Бұл топқа фторотан,энфлуран,изофлуран,наркозға арналған эфир және басқа препараттар жатады.
Анестезиологияда кеңінен тараған препарат фторотан. Фторотан фторы бар алифатикалық қосылыстарға жатады. Жоғары наркотикалық белсенділігімен сипатталады. Наркоз өте қысқа қозу кезеңімен жылдам басталады. Фторотанмен наркозға енгізу 4 көлем % концентрациясында жүргізіледі. Наркозды өолдап тұруға фторофтанның 0,5-2,5 көлем % ингаляциясы жеткілікті. Препаратты тыныс жолдарынан алып тастағаннан кейін науқас 5-10 - мин кейін оянады.