4.Ұмыту.
Ұмыту (ұмытушылық). Ұмыту дегеніміз — қабылдағанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық басым болады. Ұмыту қабылданған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді. Мысалы, әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі, ғалым Карл Линней әбден қартайғанда өзінің 40-50 жыл бұрын жазған шығармаларын оқып отырып: "Шіркін-ай, мен осындай шығарманың авторы болсам, — деп таңырқапты. Ұмыту ес үрдісі ретінде бұрынғы әсерлерді және оларды қайта бейнелеу мүмкіндіктерін жоғалтумен байланысты. Адамның ішіп жүрген кезінде ұмытқандары бір кезде жаңғырып, еске түсуі мүмкін. Уақытша ұмытуды сақтық тежелуді атайды. Ұмыту — жүйкедегі тежелу үрдісінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте сақтау жұмысына бөгет болса, оны проактивтік тежелу, ал бұрыннан есінде сақталған материалына кейінгі қызметтері бөгет болса, ретроактивтік тежелу дейді.Мысалы, мұндай жайттар мағынасы бір-біріне жақын материалдарды үйренуде жиі кездеседі. Оқу-тәрбие істерінде, әсіресе, сабақ кестесін жасауда осы мәселені айрықша ескеру қажет, яғни бір тектес пәндер мен түсінігі жеңіл, күрделі болып келетін пәндерді араластырып отырған жөн. Ұмытуды алғаш рет Г. Эббингауз зерттеп (1885), мағынасыз вербалдық материалдың жадта сақталуының уақытқа тәуелділігін эксперименттік тұрғыда анықтады. Бұдан кейінгі зерттеулер ұмыту қарқынының есте сақталатын материалдың көлеміне, оның мазмұны мен ұғынылу дәрежесіне, есте сақталатын және интерференттелетін материалдың ұқсастығына, есте сақталатын материалдың мәнділік дәрежесі мен оның субъектісінің қарекетіне қамтылатындығына және т.б. байланысты. Қайсыбір материалды еске түсірудің мүмкін еместігі оның мүлдем ұмытылғандығын білдірмейді: материалдың нақты нысаны ұмытылады, бірақ оның субъект үшін мәнді мазмұны сапалық өзгерістерге ұшырап, субъектінің тәжірибесіне қосылады. Интерференциялық теорияларға сәйкес, ұмыту проактивтік және ретроактивтік интерференцияның ықпалымен жад ізінің өшірілуінің салдары болып табылады. Р. Аткинсон бойынша ұзақ мерзімдік жад мәңгі, ал ұмыту былайша болады: еске түсірудің кілті сынама ақпарат болып табылады, осының арқасында ұзақ мерзімдік жадтың қоймасында тиісті іздеу жинағының белсенділігі күшейеді: сынама ақпараттың лайықты таңдалмауы және одан кейінгі сәтсіз қайта жаңғырту ұмытуға әкеп соғады. Бірақ бұл теория да осал, өйткені ұмытудың барлық феномендерін түсіндірмейді. Қазіргі уақытта жадтың ұмыту феноменін түсіндіретін психологиялық теориясының жасалу келешегі дәстүрлі іздер доктринасымен байланысты емес, жад туралы осы сөздің өз мағынасындағы іс-әрекет ретіндегі түсінікпен байланысты.

ІІІ. Қорытынды.
Балаларда ес олардың өмірінің алғашқы күңдерінен бастап дамиды. Естің дамуы тәрбие үрдісінде дамып келе жатқан жүйке жүйесінің негізінде, іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінде (ойын, оқу, еңбек) іске асады. Ес оқытудың негізгі шарты болып табылады, сонымен катар естің өзі негізінен оқыту және тәрбие үрдісінде дамиды. Бала өмірінің алғашқы айларында есте қалдыру механикалық түрде іске асады. Бұл кезеңде тек қана қозғалыс - ассоциациялық ес байқалады. Ол туралы баланың қозғалысы бойынша түйіндеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |