Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхитпен ауырған адамның қақырығында пневмококк, стрептококк, т.б. микроорганизмдер болады. Бронхит, негізінен, тұмау, көкжөтел, қызылша, т.б. аурулардың салдарынан пайда болады. Ауру көктем мен күзде күшейеді.
Анықтамасы
Бронхит-бронхтың қабынуы. Шырышты қабықтың қабынуымен сипатталатын, қабынудың альвеоладан басқа мұрын қуысынан бастап, тыныс алу жүйесінің төменгі бөлімдеріне дейін тарала алатын тыныс алудың жоғарғы жолдарының жұқпалық ауруыКөп жағдайда респираторлы вирусты инфекцияның асқынуы. Бронхит әдетте вирустан пайда болады, сондықтан оған антибиотиктер беруге болмайды.
Этиологиясы
вирустар, (парагрипп, аденовирус, қызылша, микоплазма вирустары т.б.), кейде бактериялар болуы да мүмкін (жұтқыншақтағы тұрақты инфекция ошақтары, интубациядан болған асқынулар), тыныс жолдарына сырттан бөгде заттар түскенде ( химиялық) дамуы да мүмкін.