Жоспары: Геоморфологияға жалпы шолу



бет6/8
Дата14.09.2022
өлшемі159,13 Kb.
#149501
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
геомарфология

Педиплендіру процесін зерттеу жолында аса зор еңбек сіңірген ағылшын ғалымы Л.Кинг. Ол педипленді пенепленге қарсы қояды, өйткені пенеплен өңірінде жазықталу процестері жер, бетінің жоғары жағынан тегістелсе, педипленның қалыптасуы, В.Пенк айтқандай, беткейлердің «параллельді шегіну» жағдайында жүзеге асады.

Кейінгі кездердегі іздестіру жұмыстары геоморфологияның жаңа бағыттарын белгіледі, оларға жататындар: құрылымдық - геоморфологиялық зерттеу арқылы мұнай мен газды іздестіру (В.Е.Хаин, Ю.А.Мещеряков, Л.Б.Аристархова), мұнай-газ кұрылымдарын іздестіру барысында морфометрия әдістерін қолдану (В.П. Философов), кең іздеу және шашылымдарды іздестіру мақсатында бедерге талдау жұмыстарын жасау (М.В.Пиотровский, О.В.Кашменская. З.М.Хворостова), геоморфологиялық қарталар жасау (Н.В.Башенина, Г.С.Ганешин, А.И.Спиридонов), антропогендік мұз басу процестерін зерттеу (А.А. Асеев, Б.Ж. Әубәкіров), эрозиялық зандылықтардың дамуын зерттеу (Н.И.Маккавеев, М.Ж.Жандаев), бедердің карстық пішіндерін зерттеу (И.А. Гвоздецкий), шөл аймақтарын зерттеу (Б.Федорович), теңіз бен мұхит түбін, қайраң аймақтарық зерттеу (О.К.Леонтьеф, Г.И.Рычагов) және т.б.

Қазақстан аумағының бедер пішіндерін алғашқы рет зерттеген ғалымдар И.В.Мушкетов, В.А.Обручев, Л.С.Берг және т.б. 1940 жылдардан бастап Казақстанның геологиясы мен геоморфологиясын, бедердің даму тарихын, тектоникасын, соның ішінде жаңатектоникасын, төрттік шөгіндітер сипатын белгілі орыс ғалымдары зертгеді, олар: И.П.Герасимов, Н.Г.Кассин, Д.И. Яковлев, И.С. Яговкин, Б.А. Петрушевский, С.С. Шульц, М.П. Русаков, Б.А. Федорович, В.П. Нехорошев, Н.И. Николаев, А.А. Григоръев, Н.И. Тихонович, А.Л. Яншин. Г.Ц. Медоев, Б.А. Беспалов, Н.Н. Костенко, Е.В. Шанцер, З.А. Сваричевская, К.В. Никифорова, В.В. Галицкий және т.б.

1947 ж. Н.Г.Кассинның «Материалы по палеогеографии Казахстана» деген еңбегі шықты, 1941 ж. Д.И. Яковлевтің «Голодная степь Казахстана», 1953 ж. А.Л.Яншиннің «Геология Северного Приаралья», 1960 ж. К.В.Никифорованың «Кайнозой Голодной степи Центрального Казахстана», 1965 ж. ЗА.Сваричевскаяның «Геоморфология Казахстана и Средней Азии» және 1961 ж. «Древний пенеплен Казахстана» деген кітаптары жарық көрді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет