Мұстафа өзінің дүниетанымы бойынша, либералдық экономиканы
жақтайтын, ал жеке адамның кәсіпкерлінгін жоғары бағалады. Бірақ
христиандар Түркияны тастап кеткеннен кейін елге іскер кісілер жетіспей
қалды, бұған қоса соғыстан жадап жүдеген елдің қаржы-капиталы да тым аз
еді. Осындай мүшкіл жағдайда тек жеке
кісілердің кәсіпорындары
республиканың ілгері басуын қамтамасыз ете алмады.
Алайда экономиканы мемлекеттік басқару формасы ретінде, этатизм
Ататүріктің жігерлі ұмтылыстарына жауаптарына жауап бере алмады.
Расында да, жеке меншік сектроы баяу да болса сенімді де, тұрақты дамыды
және өндірілетін ауыл шаруашылық өнімінің бәрі түгелдей жеке кісілердің
иеліігнде болды.
Ататүріктің айрықша тұлғасы оны қайта жаңғыртудың кепіліне
айналдырды, оның ел
арасындағы абырой-беделі, сұлтан мен халифат
жойылғангнан кейін жаңа тәртіптің заңдылығын қамтамасыз етті. Дегенмен,
Ататүріктің жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырғаннан кейін де Түркия
дамыған Еуропа ел-жұртының деңгейіне жете алмады. Бұл табиғи нәрсе
болатын, өйткені, ол Батыс Еуропамен салыстырғанда өз экономикасын
модерлендіруге тым кешеуілдеп кіріскен еді. Батыста «мемлекет-ұлт»
тұрпатындағы жаңа мемлекеттік бірлестіктер
адамдардың тілі мен діні,
мәдениеті бойынша өзара жақындасуының нәтижесінде туған еді. Бұл
жергілікті базарлар бірлесуінен пайда болған жалпы ұлттық базардың
құрылуына қол жеткізді. Сол сияқты аймақтық мәдениеттер ұласуынан келіп,
жалпы ұлттық мәдениет жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: