Жоспары: Геоморфологияға жалпы шолу



бет8/8
Дата14.09.2022
өлшемі159,13 Kb.
#149501
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
геомарфология

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағындағы тауларды зерттеген ғалымдар: И.П.Герасимов, С.С.Шульц, Г.А.Авсюк, В.В.Галицкий, В.П.Нехорошов, Н.Н.Костенко, Е.И.Селиванов, Д.Н.Казанли, М.Ж.Жандаев, М.И.Ломонович, Н.Ф.Колотилин, К.Т.Куликовский, Н.М.Чабдаров, А.П.Горбунов, Л.Н.Диденко-Кислицина, Л.К.Шупарская.

50-70 жылдарда жүргізілген ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі Қазақстанның тектоникасына, мұнай және газ туралы проблемаларға арналды. Бұл еңбектердің авторлары: П.А.Авров, Н.Я.Кунин, В.И.Дитмар, А.Б.Ли, Ф.Е.Синицин, М.М.Майлыбаев, Р.А.Шахов, В.А.Шурыгин және т.б.

30 жылдардан бастап Іле Алатауындағы мұздықтарды Н.Н.Пальгов зерттеген, кейін П.А.Черкасов, Г.А.Тоқмағамбетов, Г.К.Макаревич осы жұмыстарды жалғастырды. Қазақстан тауларының қар көшкін проблемаларын көп жылдардан бері И.В.Северский мен В.П.Благовещенский зерттеп келеді. Соңғы жылдары География институтының ғалымдары (Г.В.Гельдыева) Арал проблемаларымен шұғылданды.

1972 жылы Қазақстанның Оңтүстік бөлігіндегі таулардың геоморфологиясын зерттеген география ғылымының докторы М.Ж.Жандаевтың «Іле Алатауының геоморфологиясы және өзен аңғарларының пайда болу проблемалары» атты күрделі ғылыми еңбегі жарық көрді. 1983 жылы оның «Өзен аңғарларының пайда болу теориясы» деген тағы бір еңбегі шықты.

1991 жылы 1:1500 000 масштабты геоморфологиялық карта және бұған қосымша «Рельеф Казахстана» деген кітап «Ғылым» баспасынан басылып шықты (авторлары: А.В.Вислогузова, Н.М.Владимиров, А.Гуськова, А.М.Медеуов, Э.И.Нұрмамбетов, Г.М.Потапова, А.С.Сарсеков). Бұл бүкіл Қазақстан аумағының геоморфологиялық құрылысы туралы бірінші құрастырылып шыққан еңбек. Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары Каспий маңы аумағының 1:200000 масштабты геоморфологиялық картасын және Каспий теңіз қайраңының 1:500000 масштабты геоморфологиялық картасын жасап шығарды.


Бағалау критерийлері:


Дәріске атсалысып отырған, сұрақтарға жауап берген студенттерге 0-100% дейінгі пайыздық мөлшерлемемен бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет