.Пенктің зерттеуінде кемшітіктер де болды. Ол бедерді толық қарастырмай, тек беткей процестерін зерттеумен канағаттанды. Одан басқа ол тау етегінің сатылар идеясын ойлап шығарып, бірақ олардың пайда болуына дұрыс түсінік бере алмады. Оның ойынша, тау етегінің сатылары үнемі таудың көтерілуі нәтижесінде ғана пайда болады. Ал шынына келсек, мұндай жағдайда ешқандай сатылар түзілмеуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет