Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Антибиотиктердің жіктелуі
1.2. Антибиотиктерді алу тәсілдері
1.3. Антибиотиктердің әсер ету механихмі мен спектрі
1.4. Антибиотиктің иммундық жүйеге әсері
1.5. Антибиотикотерапияның принциптері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Антибиотиктер – қатерлі ісіктердің дамуын және микроорганизмдердің өсуін тежейтін, микроорганизмдерден, жануарлар және өсімдіктер клеткасынан өндірілетін химиотерапевтік заттар мен олардың туындылары.
Бірінші антибиотикті 1929 ж ағылшын бактериологы А.Флеминг ашты. Флеминг көгеру саңырауқұлағы Пенициллиум нотатумды зерттеу кезінде бактериялық культураның өсуіне кедергі жасайтын затты анықтап, оны пенициллин деп атады. 1940 ж Г.Флори және Э.Чейн тазартылған пенициллинді алды. 1945 ж А.Флеминг, Г.Флори және Э.Чейн Нобель лауреаты атағын алды.
Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әртүрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады.
Антибиотиктердің жіктелуі
А.Флеминг алғашқы антибиотикті ашқаннан кейінгі 60 жыл ішінде 6000-ға жуық антибиотиктер алынды, сондықтан қазір ең маңызды мәселелердің бірі осы препараттарды систематизациялау болып табылады. Антибиотиктердің әр түрлі жіктелуі бар, бірақ оның ешқайсысы жалпы қабылданған емес. Антибиотиктердің ең басты жіктелуі, химиялық құрамына байланысты (1 - таб)
Химиялық құрамына байланысты антибиотиктердің жіктелуі.
I В– лактамдар: Пенициллин, цефалоспорин т.б.
II Макролидтер: Эритромицин, слеандомицин т.б.
III Амингликозидтер: Стрептомицин, канамицин, гентамицин, амикацин т.б.
IV Тетрациклиндер: Окситетрациклин, метациклин т.б.
V Полипептидтер: Полимиксин
VI Полиендер: Нистатин, амфотерицин В, фуммагилин, Рифампицин т.б.
VII Қосымша класс: Левомицетин, линкомицин, гризеофульвин т.б.
Алыну көзіне байланысты антибиотиктерді 5 топқа ажыратады:
Саңырауқұлақтардан алынатын антибиотиктер, мысалы: Пенициллиум (пеницил, гризеофульвин), Цефалоспориум (цефалоспорин), Фузидиум (фузидин) және т.б.
Актиномициттерден алынатын антибиотиктер, бұл топқа антибиотиктердің 80% енеді. Антибиотиктердің арасында ең негізгі стрептомицин, эритромицин, левомицетин, нистатин және басқа антибиотиктерді өндіретін стрептомицес өкілдері.
Бактериялардан алынатын антибиотиктер. Бұл мақсатта жиі қолданылатын Бациллиус және Pseudomonos өкілдері. Бұл топқа мысал ретінде полимиксинді айтуға болады.
Жануарлардан алынатын антибиотиктер. Балықтың майынан эктерицидті алады.
Өсімдіктерден алынатын антибиотиктер. Оларға пияздан, сарымсақтан, басқа өсімдіктерден алынатын фитонцидтерді жатқызуға болады. Олар өте тұрақсыз қосылыстар болғандықтан таза күйінде алынбаған. Көртеген микробтардың антимикробтық қасиеті бар. Мысалы, ромашка, шалфей, календула.
Антибиотиктерді алу тәсілдері
Антибиотиктерді алудың 3 тәсілі бар.
Биологиялық синтез
Бұл тәсілмен антибиотиктерді алу үшін, микроорганизмдердің жоғарғы өнімді штаммдарын және оларды өсіретін арнайы қоректік орталарын пайдаланады. Мысалы, бұл тәсілмен пенициллинді алады.
Химиялық синтез
Кейбір антибиотиктердің құрылымын білгеннен кейін, оларды химиялық синтездеу тәсілімен алу мүмкіндігі туды. Мысалы, бұл тәсілмен алынған алғашқы антибиотктердің алғашқысы – левомицетин.
Комбинирленген тәсіл
Бұл тәсіл алдыңғы екі тәсілдің ұштасуы болып табылады. Биологиялық синтез жолыменантибиотиктің ядросые алса (мысалы, пенициллен в-аминопенициллан қышқылын) ал, химиялық синтез жолымен оған әр түрлі радикалдарды қосады. Осы тәсілмен алынған антибиотиктерді жартылай синтетикалық деп атайды. Мысалы: жартылай синтетикалық цефалоспорин, тетрациклин антибиотиктерді кеңінен қолданыс тапқан. Жартылай синтетикалық антибиотиктердің ерекшелігі олардың табиғи антибиотиктерге тұрақты микроорганизмдердің сезімталдылығы болып табылады. Бұл әдіс антибиотиктер өндірісінде кең қолданылады.
