Активтік қатарда сутегінен кейін тұрған металдар сумен әрекеттеспейді.
Ag + Н2О ≠
4) Осы қатардағы металлдар өзінен кейін тұрған металдарды тұздарынан ығыстыра алады. Fe + CuSО4 → FeSО4 + Cu
CuSО4 + Ag ≠
Металдардың қосылыстарының қасиеттері:
І.Оксидтері: Сілтілік және сілтілік–жер металдардың оксидтері сумен әрекеттесіп негіздер түзеді, ал қалған металдардың оксидтері сумен әрекеттеспейді.
СаО + Н2О → Са(ОН)2
CuО + Н2О ≠
Активтік қатарда сутегіне дейін орналасқан металдардың оксидтері қыздыруға төзімді келеді, активтілігі төмен металдардың оксидтері қыздырғанда айырылады.
Активтік қатарда сутегіне дейін орналасқан металдардың оксидтері қыздыруға төзімді келеді, активтілігі төмен металдардың оксидтері қыздырғанда айырылады.
1.СаО (t°) ≠
2. Ag2О (t°) → 4 Ag + О2↑
ІІ. Гидроксидтері.
1) Металл гидроксидтері - негіздер. Олардың суда еритіндерін сілтілер деп атайды. Сілтілерге І А топша элементтері мен сілтілік – жер металдардың гидроксидтері жатады. Қалған металдардың негіздері суда ерімейді.
2) Қыздыруға қатынасы:
2) Қыздыруға қатынасы:
Сілтілер қыздырғанда айырылмайды, ал ерімейтін негіздер қыздырғанда айырылады:
Cu(ОН)2 (t°)→ CuО + Н2О
Ал мыстан кейінгі металдардың гидроксидтері оттегін бөле айырылады:
AgОН (t°)→4Ag + О2↑ + 2 Н2О
ІІІ. Тұздарының қасиеттері:
а) Суға қатынасы:
Активті металдардың күшті қышқылдармен түзген тұздары гидролизге ұшырамайды (NaCl, Na2SO4, NaNO3), ал осы металдардың әлсіз қышқылдарымен түзген тұздары гидролизденеді, ортасы негіздік болады.
б) Активтілігі төмен металдардың тұздары гидролизге түседі, күшті қышқылдармен түзген тұздарының ортасы қышқылдық, ал әлсіз қышқылдармен түзген тұздардың гидролизденгендігі ортасы не әлсіз қышқылдық, не әлсіз негіздік болады.