Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
СӨЖ
Тақырып: Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі
Орындаған: Алданыш Ботагөз ЭҚЖ- 111Ф
Қабылдаған:Сандыбаева Ақмарал
Жоспары:
-
Кіріспе: ҚР-ның Үштұғырлы тіл жағдайы.
-
Негізгі бөлім:
-
Қазақстан Республикасының қазіргі үш тұғырлы тілжағдай, Н.Назарбаевтың мақсаты .
-
Үштұғырлы тіл жағдайының ұтымды жіне ұтымсыз тұстары.
-
Үштұғырлы тіл саясаты- ел жастарының болашаққа бастар жолы.
-
Қазақстанда орыс тілінің қолданысы .
1.Қазақстан Республикасының қазіргі үш тұғырлы тілжағдай, Н.Назарбаевтың мақсаты.
Тiлдердiң үштұғырлығы - үш тiлдi, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн Қазақстан азаматтарының бiрдей меңгеруiн меңзегейді,оның ішінде қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi - жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы мен Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жастарды азаматтыққа, өз отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдеп-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру міндеттері жөнінде нақты айтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |