Жоспары: I. Кіріспе II. Негізігі бөлім



бет2/12
Дата04.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#134368
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Шамшидинова Бх 2срс

Бауыр (һepar)-құрсақ қуысының оң жағында, көкет күмбезінің астында төменгі қабырғаларға таяу жататын мүше. Түсі қызғылт қоңыр, консистенциясы жұмсақ. Көп бөлігі оң жақ қабырғалар астында, кішкене бөлігі сол жақ құрсақ астында орналасқан. Бауыр көп қырлы призма тәрізді майда бөлшектерден құралған. Салмағы 1,5кг. Орташа есеппен ересек адам салмағының 2-3% құрайды. Бірақ ол ағзаға түскен оттектің 20-30%сіңіріп алады.Бауыр 300 млрд жасушалардан тұрады, солардың 80% гепатоциттер құрайды.

Бауыр қызметтері:

Бауыр заттардың барлық метаболизміне қатысады. Бауырда белоктар және амин қышқылдары, липидтер, көмірсулар, биологиялық активті заттар (гормондар, биогенді аминдер, витаминдер),микроэлементтер алмасуының күрделі процесстері,су алмасуының реттелуі өтеді.

Бауыр маңызды функцияларды атқарады:

  • Реттеуші-гомеостатикалық;
  • Пластикалық;
  • Қор жинау;
  • Энергетикалық;
  • Қорғаныштық;
  • Секреторлы және экскреторлы;

1.Реттеуші-гомеостатикалық
Бауыр қандағы глюкозаның, ТТЛП-дің, холестериннің, фосфолипидтердің қалыпты мөлшерлерін ұстап тұруға қатысады.
Глюкозаның қалыпты мөлшерін ұстап тұру глюкостатикалық қызметі деп аталады.
2.Энергетикалық қызметі
Бауырда қарқынды түрде жүретін процестер: гликолиз, пентозофосфатты цикл, үш карбон қышқылдар циклі, биологиялық тотығу, БМҚ-ның β- тотығуы, кетон денелерінің және гликогеннің синтезі.
3.Пластикалық қызметі
Бауырда түзілетін заттар:
қан плазмасының белоктары (фибриногеннің 100%, альбуминдердің 95 %, глобулиндердің 85 %, қан ұю және қан ұюға қарсы жүйесінің белоктары, тасымалдаушы белоктар- транскортин, трансферрин, церулоплазмин);
липопротеидтердің апобелоктары;
4.Секреторлы және экскреторлы
  • Бұл бауырдың өт түзу қызметі.
  • Бауырда тәулікте 500-700 мл өт түзіледі.
  • Өттің түзілуі үздіксіз өтеді. Асқорыту жүрмегенде ол өт қапшығында жиналады.
  • Бауырлық және өт қапшығының өттері болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет