Жоспары Жер қабығы. Литосфера Жер қыртысының үстіңгі бетін өзгертетін ішкі процестер Жер бетін өзгертетін сыртқы күштер Жер бетінің бедері Минералдар. Пайдалы қазбалар Литосфера



бет2/5
Дата18.05.2023
өлшемі29,76 Kb.
#177058
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жоспары Жер абы ы. Литосфера Жер ыртысыны сті гі бетін згер

Опырықтар. Жер қыртысының иілу процесі созылумен қоса қабаттасып келеді, ал кейде бұзылып отырады содан опырықтар пайда болады. Жер қыртысының опырықтарда кеткені тіке жарылған жарықтар бойымен төмен түседі. Бұл кезде горст деп аталатын дөңес жерлер немесе опырылмалы ойыс (грабен) деп аталатын ойлы жерлер түзілуі мүмкін.Жер қыртысы қатпарланып, бітеліп жарықтарға магма топырағы қатып қалған жерлерде опырықтар пайда болған. Сондықтан да ондай жерлерде қатпарлар болмай, жарықтар шыққан.
Жер сілкіну. Жер сілкіну — төменнен және жан-жағынан әрекет еткен сілкіму әсерінен пайда болған жер қыртысының шапшаң қозғалысы. Жер сілкіну төменнен болса, сілкініс болған жердің үстіндегі заттар астан-кестен болады, ал сілкініс қиғаш соққан кезде олар көлденең бағытта жылжиды. Сілкіну онша ұзақ болмайды, бірнеше секундтарға ғана созылады, бірақ олар бірінің артынан бірі бірнеше жылдар бойы жүруі мүмкін. Мәселен, Алматыда 1887 жылы басталған жер сілкіну 3 жылға созылған.Жер сілкіну көбінесе жер қыртысының 15—20 км тереңдігінде, ал кейде оданда тереңіректе болады. Мұның өзі жер қыртысының ауысу массасының қалыңдығына байланысты. Жер сілкіну Жерде тау түзілісі процесінің болып тұратынын дәлелдейді. Ол жердің қыртысын бүлдіріп кетіп отырады.
Вулкандар. Вулканның пішіні әдетте конус тәрізді болады.. Вулкан конусы атқылайтын заттардан вулкан төбесіндегі шұңқыр-кратер арқылы шығарылған лавалардан, сынык, материалдардан, күлден құралған. Вулкандар атқылауының әр алуандығы ең алдымен лава құрамына байланысты болады. Қышқыл лавалар (құрамында кремний тотығы көп болады) тұткыр,олар баяу (сағатына 5 км). қозғалады, ондагы газдардың бөлінуі қиын болғандықтан қопарылыс жасап атқылайды. Heгізгi лавалар сұйық, олар сағатына 20—30 км жылдамдықпен вулканды қиялай қозғалады, ондагы газдар оңай бөлініп шығады.Атқылаудың екі түрі бар — сызатты және орталық. Негізгі лаваның сызатты атқылаулары ылғи тасқындап құйылады, мұндай атқылаулар Ci6ipдe, Yндістанда, Америкада байқалған.Қазіргi уакытта сызатты атқы­лаулар Исландияда болады. Атқылап тұратын вулкандар 600-ге-жуық, сөнгендері — одан әлдекайда көп. Вулканды жерлер жер сілкіну аймақтарына дөп келеді. Мұның өзі бұл құбылыстардың өз ара байланыстылырын дәлелдейді Жер қыртысы қабаттарының сызаттар бойымен жылжуы жер сілкінуімен қабаттасып жүреді, ал сызатты бойлай көтерілген лавадан вулкандардың атк,ылауы пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет