- Тыныс алу жиіленуінсіз жөтел;
- Мұрын бітелу;
- Температураның жоғарылауы, қызба;
Пневмония
- Жөтел жəне жиілеген тыныс:
жасы < 2 ай > 60/мин,
жасы 2 – 11 ай > 50/мин,
жас 1 – 5 жас > 40/мин.
- Көкірек клеткасы төменгі бөлігінің ішке тартылуы;
- Қызба;
- Аускультациялық белгілер – əлсіздеген тыныс, ылғалды сырылдар;
- Мұрын қанатының кебуі;
- Уһілеген тыныс (ерте жастағы нəрестелерде).
Стеноздаушы ларинготрахеит
(жалған бітелу)
- Үрмелі жөтел;
- Тыныс жеткіліксіздігі;
- Бəсеңсіген дауыс;
- Егер қызылша салдарынан болса – қызылша белгілері.
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз
Көкжөтел
- Дірілді өзіне тəн ысқырмалы тыныспен, құсумен, цианоз немесе апноэмен қатар жүретін пароксизмальді жөтел;
- Жөтел ұстамалары арасында өзін-өзі жақсы сезіну;
- Қызбаның болмауы;
- Анамнезінде АКДС вакцинасының болмауы.
Обструктивті бронхит
- Анамнезде демікпелік тынысе салқындаумен байланысты;
- Нəрестеде жəне жанұя мүшелерінде демікпенің / экземаның / поллиноздың болмауы;
- Ұзарған тыныс шығару;
- Аускультативті – құрғақ сырылдар, əлсіздеген тыныс (егер анық болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- Бронхолитиктерге жақсы реакция;
- Демікпе кезіндегіден көріністер аз екені айқын.
Емі.
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты:
1. Ауыру клиникасын жою жəне асқынуды алдын алу.
2. Уыттану, бас ауру белгілерін жою, жалпы жағдайды жақсарту, тəбетті жəне дене температурасын қалпына келтіру.
3. Асқынулардың болмауы.
Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Мол жылы сұйықтық ішу.
2. Сəйкес бөлмелік жылуды сақтау.
3. Дене қызуының көтерілу кезеңіне – төсек режимі.
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Құрғақ жөтелді жұмсартуға – қақырық түсіретін дəрі-дəрмектерді тағайындайды (амброксол**). 38,5 градустан жоғары темперетурада бір мəрте –парацетамол* * 10-15 мг/кг.
2. ЖРВИ жəне жіті бронхиті бар балаларға антибиотиктерді тағайындамау керек, ол бактериалды жұқпаны емдеуге нəтиже береді. Жөтел - антибиотикпен негізсіз емдеуде жиі тағайындалатындардың бірі. Жөтелді басатын дəрі-дəрмекті тағайындамау керек.
3. Құрамында атропин, кодеин жəне оның туындылары немесе спирт бар дəрі-дəрмекті тағайындамау керек (баланың денсаулығына қауіпті болуы керек).
4. Мұрынға медициналық тамшыларды қолданбау керек.
5. Құрамында аспирин бар дəрі-дəрмекті қолданбау керек.