Антибиотиктердің әсер ету механихмі мен спектрі
Антибиотиктерді әсер ету микроорганизмдеріне байланысты 5 топқа бөледі. Сонымен бірге ісікке қарсы антибиотиктер де бар. Бұлардың әрқайсысы кең спектрлік және кең емес спектрлік болып 2 топқа ажыратылады.
Антибактериалық антибиотиктер - препараттардың ең көп санды тобы. Оның ішінде бактериялардың барлық өкілдеріне әсер ететін, кең спектрлі әсер етушілер басым. Кең спектрлі әсері бар антибиотиктерге аминогликозидтер, тетрациклиндер және т.б. жатады. Тар спектрлі антибиотиктер бактериялардың тек кейбір өкілдеріне ғана әсер етеді. Мысалы: полимиксин тек грам теріс, ал ванкомицин тек грам оң бактерияларға әсер етеді.
Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер. Құрамына препараттардың аз мөлшері ғана кіреді. Кең спектрлі антибиотикке, мысалы, бластомикоз, аспергиллез кезінде эффективтілік көрсететін амфотерцин В-ны жатқызуға болады. Ал тар спектрлі антибиотикке саңырауқұлақтың Кандида туысына әсер етуші нистатинді айтуға болады.
Антипротозойдтік антибиотиктер – аз санды препараттар. Мысалы, амебиаз кезінде тар спектрлі антибиотик – фумагин пайдаланылады.
Ісікке қарсы антибиотиктер – көп санды препараттар. Олардың цитотоксикалық әсері бар. Олардың көбісі әр түрлі ісіктерде қолданылады, мысалы: рубомицин, митомицин.
Антибиотиктердің антибактериалық әсері бактериялардың өлуіне әкелетін бактерицидтік (мысалы, пенициллиндерде, цефалоспориндерде) және бактериялардың өсуі мен дамуын тежейтін бактериостатикалық (мысалы, тетрациклин, левомецитин) болуы мүмкін. Бактериостатикалық антибиотиктердің дозасын көбейтсе, ол да бактериялардың өлуіне әкеледі. Саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктердің де осыған ұқсас әсері болады: Фунгицидті және Фунгиостатикалық. Көбінесе ауыр ауруларда бактериоцидтік және фунгицидтік антибиотиктерді қолданады. Микроорганизмдерге антибиотиктердің әсері олардың микроб клеткасындағы биохимиялық реакцияларды тежеуімен байланысты. Антибиотиктерді әсер ету механизміне байланысты 4 топқа бөледі:
Клетка қабырғасының синтезін бұзатын антибиотиктер. Бұл топқа мысалы, в-лактамдарды жатқызамыз.
Клетка мембранасының синтезін және молекулалық ұжымын бұзатын антибиотиктер. Мысалы, полимиксин, полиендер.
Белок синтезін бұзатын антибиотиктер. Бұл топтың өкілдері: аминогликозидтер, тетрациклиндер, микролидтар, левомецитин.
РНҚ синтезін тоқтататын антибиотиктер. Бұл топқа мысалы, ісікке қарсы антибиотиктер – актиномициндер (РНҚ синтезін тежейтін) және ДНҚ синтезін тежейтін – рубомицин жатады.
Антибиотиктің иммундық жүйеге әсері
Антибиотиктерді қолдану аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін. Олардың пайда болуы препараттың қасиеттеріне (ең күшті аллергендерге пенициллин және цнфалоспориндер жатады), енгізу әдістеріне және науқастың өзіндік сезгіштігіне тәуелді болады.
Аллергиялық реакцилар 10% жағдайда кездеседі. Бұл жағдайларда бөртпе, қышыма, т.б. пайда болуы мүмкін. өте сирек анафилактикалық шок деген қатты асқыну кездеседі. Бұл аурулардың алдын алу үшін антибиотикке аурудың жеке сезімьалдығын біле отырып белгілеу керек және антибиотикті енгізген соң міндетті, тиянақты түрде бақылап отыру қажет. Аллергиялық реакциялар байқалғанда антибиотиктерді қолдануға болмайды.
