Бірінші міндеті - химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын көрсету.
Екінші міндеті – пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
Үшінші міндеті - табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге асатын құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру.
Төртінші міндеті- орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материалын іріктеу.
Бесінші міндеті - химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.
Алтыншы міндеті- орта мектепте оқылатын теориялардың мазмұнын, деңгейін жэне орнын негіздеу.
Жетінші міндеті - орта мектептегі химия ғылымының негізіне кіретін өндірістік материалдарды анықтау арқылы оқушылардың политехникалық әзірлігін арттыру.
Сегізінші міндеті- табиғатты аялай білуге баулу;
Тоғызыншы міндеті - оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру.
Оныншы міндеті- оқушыларға химияның ғылыми тілін жетік меңгерту;
Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады.
Олар:
Заттар туралы ілім;
Химиялық теориялар мен заңдар жөніндегі білім;
Химиялық өндіріс туралы білім.
Танымдық үлкен мәні бар материалдар, олардың негізінде үғымдар жүйесі қалыптасады, теорияларды меңгеруг нақты негіздер қолданылады (мысалы, сутек, оттек, су] кейбір металдар мен бейметалдар, тигггік оксидтер, қышқылдар және түздар).
Практикалық мәні бар тақырыптар (минералды тыңайтқыштар, ионидтер, синтетикалық кір ашатын заттар сабын, т.б.).
Тірі және өлі табиғат негіздерін құрайтын басты, заттар, қосылыстар (кремний, кальций, олардың қосылыстары , майлар, нәруыздар, көмірсулар, т.б.).
Кейбір технологиялық үрдістер мен химия өндірісі жөнінде мәліметтер беретін тақырыптар енгізілген (аммиак, күкірт және азот қышқылын өндіру, этилен, альдегидтер өндіру т.б.).
Қазіргі ғылым мен өндірістің жетістіктерін көрсететің материалдар (мысалы, катализатор, синтетикалық каучук, синтетикалық амин қышқылдары, жасанды талшықтар, пластмассалар, жасанды алмаз, нәруыздар, т.б.)
Қазіргі таңда мекткеп химия курсы келесі теориялық концепциялар негізінде оқытылады:
Атом-молекулалық ілім;
Электролиттің диссоциация теориясы
Химиялық реакциялардың жүру шарттары және механизмі
Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі және заңы
А.М.Бутлеровтің органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы