4. Ататүріктің әскери қызметі Мұстафа Кемал әскери оқу орнын 1905 жылы лейтенант әскери шенімен
тамамдап, Дамаскіде орналасқан 5-армияға жолданды. Ол сонда vatan ve
Hurriyet («Отан және азаттық) деген реформашыл офицерлердің құпия
революциялық қоғамына мүше болып, османлы сұлтаны 2- Абдулхамиттың
автократиялық билігінің қарсыласына айналды.
1907 жылы ол капитан шенін алып, Манастырдағы 3-ші апрмияға
жолдау алды. Осы кезеңде ол Жас жүректер деген атпен де белгілі Бірлік
және прогресс комитетіне кірді. 1908 жылы Жас түріктер 2- Абждулхамит
сұлтанды тақтан тайдырып, билік басына келді. Мұстафа Кемал жоғарғы
әскери басшылардың біріне айналды. БПК-ның жетекшілері жүргізген
саясатқа қарсы бола бастап, кейде тіпті сынға алып та жүрді. Оның үстіне
Мұстафа Кемалдың Енвер пашамен қатынастары да нашарлап кетті.
Ақырында Енвер паша 1913 жылы ең жоғарғы әскери лауазымға ие боолған
соң Мұстафа Кемал биліктен шеттетілді.
1910 жылы Ататүрік Франциядағы Пикардия әскери маневрлеріне қаты
сты.1911 жылы Ыстамбулдағы Соғыс министрлігінде қызмет етті. Сол 1911
жылы ол Траслусгарб уәләятына итальян әскерлеріне қарсылық
ұйымдастыруға жіберілді. Тобрук қаласын табысты қорғағаннан соң ол 1912
жылғы наурыздың алтысында Дернедегі әскердің қолбасшысы болып
тағайындалды.
Мұстафа Кемал Ыстамбулға 1912 жылғы қазан айында, Балқан
соғыстары басталып кеткеннен кейін оралды. Бірінші Балқан соғысында ол
Фракияның жағалауындағы Галлиополи мен Болайырда Бұлғарыстан
әскерімен соғысты. Екінші Балқан соғысының ккезінде Едірне мен
Дидимотейхоны қайтаруда маңызды роль атқарды. 1913 жылы ол Софияға
жіберіліп, сонда әскери аташше болып тағайындалды. Бұның себебі- Енвер
паша Мұстафа Кемалды өзінің бақталасы ретінде қарастырып, оның
Ыстамбулдағы саяси ықпалының күшейіп кетуінен қауіптенген болатын.
1914 жылы наурызда Софияда жүрген кезінде ол подполковник әскери
атағын алды.