Антибиотиктер иммунодепрессивті әсерге ие болады. Антибиотикотерапия кезінде басқа иммундық жауап формаларына негативті әсерлер байқалуы мүмкін. Мысалы, левомецитин антиденелердің түзілуін тежейді. Ақырғы жылдарда мүшелер мен ұлпалар ауыстыру операциялары кезінде олардың бөлінуіне кедергі жасайтын циклоспорин А қолданылады. Бұл препарат саңырауқұлаққа қарсы антибиотик ретінде алынған, бірақ оның Т-жүйеге иммунодепрессивті әсері антимикробтық қасиетінен жоғары болғанлады. Антибиотиктерді енгізгенде немесе бергенде өте мұқият болу керек, себебі антибиотиктер иммундық жүйенің әр түрлі бөліктеріне кері әсер етеді.
Антибиотиктердің иммундық жүйеге әсер етуінен басқа, иммунитеттің пайда болуы кезінде микроорганизмдердің антигендік әсерінің жетіспеушілігінің себебі болуы мүмкін, антибиотиктерді қабылдағаннан кейін микроорганизмдер антигендік функциясын атқармастан өліп кетеді. Осының салдарынан жеткілікті иммунитет пайда болмайды да, ол аурудың созылмалы түрге көшуіне себеп болады. Реинфекция мен рецидивтің пайда болуы байқалады. Осыған ұқсас эффект скарлатина, іш сүзегі және басқа ауруларда байқалады. Осындай асқынуды сақтандыру мақсатында иммунносантибиотикотерапия қолданылады (антибиотктер мен вакциналарды қолдану). Антибиотиктердің әсерінен иммунитет пайда болады.
Антибиотикотерапияның принциптері
Микробиологиялық принцип.
Антибиотиктерді тек аурудың қоздырушы микроорганизмдер болып және оған қарсы эффективті антибиотиктер болған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Дұрыс препаратты таңдап алу үшін, сырқаттан зерттеуге алынған материал алып, қоздырғыштың таза дақылын бөліп алып, оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау керек.
Антибиотиктерге сезімталдылықты немесе антибиотикограмманы сұйытылу және диффузия әдістерімен анықтайды (оларға қағаз дискілер әдісі жатады). Сұйытылу әдістерінің сезімталдылығы жоғарыңқы болады: оның көмегімен микроорганизмдерге антибиотиктердің эффективтілігімен бірге оның қажетті мөлшерін – минимальды басыну концентрациясын анықтайды.
Фармакологиялық принцип.
Антибиотиктерді берерде препараттың дұрыс мөлшерін, дәрінің енгізу аралықтарындағы қажетті интервалдарын, антибиотикотерапияның ұзақтығын, енгізу әрекетін анықтау қажет. Препараттың фармококинетикасын, басқа препараттармен өзара байланысуын білу қажет.
Клиникалық принцип.
Антибиотиктерді берерде сырқаттың жасын, жынысын, иммундық жүйесінің жағдайын, ауыратын ауруын, жүктіліктің болуын ескеру қажет.
Эпидемиологиялық принцип.
Антибиотиктерді таңдап аларда, науқасты қоршаған ортадағы микроорганизмдер қандай антибиотиктерге тұрақты екендігін білу керек. Белгілі бір антибиотиктерге тұрақтылықтың таралуы тұрақты болмайды. Ол антибиотиктің қандай көлемде қолдануына байланысты болады.
Фармацевтикалық принцип.
Препараттың сақтау мезгілімен сақтану жағдайын ескерту керек. Себебі антибиотиктерді дұрыс сақтамау әр түрлі токсинді өнімдердің пайда болуын әкеледі.
Қорытынды
Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік)- микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.
Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әртүрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлаңынан,актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі: синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу, жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Наноструктуры в биомедицине (Электронный ресурс)/ под редак.К.Гонсалвес.,К. Хальберштадт., К.Лоренсин., Л.Наир., пер. С анг. 2-е изд (эл). – М.БИНОМ. Лаборатория знаний. 2013.
Биотехнология: теория и практика/Н.В.Загоскина., Л.В. Назаренко., Е.А.Калашникова ., Е.А.Живухина под ред Н.В.Загоскина., Л.В.Назаренко-М.Оникс 2009.
Щекунов, С.Н. Генетическая инженерия /С.Н.Щелкунов Новосибирск. Сибирское университетское издание 2004. Интернет ресурсы
Molbiol.ru-http/molbiol.ru/
Научно-информационный журнал Биофайл – http//biofile.ru/bio5241.html
Научно-информационный журнал Биофайл – http//biofile.ru/bio5241.html
https://kk.m.wikipedia.org/wiki/
Достарыңызбен бөлісу: |