Тамақ өнімдерінің сынама алудағы титрлеу әдісі және спектрофотометриялық әдіс



бет1/2
Дата25.09.2022
өлшемі0,5 Mb.
#150697
  1   2
Байланысты:
тагамбт

Тамақ өнімдерінің сынама алудағы титрлеу әдісі және спектрофотометриялық әдіс.


Титр - бұл микроағза анықталған зерттеліп жатқан субстраттың
ең аз мөлшері.
Индекс - зерттеліп жатқан субстраттың белгілі бір көлемінде
анықталатын, мысалы 1000 мл суда, 1 г топырақта, 1 г азық-түлік
өнімдерінде ізделіп жатқан микроағза жасушаларының саны.Титрді
индекске және кері есептеуді келесідей жүзеге асырады:
Зерттеудің көлемдік әдістері.
Зерттеудің көлемдік (титрометрлік) әдісі белгілі заппен реакция жүргізу үшін қажетті реагенттің көлемін өлшеуде негізделген сандық әдіс болып табылады.
Титрлеу ден зерттелетін ерітіндіге қанықпасы анық белгілі ерітіндіні біртіндеп қосу процесін айтады. Бұл процестің негізгі, көлемдік әдістің дәлдігін айқындаушы кезеңдерінің бірі болып титрлеудің соңғы нүктесін, яғни эквиваленттік нүктені анықтау табылады. Эквиваленттік нүкте көзбен, ерітіндінің, индикатордың түсінің өзгеруі, тұнба пайда болуы бойынша, немесе құрал қолдану әдістерімен (кондуктометрлік, потенциометрлік титрлеу) аныкталады.
Титрлеу зат көлемін анықтау әдісі ретінде үш түрге бөлінеді:
- тура титрлеу;
- жанама титрлеу,
- кері титрлеу.
Зерттелетін заттың массалық үлесін X (%) жұмыстық
ерітіндінің массалық қанықпасы арқылы мына формула бойынша
анықтаййды:
X = 100 VCM/1000 m
мұндағы:
V - титрлеуге жұмсалған жұмыстық етітіндінің көлемі, см³ ;
C - жұмыстық ерітіндінің мольдік қанықпасы, моль/дм³;
М - зерттелетін заттың мольдік эквиваленттік массасы, г/моль;
m - зерттелетін заттың салмақтамасының массасы, г.
Колориметриялық және спектрофотометриялық әдістердің мынадай түрлері кездеседі:
- колориметрия;
- фотоколориметрия;
- фотометрия;
- спектрофотометрия.
Спектрофотометрия спектрдің көзге көрінетін, ультрафиолет және инфрақызыл облыстарында жүргізілуі мүмкін.
Спектрофотометрия әдісі қан сарысуын, жұлын сұйығын, зәрді, дәрілерді, тағам өнімдерін сандық және сапалық зерттеуде кең қолданылады және ерітінділердің концентрациясы да анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет