2.3 Құс етін сойғанға дейін және сойғаннан кейінгі балау
Сояр алдындағы балау.Ауру құстар селсоқ күйінде, ұйқышыл, тыныс алуы қиындап, жөтел, айдары көкшілденіп, танау қуысымен тұмсығынансұйықтық ағады. Іші өтіп, нәжісте кейде қан аралас шығады. Аяқ, мойын тартылып, сіреспеленіп, осыдан ақсақтыққа ұшырауы, бір не қос қанатының салбырап қалуы кездеседі. Союдан кейінгі балау.Ас қорыту, тыныс алу органдарының кілегейлі қабығында ұсақ дақ не жолақтанып қан құйылғаны көрінеді. Тікішектің кілегейлі бездері мен қабығына, асқазанға, соқыр ішектің тарамдалып, таралатын тұсына ұзыншақ жолақша сияқты не дөңгелене қан құйылғаны көрініп, тоқ ішектің ісініп, фиброз-некрозды ошақтардың домалақ не сопақша күйдегілері болуы кездеседі. Көмей, кеңсірік, ауызда сілекейлі-кілегейлену кездеседі. [4]
2.4 Өнім қалдықтарына санитариялық баға.
Ауруға ұшыраған құстардың өнім қалдықары түгелдей жойылады. Күмәнді құстардың ішкі құрылысы, өнімдері мен денесін-патологиялық өзгерістері болмаса қайнатып, шығарады.Ауруға ұшырады деген күдікті не ауырған құстардың жүні мен қауырсындарын өртеп жібереді. Шаруашылықта ауру құстардың өнімдерін жойып, ал клиника-анатомиялық белгілері жоқ құстардың еті мен ішкі құрылысын қайнатудан кейін шаруашылықтың ішкі қажетіне ұстайды. Құстардың үлкен партиясын сою кезінде, етін жақын орналасқан аудан, облыс, республиканың тамақ өндірістеріне өндірістік өңдеуге не пісірілген күйде қоғамдық тамақтану орындарына жіберуге болады. Шартты сау деп есептелген құстардың жұмыртқаларын шаруашылықта пісіріп алып тамаққа пайдаланады. Жұмыртқаның үлкен партиясын бүріккішпен зарарсыздандырып, тамақ өндірісімен айналысатын кәсіпорындарға ыстық температурада нан. Кондитер өнімдерін шығаруға пайдаланады.Сойыс өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.Ауру шыққан шаруашылықтардағы шартты сау деп есептелген құстарды ветеринариялық-санитариялық қызметтің рұқсатымен, ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып, ет өндіруші кәсіпорындарда союға болады. Құс түгелдей бөлшектенеді. Ауру белгілері бар органдар мен ет бөліктерін, басын, мойнын, кеңірдегімен қоса жоюға жібереді. Ал қалған бөлегін қайнатады. Егер де патолого-анатомиялық өзгерістері болмаса, оларды қайнатудан кейін шұжық консервілер жасауға жібереді. Ауру не шартты сау ұстардың жүн, қауырсындарын 20мин 85-900 С ыстық ауамен не 3 % ыстық формалинмен не 85-950 С ыстық сумен 20мин зарасыздандырады. Ауру шыққан құс үйірінің жұмыртқаларын зарасыздандырып, одан кейін саудаға шығаруға жібереді[5]
Достарыңызбен бөлісу: |