Вирустар тыныс жолдарының эпителийін зақымдайды. Бронх қабатының кедергілік (барьерлік) қасиетін төмендетеді. Балаларда, әсіресе сәбилерде тыныс жолдарының тарылуы, бронх қабатының ісінуі, ішіне секреттердің жиналуы жиі байқалады.
Баланың терісі, еріні, ауыз қуысының шырышты қабаты көгілдірленіп тұрады, тыныс алуы жиілейді, дем алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Көкірек клеткасы кеңейіп, гипоксияға әкеледі. Кейде қатты жөтелгенде тынысы тарылып, демалысы тоқтап қалуы мүмкін.
Диагностика
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез:
1. Дене қызуының жоғарылауы.
2. Талаурау (мұрынның бітелуі, түшкіру).
3. Қан кернеуі жəне мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі.