Дарданелл бұғазын қорғауға арналған 5-ші армияны басқаруға неміс
маршалы Отто Лиман фон Сандерс тағайындалды. Ммұстафа Кемалға сол 5-
ші армияяның құрамына енгізілген 19-шы дивизияны ұйымдастырып, оған
басшылық ету міндеті жүктелді. Ал 1915 жылғы қаңтардың 8-інде Британия
соғыс кезеңі «Галлиполи түбегін зеңбірекпен атқылап, Ыстанбулды қолға
түсіру мақсатымен басып алу» үшін соғыс операциясын бастап жіберді.
Дарданелл бұғазының жағалауындағы қорғаныстарды бұзып-жарып
өтіп Ыстанбулға шабуыл жасау тапсырмасын
Британия соғыс кемелері
орындай алмады. Сол себепті британиялықтар флотының қимылдарына
қолдау болсын деп құрлыққа түсу операциясын бастады. Бұл опеорация 1915
жылы сәуірдің 25-нен 1916-жылғы қаңтардың 9-ына дейін орын алды.
Галлиполиде орналастырылған Мұстафа Кемалдың басшылығындағы
дивизия түбекті ьасып алмақ болған Антанта әскерлерімен бетпе-бет келіп
соқтығысты.
1915 жылғы сәуірдің 15-інде Аустралия және Жаңа Зеландияның
әскерлері АНЗАК қойнауында жағалауға келіп түсіп, ішкеріге басып кіруге
бет алды. Бірақ көп ұзамай олар Мұстафа Кемалдың қолбасшылығындағы
түрік әскерінің қарсы шабуылына ұшырады.
Мұстафа Кемал жау
әскерлеғрімен төбелерде кездесіп, оларды тоқтатып, биіктіктерді қайтадан
қолға түсірді. Оның әскери басшылығының
арқасында АНЗАҚ әскерлері
тоқтатылып, жағалауға түсуде қарастырылған әскери мақсаттар орындалмай
қалды.
Түн түскенге дейін АНЗАҚ әскерлерінің шығыны 2000-ға жетіп, олар
енді теңізге ығыстырылып тасталмай, жағалауда қалу үшін ғана соғыса
бастады. Содан кейінгі екі аптаның ішінде Антанта әскерлері жағалауда
қалып, әскердің үштен бірінен айрылды.
Мустафа Кемал операцияның
бастапқы кезеңіндегі Чунуқ Баир шайқасында қарсылас әскерін тоқтатып
полковник әскери дәрежесін алған болатын. Соның кезінде қолбасшы
Мустафа Кемал қызметтерін көбінесе аалғы шептен 300 метр ғана
қашықтықта атқаратын.
Галлиполи операциясының 10 айында түріктерден қорғанумен болып,
тырп ете алмаған Антанта әскерлері үшін
бұл операция ауыр жеңіліспен
аяқталды. Аман-есен кете алғандарының өзі олар үшін ең зор олжа және
табыс болды. Османлы империясының жағында соғысқан 5-ші армияның
басшысы Отто Лиман фон Сандерс және бірнеше басқа түрік қолбасшылары
зор табысқа жетіп, көзге түсті. Алайда Мустафа Кемал өзінің ерекше үздік
әскери қолбасшы екенін іс жүзінде көрсетіп, зор даңққа бөленді. Шайқастың
кезіндегі ерлігі мен жеңімпаздығы үшін ол өзінің бұрынғы қарсыластарының
да құрметіне ие болды. Австалияның Канберра қаласында өткізілетін АНЗАҚ
әскерлерін еске алу парадында Мустафа Кемал Ататүріктің есімі де зор
құрметпен аталады.
Достарыңызбен бөлісу: