Жоспары; Кіріспе Негізгі бөлім



бет4/4
Дата11.03.2023
өлшемі6,89 Mb.
#171871
1   2   3   4
Байланысты:
Айка педиатрия

Ең қауіптісі болып көмекейдің ісінуі табылады. Бұл 20-25% жағдайда кездеседі. Науқаста кенеттен мазасыздық, бетінің бозаруы немесе көгеруі, тыныстың қиындауы дамиды, кейде қан қақыру болады. Ауыз қуысын қараған кезде жұмсақ таңдайдың, тілшіктің және таңдай бадамшаларының ісінуі көрінеді, ларингоскопия кезінде көмекей үсті және көмекейдің шырышты қабатының ісінуі тіркеледі. Осы жағдай 3-5 минуттан 20-30 минутқа дейін созылады және біртіндеп кетеді, ұзағырақ дауыс қарлығуы сақталады. Алайда ісінудің өсуі немесе кеңірдектің шырышты қабатына таралуы болуы мүмкін, осы кезде науқас жағдайы нашарлап асфиксиядан летальды нәтиже қаупі бар.

Асқазан ішек жолының шырышты қабатының ісінуі іштегі күрт ауру сезімімен, құсумен және іш өтуімен жүреді. Терінің және көзге көрінетін шырышты қабаттардың өзгерісінің болмауы дер кезіндегі диагностиканы қиындатады.

Асқазан ішек жолының шырышты қабатының ісінуі іштегі күрт ауру сезімімен, құсумен және іш өтуімен жүреді. Терінің және көзге көрінетін шырышты қабаттардың өзгерісінің болмауы дер кезіндегі диагностиканы қиындатады.

Диагностикасы

Квинке ісінуі диагнозы клиникалық көрінісіне, аллергиялық анамнезіне, аурудың жылдам дамуына, адреналин және антигистаминдік препараттардың жақсы әсеріне, әртүрлі иммунологиялық реакциялар көмегімен арнайы сенсибилизацияны анықтау арқылы негізделеді. Барлық науқастарда ісіктің түсін, көлемін, температурасын, тығыздығын бағалаймыз. Сонымен қатар, лимфаденопатия, спленомегалия, артропатия барма мән береміз, және науқастың көмей мен жұтқыншағын қарап тексереміз. Лабораториялық диагностикада С1 ингибитормен комплимент жүйенің компаненттерінің белсенділігін анықтаймыз.

Қосымша тексеру әдістері

  • Сарысу белоктарын зерттеу;
  • Криоглобулин деңгейін анықтау;
  • Тиреотропты гормон деңгейін анықтау;
  • Тері биопсиясы;
  • Лимфа түйіндерінің биопсиясы;
  • Іш қуысының биопсиясы;
  • Оториноларинголог дәрігерінің кеңесі;
  • Уролог дәрігерінің кеңесі;
  • Кеуде қуысының рентгендік зерттеуі.

Қорытынды;

Қорыта келгенде, Квинке ісінуін басқа аллергиялық реакциялармен салыстыруға болмайды. Бұл жағдай дер кезіндегі диагнозды және жедел көмекті қажет етеді. Профилактикасы қатаң түрде элиминациялық диетаны сақтауға және спецификалық аллергенмен байланысқа түсуінің алдын алуға, созылмалы инфекциялық ошақты емдеуге, антигистаминді препараттарды периодты түрде (әсіресе тозаңға аллергия кезінде өсімдіктердің гүлдеуі кезеңінде) қолдануға негізделеді.

Пайдаланылған әдебиеттер;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет