Микроскоптың көргенде шәуеттің құрамындағы спермилер қозғалысы әр түрлі болып келеді. - Микроскоптың көргенде шәуеттің құрамындағы спермилер қозғалысы әр түрлі болып келеді.
- Сапалы, құнды спермилер қалыпты жағдайда алға қарай түзу сызық бойымен үдемелі жылжиды. Сапасыз, әлсіз спермилер айналып жылжып немесе бір орында тербеліп тұра береді. Органикалық қышқылдар әсер еткенде олардың қозғалысы баяулап мүлдем тоқтап қалады. Егер шәуетті жылытса, қозғалыс белсенділігі қайта қалпына келеді.
- Спермилер белсенділігін микроскоппен қарап анықтайды. Ол үшін спермилердің жылжу пайызын анықтап, соған байланысты белсенділік балдарын қояды.
- Егер спермилердің барлығы 100 % түзу сызық бойымен қозғалса оған 10 балл қояды, 90 %- 9 балл, 20 % -2 балл қояды.
Спермилердің сапасын бағалау 20-22° температурада өткізіледі. Спермилердің тыныс алуы олардың қимылдау жылдамдығына және қоршаған ортаның температурасына байланысты болуын ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |